Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт



Дата07.02.2022
өлшемі230 Kb.
#82858
Байланысты:
182834

Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:

XV ғасырдың ІІ жартысы

Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:

Қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы

Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:

өзбек-қазақтар

Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:

мықты, берік, алып

«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:

XIV ғасыр

«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:

Таңбалы Нұра

Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:

Алаша хан

Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі:

Өз жерін қорғау үшін

«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым:

Ш.Уәлиханов

Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары:

Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін

XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер:

Түркістан аймағы

Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:

Қазақ

Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр:

Х ғасыр

XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы:

Араб-қыпшақ

««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы:

Б.Е.Көмеков

XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

Еркін, кезбе

IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:

Алаш

Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:

Алаш

ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер:

Шығыс Дешті Қыпшақта

Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:

Рузбихан

XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы:

Фольклор

XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:

Қобыланды батыр

Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым:

Көкке табыну

Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы:

Көк тәңірі

Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған нанымның атауы:

Бойтұмар

Қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы:

Тасаттық

XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан:

Тоғылық-Темір

XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты:

«Кодекс куманикус»

XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:

«Хұсрау мен Шырын»

Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:

«Ер Тарғын»

Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің поэмасы:

«Жүсіп – Зылиха»

Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:

«Сағыныш»

XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты:

«Мухаббатнама»

XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

Шора батыр

XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар:

Өзбек хан, Тоғылық-Темір

Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы:

Ш.Уәлиханов

XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

Асан қайғы

XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:

Жоямерген

Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:

Орақ - Мамай

XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

«Ескендір»

Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздың аты:

«Жошы ханның жортуы»

XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

Кетбұға

XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі:

Мал басынан алынды

ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар:

Еуропа саяхатшылары

Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған:

В.Рубрук

XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған:

Айыр қалпақтар киген

Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы:

Айша бибі кесенесі

XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:

Дәуітбек кесенесі

Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:

Арыстан баб кесенесі



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет