Қазақ поэзиясының құлагері


Ілияс Жансүгіровтің отбасы немесе ұл-қызының естелігі



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі29,43 Kb.
#89782
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ поэзиясының құлагері
1 Дәріс. ҚТОӘ ғылымының зерттеу нысаны мен пәні , бухгалтерия есеп 1, 22-23 2-1 Адам анатомиясы Өтесінов Ж.Ө Б-22-2-2
Ілияс Жансүгіровтің отбасы немесе ұл-қызының естелігі
Суреткер ақын төрт рет шаңырақ көтерген. Бірінші әйелі – Жәмила. Жергілікті байдың қызын Ілиясқа әкесі айттырыпты. Алайда екі жастың отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады. Бұл некеден бала жоқ.
Белтоған ауыл мектебінде сабақ беріп жүрген кезінде, екінші жары Аманшаны кездестіреді. Ілияс Мәскеуге оқуға аттанғанда, Аманша жүкті болған. Бірақ, әйелдің денсаулығы сыр беріп, толғақ кезінде дүние салған. Суыт хабар ақынға жетпеген. Кезекті бір оқу демалысында Ілияс сыйлығын алып, ауылына жол тартады. Жолшыбай Алматыдағы жолдастарымен жолыққан. Сол жерде достары оған Аманшаның дүние салғанын естіртеді. Жан жарының қазасы ақынға ауыр тиген.
Аманшадан кейін Ілияс Жансүгіров Фатима Төребаевамен танысады. Фатима Ілиястан он сегіз жас кіші болған деседі. 1930 жылы 21 ақпанда ақынның тұңғыш ұлы Саят дүние есігін ашты. Одан кейін Сайра есімді қыз өмірге келді. Алайда сәби көп ұзамай шетінеп кетті.
"Әкем Ілияс зор тұлғалы, балуан денелі кісі болатын. Отбасында кішігірім отырыстар болып, қонақтар келгенде әкем жанға жайлы қоңыр даусымен домбыра тартып, ән салатын. Алматы қаласындағы Төлебаев көшесінің бойында орналасқан шағын үйде әкем Ілияс Жансүгіров, анамыз Фатима Төребаева, қарындасым Сайра төртеуміз және атамыз Жансүгір бәріміз бірге тұрғанбыз", - деп еске алған еді Саят Жансүгіров сұқбаттарының бірінде.
Алайда көп ұзамай, ерлі-зайыптының шаңырағы шайқалып, 1932 жылы Ілияс пен Фатима ажырасып кетеді.
Ақын төртінші рет қоғам қайраткері Біләл Сүлеевтің бұрынғы әйелі Фатима Ғабитовамен отау құрады. Ілияс Фатимаға бұрыннан ғашық болыпты. Жансүгіров Біләл Сүлеевтің балаларын асырап, оларды сүйіп тәрбиелеген. 1933 жылы Ілияс пен Фатиманың қызы Үміт Жансүгірова дүниеге келді. 1935 жылы Ильфа Жансүгірова, ал 1937 жылдың 16 қарашасында Болат Ілиясұлы Ғабитов туған. Фатима Ғабитова мен Ілияс Жансүгіров бес-ақ жыл отасты. 
"22 жасыма толғанша, әкемнің кім екенін білмедім. Анамыз Фатима Ғабитова әкемізді сұрасақ, "журналист болып істеді, сосын қамауға алынды, атылып кетті" дейді. Одан басқа әкеміз туралы ешнәрсе білмедік. Не кітаптарын, не жазған өлеңдерін де оқымадық. Ол уақытта қиын заман еді. Әкеміз туралы біреуге бір нәрсе айтып қалсақ, онда өзімізді түрмеге қамайтын заман еді", - деп еске алған еді қаламгердің қызы Ильфа Ілиясқызы.
1938 жылы ақын "халық жауы" деген желеумен атылып кеткеннен кейін, қолында бес баласы бар әйелге Мұхтар Әуезов қамқор болады. Уақыт өте екеуінің арасында махаббат пайда болады. Ал 1943 жылы Мұхтар мен Фатиманың ұлы Мұрат дүниеге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет