Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш



Pdf көрінісі
бет21/39
Дата22.05.2022
өлшемі1,2 Mb.
#144528
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Байланысты:
bilet 1-30

16билет 
1. Ыбырай Алтынсарин
(шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, 
жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында жəне 
ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында 
дүниеге келген. Əкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би жəне старшын Балқожа Жаңбыршиннің 
қолында тəрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге жəне өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп 
оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде 
шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай 
Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бəрін де сол кітапханада 
өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал 
арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым əрі 
еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп 
армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген 
өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері 
осындай мақсатта туған. " 
2.1
991 жылы Қазақстан тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың 
орталығы бөлігіне көшіру мəселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы 
Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау 
мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен 
ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сəулетшілік тұрғысынан кез келген 
жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала 
елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың 
бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен əкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен 
салыстырғанда едəуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі 
ел Президентінің айқын дəлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын 
мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 
“Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап 
Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола жəне Алматы қалалары болып белгіленді. 
Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін 
Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық жəне жергілікті атқарушы 
органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша 
Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында 
“Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа 
астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік рəміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рəсімі 
өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол 
жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми 
түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты 
Астана
 болып аталды. 
Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. 
2019 жылы наурыздың 20 жұлдызында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр- Сұлтан деп өзгертілді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет