Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие



Дата05.09.2023
өлшемі13,95 Kb.
#180276
Байланысты:
Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып
Документация по УПП,ПП, Jalpi hirurgia, Роль Узбекали Джанибекова в возрождении национальной культуры, 114715

Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді.


Ия, өзіміздің ұлттық танымымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып, бойға сіңіру басты міндет. Егер елдің келешегі үшін қам жеп, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай сақтап, жастарымыз жат, шетелдік ұғымда болмасын, рухани құндылықтардан ажырап қалмасын, адамгершіліктен мақұрым тұрмасын десек, онда жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз.


Әрбір ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ұлттық танымы мен мәдениетінің қайталанбас бай, қазыналы тарихы бар. Мәселен, қазақ халқының осындай көл-көсір рухани мұралары ұлттық танымымыздан ажырап, соңғы жылдары мемлекеттік деңгейдегі мәселеге айналып келеді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» атты бөлімінде: «Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаң­ғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғылары­мыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз, танымымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезов­тің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» дей келе, «Жаңа тұрпатты жаңғыру­дың ең басты шарты – сол ұлттық ко­дыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп түйіндеген болатын[1].

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет