Қазақ даласы және Адольф Янушкевич



Дата29.03.2018
өлшемі67,33 Kb.
#39798
Қазақ даласы және Адольф Янушкевич
Алматы, Қазақстан

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

ф.ғ.к., қауым.проф.м.а. Қожекеева Б.Ш.

Филология ғылымдарының кандидаты.,

қауымдастырылған профессор м.а.
ХІХ ғасырдың орта шенінде тағдыр айдауымен қазақ даласында ұзақ мерзімді айдауда болған поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласына сапар туралы жазбалары» мен «Күнделіктер мен хаттар» деп аталатын еңбектері қазақтың салт – дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен мол хабар береді және қазақ даласының айтулы өкілдеріне деген өз пікірін білдіруі өте құнды болып табылады әсіресе Барақ, Құнанбай және ақын қыз Жазық туралы ойлары ерекше қызғылықты баяндалады.

Адольф Янушкевич 1803 жылы Минск губерниясындағы Несвижде туған. Винницы гимназиясын бітірген Адольф он сегіз жасында Вильно университетінің филология факультетіне түседі. Осы жылдарда Адам Мицкевич басқарған студенттердің астыртын ұйымы құрылған болатын. От басында Адольфтың ата – анасы Польшаның тәуелсіздігі туралы көп айтатын. Себебі Полшаның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Тадеуш Костюшконың ерліктері туралы отбасында үнемі айтылып отыратын және Адольфтың анасының Тадеушпен туыстық жақындығы бар еді.

Cтуденттер арасында Адам Мицкевичтің ұйымдастыруымен құпия ұйымы құрылды және олардың орыс декабристерімен байланысы болды. Бұл ұйымның мақсаты сдуденттердің жүрегінде патша үкіметіне қарсы ұлттық-тәуелсіздік отын жағу болды. Адольф осы үйірменің белсенді мүшесі болды және Мицкевичтің еркіндікті аңсаған өлеңдерінің үгітшісі де болды. Атақты ақынға Янушкевичтің де орны бөлек болды, оны Мицкевичтің «Дзяды» поэмасындағы «Варшава салонындағы Адольф» образының прототипі етіп алғандығынан байқауға болады. Ақын Адольф аузына патшалық бұғаудың тұтқынының сөздерін сала отырып, сол кезеңнің ащы шындығын көрсетеді:

Я помню узников рассказы от неволе,

Опишет подвиг свой, геройские дела,

Я думал – о своей и он расскажет доле.

Сынов родной земли, которых погребла

Рука пирана там, в узилицах Сибири,

Где Польши летопись полней, чем в целом мире [1, 85]

Өз отанын жанындай сүйген Адольф Янушкевич ешқандай іркіліссіз қолына қару алып, орыс патшасына қарсы күреске шықты. Поляк көтерілісшілерінің арасында ең табанды «бұзық» санатында бағаланған ол қамауға алынып, соттың үкімімен 1832 жылдың 4 мартында Сібірге жер аударылды. Осы жылы ол Тобылға келіп жетеді. Ол кезде «саяси қылмыскерлер» аталған олардың жұмыс істеуге және қоныс аударуға еркі жоқ болатын. Одан да басқа поляк азаматтары жер аударылып келген болатын және астыртын әрекеттер жасаумен айналысатын. Көп ұзамай Омбыда бұл әрекеттер ашылып қалды да, бұл әрекетке қатыспаған Адольфті де қосып басқа жаққа жер аударды. Есіл уезіне жер ауыстырған Адольф енді шаруашылықпен айналысып, журналдар оқып, көптеген шығармаларды поляк тіліне аударып, естеліктер жазумен айналыса бастады. Янушкевич келгеннен кейін араға үш жыл салып 1835 жылы Есілге романтик-ақын Густав Зелинский және 1836 жылы декабрист-ақын Александр Одаевский жер аударылып келеді. Рухани ойларының бірлігі арқасында бірден тіл табысқан олардың өмірлік ұстанымдары да бір болды. Осы рухани жақындық оларды мәңгі бір болуға шақырғандай да болды. Кітаптарды, журналдарды бірге оқып, пікір айтып, аңға бірге шығып дегендей күндерді бастан кешіп жатты. Арада сегіз жыл өткен соң 1841 жылы Адольф Янушкевич Омбы округтік сотының қызметкері болып орналасады. Одан кейінгі қызметтері төмендегідей болып, Сібір қазақтары шекаралық басқармасы бастығының канцелярист қызметіне, одан кейін «Қырғыз правосы жобасын түзу жөніндегі» комитеттің хатшысы қызметтерін атқарады.

1846 жылы шекаралық бастық генерал Вишневский басқарған экспедицияның құрамына еніп, қазақ даласына санақ жүргізу мақсатында сапарға шығады. Осы сапардан алған әсері мол болады да ендігі жерде күнделіктер жазып отыруға бел байлайды. Осы ойдың негізінде «Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар» еңбегі дүниеге келеді. Арада қаншама жыл өтсе де бұл еңбектің қазақ елінің күнделікті тұрмыс-салтын, тарихын суреттейтін тұстары өзінің құндылығын әлі де жоймай келеді. Бұл еңбекті алғаш рет 1979 жылы қазақшаға аударған Мұқаш Сәрсекеев. (Алматы, Жалын баспасы)

Ол туралы ғалым Ф.Стеклова өз еңбегінде былай деп көрсетеді: «В 1841 году вышло «послабление» : можешь стать солдатом или чиновником. Из двух зол Янушкевич выбрал меньшее – с августа этого года становится канцеляристом Омского окружного суда. Впрочем в суде он пробыл недолго, осенью его переводят на службу в канцелярию начальника Пограничного управления «сибирскими киргизами». работа приносит ему некоторое удовлетворение, он надеется заслужить облегчение своей участи – разрешение вернуться на родину. Здесь он знакомится с казахским языком, ездит в далекие служебные командировки по делам Управления, становится секретарем Комитета «по уложению проекта киргизского права» [2,с 7]

Адольф Янушкевич еңбектерінің қаншалықты құнды және маңызды екенін кітаптан үзінділер келтіре отырып зерделеуге болады. Құнанбайдың ел басқарудағы тәжірибелілігі мен шешендігін туралы: «Құнанбай тек сөйлеу үшін жаратылған машина ғана емес, ол бұрамағанда ғана тоқтайтын сағат дерсің.Төсектен тұрысымен-ақ сөйлей бастайды, содан көзі ұйқыға кеткенше толассыз ақтарыла береді. Сәт сайын ақыл сұрап қонақтар оған келіп жатады.Қос қолын мықынына таянып, екі-үш сөзден кейін ақ шариғаттан үзінді келтіріп ол абызша аңқылдап кетеді. Оның есінде сақтау қабілеті таңқаларлық, үкіметтің барлық жарлықтары мен нұсқауларын кітаптан оқып отырған адамша жатқа айтады» деп көрсетеді [3, 185].

Адольф өзінің жазбаларының ендігі бір парақтарында қазақ халқы туралы және олардың сөзге өте шешен екендігін, қажет деген кезде сөзге тоқтайтын ақылды халық екенін тәнті бола отырып жазады. Үзінді келтірсек: «Мен ойға калдым. Осының бәрін мен дүниежүзі тағы және жабайы санайтын далада көшіп жүретін халықтың ортасында өз құлағыммен тыңдадым ғой! Бұдан бірнеше күн бұрын мен дүрдараз екі ру өкілдері қақтығысуларының куәсі болып, ешқашанда Демосфен мен Цицеронды естіп және білмеген шешендердің сөзіне қол соғуыма тура келді. Ал бүгін менің алдымда, тіпті оқи да, жаза да алмайтын ақындар өнерлерін алдыма жайып салды. Олар өзінің таңқалдырарлық талантымен менің жүрегім мен жаныма көп нәрсені ұялатып, мені тіпті, тәнті етті. Ал бұлар тағы жыртқыштар ма? Бұл халық тек өмір бойы мал бағумен шектеліп, болашақтан мақұрым қалмақ па? Жоқ, олай емес! Бұл имандай шындығым! Мұндай талант иесі өркениеттіліктен әсте тысқары қалмак емес. Оның рухы қазақ даласына да жетіп, жарық шоғын үрлей түсер. Бүгінде жүдеген, қажыған көшпелі халықтың, оған шекесінен қарап отырған елдердің қатарына қосылар күндері де туар [2, 79 ] деп өзінің тілектестігін де білдіре кетеді.

Қазақ халқының суырып салмалық, импровизаторлық өнеріне талайлар тамсанғанын білеміз. Поляк ақынын да осы өнер түрі тамсандырмай қоймады. Оның терең білімнен, асқан дарындылықтан шығатынын пайымдап, таңдай қағады. Осы орайда ақын қыз Жазық туралы: «Біз ғаріп жанның соншама үлкен талантына тағы да таң қалып, тағзым еттік.Оның суырып салып айтқан барлық жырлары ұйқасты. Ана тілін еркін меңгергені көрініп тұр. Ал дауысынан тек әйел затына ғана тән керемет сезімталдық аңғарылады. Мен оны ерекше бір толғаныспен тыңдадым.Әйгілі құдай ананаың әнін тыңдасам да дәл сондай толқуды бастан кешпес те едім...

Қазақ тілін нашар білетіндігіме ашуым келді, ал біздің тілмаштардың поэтикалық асқақ та әдемі жырларды аударуға шамасы жоқ еді» [3, 221]

Сонымен қатар ол Жанақ пен Орынбайдың айтысын тыңдағанын және тіл білмегеннің өзінде үлкен әсерде қалғанын айтады.

Ақын қазақ халқының ел билеудегі саясатын көрсете келіп, оның күрделі тұстарына, өзіндік ерекшеліктеріне аса мән береді: «Орта жүздің Ресейге қосылуына байланысты Азияда хан билігі құрыды. …Бұрын Орта жүзді жалғыз хан билесе, енді оның орнына жеті аға сұлтан билік жүргізеді.

Осыдан бірнеше сағат бұрын ғана мен Аягөз округінің аға сұлтан сайлауының жанды куәсі болдым. Ел билеушілер мен ақ сүйектер ашық аспан астында қаптаған көпшілік ортасында өткен қысқа кеңесінен кейін, аға сұлтандыққа дәл сол ортада,бүкіл халық көзінше кедей, әрі момын Бөленді сайлады. Әлсіз шыбыққа тірек болсын дегендей, кандидат немесе оған орынбасар етіп, өзіне таныс, күшке мығым Барақ сұлтанды сайлады. [3, 71 ]

Әрине, бір кітапқа арқау болған көптеген деректерден тұратын еңбекті шағын ғана мақаланың аясына сыйғызу оңай емес. Аталмыш кітап қазақ бұқарасына Ғабит Зұлқаровтың, Мұқаш Сәрсекеевтің қазақ тіліне және Ф.Стеклованың орыс тіліне аударуы арқасында танымал болды. Адольф Янушкевич осы еңбегі арқылы кейбіреулер «тағы көшпелілер» атаған қазақ халқының ешбір европа елдерінен кем түспейтіндігін дәлелдеп кетті.

Өкінішке орай Адольф Янушкевичтің жазбалары өзінің көзі тірісінде туған өлкесіне табысталмады.. Айдауда бірге болған досы Г.Зелинский інісіне оның хаттары мен күнделіктерін табыс етеді. Ағасын есте қалдыру мақсатымен інісі 1861 жылы «Адольф Янушкевичтің өмірі» деген атпен кітап етіп басып шығарады. Сұранысқа ие болғандықтан екінші кітабын 1875 жылы Берлин қаласынан басып шығарады. Поляк ұлы Адольф Янушкевичтің осы маңызды еңбегінің қазақ халқы үшін тигізер пайдасы ұшан теңіз деп айтсақ қателеспейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Маканов К. «Казахская степь и поляк Янушкевич» Нива. 1998 г. №2.

2. Стеклова Ф. Дневники и письма из путешествия по казахским степям Алма-Ата, «Казахстан», 1966, –268с.



3.Янушкевич Адольф. Қазақ даласына сапар туралы жазбалар. Аударған Ғабит Зұлқаров. Астана: Аударма. 2003. – 264 бет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет