Қазақ ЖӘне орыс филологиясы кафедрасы



бет36/103
Дата13.05.2020
өлшемі0,5 Mb.
#67716
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
УМК психолингвистика 2019
Cockney Dialect, Cockney Dialect, УМК психолингвистика 2019
7. Дыбыстық форманы меңгеру

Баланың сөздегі дыбыс тізбегінің жүйелілігін (последовательности) меңгеруі шартты байланыстар жүйесі өндірімінің (выработки) нәтижесі болып табылады. Бала өзін қоршаған адамдар тілінен белгілі бір дыбыстар тіркесін еліктеу арқылы қолданады. Тілді үйрене отырып, бала фонемаларды да меңгеріп отырады. Айталық, [р] фонемасы түрліше дыбысталуы мүмкін (сақауланып айтады (картаво). Бірақ орыс тілінде мұндай өзгешеліктер тілдесуде айтарлықтай маңызды емес, өйткені ол түрлі мағыналы сөздердің немесе түрлі формалы сөздердің жасалуына әкеледі. Бала фонемалардың түрліше дыбысталу варианттарына көңіл аудармайды, бірақ өзінің ана тіліндегі дыбыстардың мәнді белгілерін өте тез қағып алады.



Зерттеулердің нәтижелеріне сүйенсек, баланың фонемаларды дәл айта алу қабілеті (фонематический слух) өте ерте жаста-ақ қалыптасады. Алдымен нәресте өзіне арналған сөздердің дыбыстарын қоршаған ортадағы дыбыстардан (есіктің сықырын, жаңбыр тамшыларының дыбысын, мысықтың миялауын) ажыратуды үйренеді. Бала ересектердің аузынан қағып алып отырғандай қоршаған орта элементтерінің дыбыстық формасын белсенді түрде іздейді. Алайда ересектерден өзіне алғанын өзінше қолданады. Балалар өздерінің қатал ретке келтірілген жүйесін (строго упорядоченную систему) жасап алады деп айтуға әбден болады. Айталық, 1943 жылы американдық зерттеуші Элен Велтен жазып алған баланың сөзді дыбыстауының бірнеше үлгісі бар. Балада қатаң және ұяң дауыссыздарын қарама-қарсы қоюдың басқаша принципі орын алғаны байқалды: сөздің басында тек қана b және d ұяң дыбыстарды, сөз соңында тек қана t және p қатаң дыбыстарды айтады. Демек, бала үшін бұл даму сатысында дауыссыздардың тек қана екі тобы бар. Бұл принцип ересектер тілінде жоқ, алайда бұл принцип ретінде болып қалады.





Ересек сөзі

Бала сөзі







Ересек сөзі

Бала сөзі

(23)

bad

bat




(25)

cat

dat

(24)

сup

dup




(26)

lamp

bap

Заңдылықтың мұндай түрінің өзі баланың тілді игеру процесінде өзіндік аралық тілдік жүйені құрастыратынын (собственную промежуточную языковую систему) көрсетеді. Нәтижесінде ұяңдылық контрастты белгі болып, балаға дауыссыздардың түрлері бойынша өзінің қорын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бала ересектердің мұндай ережесін өзіне қолданысқа ала алмады. Бұл жерде бала айталық, [d] дыбысын айта алмайды емес, айта алады, бірақ оның ойынша ол дыбыстар тек сөздің басында ғана тұрады. Кейін бұл системаға түзетулер енгізеді, бала оны ересектер жүйесіне дейін «жеткізеді».

Фонология жайында айтатын болсақ, балаға қажетті контрасттарды қабылдау үшін дыбысты айта алу міндетті емес. Бұған орыс (27) және ағылшын (28) тілдерінде лингвисттің баламен болған диалогы мысал бола алады:




(27)

- Қызым, сенің атың кім?

- Малина.

- Малина?

- Жоқ, Малина.

- Малина деп айтып тұрмын ғой!

- Малина, Малина!

- Мүмкін, сенің атың Марина шығар?

- Иә, Малина!

(28)

Recentlya three year old child told me her name was Litha. I answered «Litha?»

- No, Litha.

- Oh, Lisa.

- Yes, Litha.

Бала [л] және [р] және [ѳ] және [z] дыбыстарын ажырата алатыныны анық. Ол өзінің дыбыстауының ересектегі имитациясын қабылдамайды, алайда өзі бұл өзгешелікті айта да алмайды.

Сонымен, бала алдымен белгінің таза сыртқы құрылымын игереді, соңынан ол -белгілерге сүйену (оперирования) процесінде баланың оны дұрыс функциональды қолдануына алып келеді. Негізі, қалыптасқан артикуляциялық аппарат жөнінде бала алты жасқа келгенде ғана тұтас айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет