Қазақ хандығы (Қазақ халқының қалыптасуы)



бет1/6
Дата28.11.2023
өлшемі75,43 Kb.
#193977
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
біріккенқазақ


Қазақ хандығы
(Қазақ халқының қалыптасуы)

  1. Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша келбеттері андрондықтарға ұқсас тайпалар: Сақ, сармат, үйсін

  2. Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері осы тайпаға ұқсас: Андрондықтарға

  3. Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті: VI-IX ғғ

  4. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған: Ақ Орда тайпалары

  5. Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш

  6. IX-Х ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш

  7. «Алаш аңызында» айтылатын үш жүздің негізін қалағандар: Үйсін, Болат, Алшын

  8. «Алаша хан» аңызы бойынша: Ұлы жүз Үйсіннен, Орта жүз Болаттан Кіші жүз Алшыннан тараған

  9. Ұлы жүздің ұраны: «Бақтияр», Орта жүздің ұраны: «Ақжол», Кіші жүздің ұраны: «Алдияр»

  10. «Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: Алаша хан»

  11. XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы.

  12. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің сн-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра

  13. Қазақ халқының құрамына енген рулардың таңбалары салынған таңбалы тас табылған мешіт: Қараман ата

  14. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді: Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде

  15. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір: Түркістан мен Қаратау

  16. XV ғ.Түркістан мен Қаратау аралығында мекендеді: Қоңыраттар

  17. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында үйсіндер мекендеді: Жетісуда

  18. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында Тарбағатай, Жетісу, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңын мекендеген тайпа: Керейлер

  19. XV ғасырда Тарбағатай, Ертіс, Зайсан, Обь және Тобыл маңын мекендеген тайпа: Керейлер

  20. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында жалайырлар мекендеген өңір: Қаратау, Сырдария бойы мен Жетісу

  21. XV ғ. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойын мекендеді: дулаттар

  22. Қазақстанда антропологиялық процестердің жаңа өзгеріске ұшырау себебі: Монғолдардың жаулап алуы

  23. Монғол шапқыншылығы Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін кешеуілдетті шамамен: 150-200 жылға

  24. XIII ғасырға дейін «қазақ» атауынын қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар

  25. XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы: Араб-қыпшақ

  26. XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: Еркін, кезбе

  27. «Қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе»деген түсіндірме берілген жазба: «Араб-қыпшақ» сөздігі

  28. Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: мықты, берік, алып

  29. «Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған уақыт: XIV ғасырдан бастап

  30. «Қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған кезең: XV ғасырдың екінші жартысы

  31. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін

  32. XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының … әсер етті: Ұлттық мемлекет болып құрылуына

  33. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне қандай оқиға әсер етті: Қазақ хандығының құрылуы

  34. XV ғ. II жартысында қазақ жерінде орын алған саяси үдерістің нәтижесі: Қазақ хандығының құрылуы

  35. XV ғ .Қазақстандағы этносаяси қауымдастықты өз төңірегіне шоғырландырғандар: Керей мен Жәнібек

  36. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты: Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды

  37. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: Мұхаммед Хайдар Дулати «Та'рих-и-Рашиди»

  38. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері Шу мен Қозыбасы болған: Дулатидің жазуында





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет