Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет62/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
каз тили нуралы
география нуралы жанасы, Математика Контекст сұрақтар (1)
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар

51. Сын-қимыл үстеу

А) Келе сала, лезде

В) Таң сәріде

C) Ақырын, жорта

D) Осылай, бірге

E) Бірден, сөйтіп

F) Былтыр, әлгінде 

G) Қыстыгүні, тысқары 

52. Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып сөйлемдер бөлінеді

А) бастауыш-баяндауыштық қатысына қарай

В) айтылу мақсатына қарай

C) астарлы мағынасына қарай

D) жазылу ерекшелігіне қарай

E) құрылымына қарай

F) коммуникативтік қызметіне қарай 

53. Жайылма сөйлем

А) Өзімізде жүргелі отырмыз

B) Жой, жіберме, соқ

C) Ел ұғынып отыр.

D) Өлгем жоқ. Жасымаңдар

Е) Дәркембай Шүйгінсуда жатақ боп қалған кедейлер жайын да айтты

F) Шодыр мен Абылғазы қуды 

54. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

А) Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар.

В) Ән басталып кетті, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқ-ты

C) Ағаңның да сенің алдыңнан шығатын ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.

D) Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

E) Баршагүлге салем беріп едім,- ол қырын қарап кетті.

F) Сексеуілдерге үйілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық еш нарсе жоқ.

G) Не қазан-ошаққа араласа алмайды, не серуенге шығар серік таппай селтиіп жалғыз жүреді.

H) Хатты біресе кеудесіне қысады да, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады. 

55. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлем

A) Бұл кісі кім аға, - деді таңданған Майра

В) -Бұл кісі кім аға, - деді таңданған Майра

С) Бұл кісі кім, аға, - деді таңданған Майра

D) -Бұл кісі кім, аға? - деді таңданған Майра.

E) Бұл кісі кім, аға? – деді, таңданған Майра

F) -Бұл кісі кім ,аға, - деді таңданған, Майра

56. Абайдың Лермонтовтан аударған шығармасы

А) «Теректің сыйы»

В) «Шегіртке мен құмырсқа»

С) «Қарға мен түлкі»

D) «Е. Онегин»

E) «Есек пен бұлбұл»

F) «Піл мен канден» 

57. Әнші-ақындар тобына жататын талантты жандардың өзіндік ерекшелігі

A) тек әннің сазын шығарған

В) әншілікке қоса спорт өнерін меңгерген

С) күйшілік пен ақындықты қоса меңгерген

D) тек әншілікпен айналысқан.

E) тек өзі айтатын өлең шығарған

F) сөзін, әнін шығарып, сол әнді өзі орындаған 

58. A. Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал- өлеңінен шығатын қорытынды 

А) мақтаншақтық

В) кішіпейілділік

C) тәкаппарлық

D) бірлік, ынтымақ

E) ағартушылық

F) надандық 

59. Ақан серінің сүйіспеншілікке, ынтызарлыкқа толы өлеңі

A) Толықсыған жарқын жүз толған айдай, 

Сұлу қызды көргем жоқ, сірә, мұндай.

Ғашықпын, қалқам, 

Сырымды айтам Ақсаусақ.

В) Әйелді сыйлау керек ескеріп біз, 

Оларға айту керек орынды сөз.

Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң,

Алып кете жаздайды қиғаштап көз.

C) Сырымбет – биік адыр, қатар кезе 

Жарысып таудан құлап аққан өзен.

Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны, 

Көк орай, қайың мен тал – бәрі әсем.

D) Бір жұлдыз бар әуеде шыр айналған, 

Толқын соғып дария, құрбым-ау, лайланған.

Ақтоты сен болмасаң айналайын, 

Қадір білмес жаманға, құрбым-а, кім айналған.

E) Бір мінез, әрі дана, дарқан лебіз 

Айнымас темірқазық уәдесі.

Қолға алса, күллі жанды раушан еткен, 

Дүниенің мысалы абзал, гауһар тасы

F) Үш жүзге атым мәлім Ақан сері 

Келгенім Мақпал қыздың туған жері.

Алыстан ат сабылтып келдім іздеп,

Бір көріп қайтайын деп, Мақпал, сені... 

60. «Абай жолы» эпопеясынды әйел-аналар бейнесі туралы айтылған пікірлер

А) «Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алды дессек, аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын. Бұл, менің ойымша, ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» Л. Арагон

В) «Мен қазақ халқының сүйікті қыздары Тоғжан, Әйгеріммен, ілгі ер жүрек достарыммен танысқандай болдым. Шынында қазақ халқы дегеніміз нендей керемет еді. Ол туралы «Абай» романында қандай керемет жазылған!» Б.Матип

C) «Эпопеяның сан-алуан образдар галареясында әйел атаулының жарастықты, жарқын бейнесі айрықша орын алады. Акылгөй де адал Зере, абзал ана Ұлжан, жас ару Тоғжан, жезтаңдай әнші Әйгерім, парасатты Салтанат – бәрі-бәрі де Абайдың рухани дүниесін байыта береді» М.Қаратаев

D) «Қазақ халқының өткенін зерттегісі келетін ғалымның бірді-бірі бұл кітапты жинап өте алмайды... Құс салып саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді суреттейтін тараулар даланың заң-жобаларынан мағлұматтар жинайды» Қ.Сәтбаев 

E) «Ұлт туралы толық та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді. М.Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырды, мен енді ғана хош иісті самал ескен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ боп кеткен тәріздімін.» К.Федин

F) «Меніңше, өз кезінде орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азия халықтарының рухани өмірінің қалыптасуына Әуезов те сондай әсер етті.» Ш.Айтматов

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет