Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық



бет2/4
Дата07.11.2022
өлшемі0,83 Mb.
#156747
1   2   3   4
Байланысты:
боөж
3-нұсқа пиза, Fizika-boyynsha-o uly tardy -tizimi, 99 көркемесім, 2 5258119497448948857
2) Оқытудың жаңа әдістері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін білім берудің бірнеше әдістерінің ішінен сындарлы оқытуды таңдауымыз керек. Ол үшін орта білім беру жүйесінде бұрынғы дәстүрлі сабақтан дәстүрлі емес сабаққа көшу жүзеге асырылу қажет. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде сақталған мәліметтердің мән – мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Ал, дәстүрлі емес сабақтың құрылымының ерекшелігі – мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойлай отырып дамитындығы дәлелденіп отыр. Мұндай сабақ түрлері тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, оларды ізденуге, өз бетімен жұмыстануға үйретеді. Тек қана осындай сабақтарды ұйымдастырудың өзі оқушылардың ғылымды меңгеріп түсінуіне, ғылым мен адамзат арасындағы байланысты көре, түсіне білуге үйретеді. Дәстүрлі емес сабақтарда жаңа технологиялар элементтерін пайдалану барысында саналы түрде тез ойлау, нақты тұжырымдама жасауға үйрену сияқты қабілеттері дамиды, оқушылар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Ал, осындай сындарлы оқыту үрдісінде оқушыларына нақты білім беруді мақсат еткен мұғалім алдында отырған әр оқушыны жеке зерттей білулері керек. Яғни, әр оқушының идеясы мен біліктілігін дамытуға оң ықпал ететін әдіс-тәсілдерді қолдануға міндетті. Сонымен қатар оқушылардың білім алуына, оқуына барлық мүмкіндіктерді тудырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әр түрлі құралдармен толық қамти білулері керек. Оқушыларға осындай мүмкіндіктер жасалғанда ғана олар өз беттерімен оқуға, ізденуге талпынады. Мұғалім өз тарапынан тек мүмкіндіктер жасап қана қоймай, олардың тақырыпты меңгерудегі түсінігін, әр түрлі ізденістерін бағалауды да өзінің бірден-бір міндетіне алуы керек. Оқушы білімін бағалау кезінде мұғалім оқушыларына жақын отырып, шыншыл, әділ, батыл, мейірімді болуы керек. Осындай құндылықтарды өз бойына сіңірген мұғалім оқушылардың бойына да осы қасиетін бере алады.
Бағалау – оқу үдерісінің маңызды бөлігі. Мұғалім өз іс – тәжірибесіне оқушыларының өз білімдерін және өзге достарының білімдерін бағалауды оқыту үрдісіне енгізу керек. Оқушының оқу жетістігін әділ бағалау – білім беру саласындағы басты өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бұл тақырып бір қарағанда бұрыннан белгілі, бәріне түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, көптеген мұғалімдер көп жағдайда өздері байқамай оқушыны формальды бағалай салады.
«Сыныптағы бағалау тек қана механикалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» деп 2001 жылы Александер атап көрсетпекші, оқушы еңбегін бағалауда оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет.
Бұл оқу сапасын жақсарта алады. Оқу сапасының қорытындысын бағалау арқылы анықтауға болады. «Бағалау» - деген сөз «қатар отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққаны жай емес, себебі бағалаудың негізгі сипаттамасы адам нені айтатынын немесе басқа адам нені істейтінін жақын қадағалау, не өзін-өзі бағалау жағдайында – өз білімі, түсінуі мен тәртібі туралы ойлау болып табылады. Бұны бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша барлық мұғалімдер білгенімен, бағалауды тек мұғалім ғана жүзеге асырады деп есептеді. Енді мұғалім ғана емес, оқушы да бағалау үрдісіне белсене қатыса алатындығын, сол арқылы өз оқуын жақсарта алатындығын ескерген дұрыс.
Аталған бағдарламада бойынша бағалау екі түрде жүзеге асырылады: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Оқуды бағалау жиынтық(суммативті)бағалау деп, ал оқу үшін бағалау қалыптастырушы(формативті) бағалау деп аталады. Суммативті бағалау -мектептің мәртебесіне, оқушының не мұғалімнің болашағына ықпал ететіндей шешім қабылдауға болатын кезеңдік бағалау. Бұл тоқсан аяғында немесе белгілі бір кезеңде жүзеге асырылады. Есеп беру үшін де өткізіледі. Формативті бағалаудың оқушыны зерттеуде маңызы зор. Себебі оқушының және оның білімінің қандай сатыда тұғанын, даму бағытын осы арқылы анықтай аламыз. Бұл қол шапалақтау, стикерлермен бағалау, мадақтау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы орындалады. Қолданыстағы бағалаудың әділдігі, объективтілігі оқушының өз бетімен білім алуына, өзін дамытуына сенімін арттырады. Яғни сабақта оқушы белсенділігі артады, сыни тұрғыда ойлай алады, өзіндік дамуын бақылайды, өзін өзгелермен салыстыру арқылы өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады. Тoппен жұмыс іcтеу кезінде cыныптаcтарын бaғалау және өзін-өзі бaғaлау арқылы балaлaр бір-бірінің жұмыcтарына немecе өз жұмыcына жай бaға қoюдан бұның біршамa өзгешелігін түcінеді. Оқыту үдеріcін жақcарту үшін бұл әрeкeт балалaрды өз жұмыcтарының cапасына қатыcтыруы және oны қалай жақcартуды ұғынуынa көмeктеcуі тиіс. Сыныптacтарын бaғaлау балaлaрғa бір-бірінe құнды кeрі байлaныc ұcынуға мүмкіндік бeреді. Оcылaйша, олaр бір-бірінен үйрeнеді және бірін-бірі қoлдайды. Бұл oқыту үдеріcінде қарым-қатынаc жасaу, тaлқылaу, түcіндіру және бір-бірін тaртыcқа шақыру мүмкіндігі бaлаларға дербеc оқу шегінeн шығaтын әрeкетке қoл жеткізуге ықпал етеді. Сыныптаcтарын бағалaу өзін-өзі бағaлау қабілeтін дaмытуға көмектеcетінін, ол балaлaрға өз прогреcі үшін үлкeн жауaпкeршілік алуғa көмектеcе отырып, тәуeлcіз oқуға ықпал етeді деген тұжырымғa келді.
Жұмысқа баға қоюмен ғана шектеліп қалмайтын оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандырудың көптеген тәсілдері бар. Өзін-өзі бағалау стратегияларының жалпы сипаты – белгілі бір критерийлердің болуында. Бұл – орындалған жұмысқа қатысты сабақ жетістігінің критерийлерінің қолданылуы. Оқушылар өздерінің сұрақтарын әзірлеп, оларға берілген жауаптарды бағалау барысында бағалаудың нақты критерийлерін негіз ретінде пайдалана алады. Зерттеулер өзін-өзі бағалау және өзара бағалау нақты критерийлерді қажет ететіндігін көрсетеді. Олар:
- не тексерілуге тиіс екенін түсіну;
- оқушыларға өзінің жұмыстарын қайта қарауға мүмкіндік беру;
-оқушыларға өздерінің жеке мақсаттарын анықтауға және өз жұмыстарын жақсарту үшін не істеу керектігін анықтауға көмектесу үшін керек.
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, бағалау критерийлері арқылы бағалаудың маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмыстарының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндіктерін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді. Оқушылардың тапсырманы табысты орындағандарына көз жеткізу үшін бағалау критерийлері кестесін пайдаланған дұрыс.
Өзара бағалауды қолдану ол мұғалім журналға баға қоймайды деген сөз емес, әрине, мұғалім оқушылар орындайтын жұмысты қарап, оған түсініктеме беріп отырады. Бірақ кей жағдайларда оқушылар өзара бағалауды мұғалім жұмысты тексергенге дейін өткізе алады, ал кейбір жағдайларда өзара бағалауды мұғалімнің баға қоюының орнына қолдануға болады. Мақсат мұғалімнің орнын алмастыруда емес, оқушыларға жақсы нәтижелерге қалай қол жеткізуге болатынын түсінуге көмектесуде екендігінде.
Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, жұмыстың белгілі-бір бөлігін мұғалімнің бағалауына дейін өзара бағалау болады немесе кей кездері мұғалімнің тексеруінің орнына өзара бағалауды қолдануға болады. Дегенмен де, бұл үдерістің мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту жолдарын тануға көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында шығармашылық жұмыс, диктант, тест, мазмұндама, мәтінмен жұмыстарды бағалауда да алдын-ала жетістік критерийлерін құру орынды. Айталық, мазмұндама не шығарма жұмыстары - оқушының тіл мен әдебиеттен алған білімдерін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндаманың, шығарманың мазмұнына төмендегідей критерийлерге сүйеніп баға қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет