Қазақ халқының аңыз-жырлары



бет2/3
Дата26.04.2024
өлшемі14,04 Mb.
#201452
1   2   3
Байланысты:
Культуралогия
d9hfsjjfdsj.hxd, СӨЖ
ҚЫРЫҚ ҚЫЗ
Қырық Қыз – көне тарихи, табиғи ескерткіш. Ескерткіш Қазығұрт аймағында екеу. Көп замандардан бері табиғаттың өзі жаратқан киелі ескерткіш болып саналады. Көнеден келе жатқан аңыз-әңгімелерге сүйенсек, бұрынғы жаугершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алаңсыз серуендеп жатқан 40 қызды көріп, соңдарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға «Елімді, жерімді жауға таптатқанша, мына жауды да, бізді де тасқа айналдыр!» деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау әскері қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тасмүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5–6 шақырым жердегі сарқырама жардың қасында. «Қырық қыз» деп аталатын екінші тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе беріс жерде – Қазығұрт тауының Шығыс мүйісінің («Орда қонған») оңтүстік-шығысында 4–5 шақырымдай қашықтықта. Етегінде Өгем өз. ағып жатқан Өгем қойнауына түсе беріс жер күрт ылдилап кететін бұралаң жолға айналады. Тас мүсіндер осы мүйістердің бірінде. Аңыз бойынша бұл тасқа айналған қырық қыздың бейнесі. Мұнда да жаугершілік заманы тілге тиек етіледі. Бір ерекшелік – осы тас мүсіндер маңында алшақтау тұрған жеке тас-мүсін бар. Оны жұрт «Күйеу тас» деп атайды. Осыған қарағанда бұл жолы қыздар күйеу жігітті ертіп барып, Қазығұртқа сыйынып келе жатқан болса керек. Олар көз ұшында көрініп тұрған етектегі ауылға жете алмай, тас мүсінге айналған. Ел осы араны қасиетті орынға санап, қастерлеп жүреді.
Қорқыт ата — түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт сөзі «Һорқұт» сөзінен шыққан. «Хор» деген көне түркі тіліндегі «Өр» деген сөз, «Һор» деп те айтылған. Ал, «құт», ол кәдімгі «құт», «береке», «игілік» деген сөз. Демек, Қорқұт сөзі «жоғарыдан келген құт» деген мағынада. Бірақ, қазақ тілінде ол Қорқыт болып, кейін осы атаудан талай аңыз-ертегілер туындаған.
Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әртүрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда, зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.
Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады.
Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Әлкей Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді.
Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
Қорқыт — түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет