Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы жаңа инновациялық технологиялардың маңыздылығы с.Қ. Хасанова



Pdf көрінісі
Дата17.05.2020
өлшемі154,54 Kb.
#69237
түріСабақ
Байланысты:
Хасанова
Zanyatie 4 Rak legkikh Kamyshev E, 1513622105, Емтихан сұрақтары (3), О ыту т рі к ндізгі, 06.02 сын.сағ., АкушГине 220без ответа), Ағаш морфологиясы., Стандартизация ЛС природного происхождения методичка 3 курс тема 9 каз


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

С.Қ.Хасанова  



БҚО, Казталов ауданы 

 

Қазіргі кезде егемен  елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне 



енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістеге байланысты болып отыр.Себебі, білім 

беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша білім беруде тың 

талпыныстар  пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 

инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі манызды мәселелердің бірі. 

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-

ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты 

міндеті  болып  отыр.Ол  бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  «жаңару  жолы»  оқытушының 

қажымас  ізденімпаздығы  мен  шығармашылық  жемісімен  келетіні  сөзсіз.  Сондықтан  да  әрбір 

оқушының  қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденпаздыққа,  шығармашылыққа 

тәрбиелеуді  жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс 

жасалуда.  Осыған  орай  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  жаңа 

педогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 

Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  -  оқытудың 

тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  өздерінің  

менгеруі  болып  отыр.Қай  пән  мұғалімі  болса  да  сандық  сауаттылық  талап  етіледі.  Қазіргі  таңда 

оқытушылар  инновациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ  барысында  пайдалана  отырып, 

сабақтың сапалы өтуіне ықпалын тигізуде. 

«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар  берген. 

Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып 

табылатын идея». Майлс: «Инновация - арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге 

асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. 

Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама  берген  ғалым  Немеребай 

Нұрахметов.  Ол  «Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп  отырғанымыз  -  білім  беру  мекемелерінің 

жаналықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  таратуға  байланысты  бір  бөлек  қызметі  деген 

анықтаманы  ұсынады.Н.Нұрахметов  «Инновация»  білімінің  мазмұнында,  әдістемеде,  технологияда, 

оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің 

жіктемесінде инновацияны, қайта жанарту кеңістігін бірнеше түрге бөлінеді: жеке түрі (жеке-дара, бір-

бірімен  байланыспаған);  модульдік  түрі  (жеке-дара  кешені,  бір-бірімен  байланысқан);  жүйелі 

түрі(мектепті  толық  қамтитын).Міне  біздің  қазақ  мектептерінде  осы  оқытудың  жуйелі  түрі  кең 

ауқымда  республикамыздың  барлық  өңірінде  көрініс  тауып  келеді.  Осыған  дәлел,  республика 

көлемінде 

Кембридждік әріптестеріміздің жаңа үлгідегі сындарлы оқыту идеясы куә бола алады. Сонымен 

қатар «Сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту» технологиясы жақсы жемістерін беруде. 

Оқу  тәрбие  үрдісінде  оқытудың  инновациялық  әдіс  тәсілдерін  қолданудың  мынадай 

ерекшеліктерін  атап  көрсетуге  болады:  дербес  оқыту  технологиясы  оқу  тәрбие  үрдісінде  ғылымның 

негіздерін  игерту  үшін  ізгілік  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыра  отырып,  жеке  тұлғаның 

әлеуметтік - психологиялық жауапкершілігін арттырады. Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру 

негізінде  меңгеруі  оқытушы  білмейтін  шығармашылық  ізденіс  негізінде  өмірге  келген  жаңа  қабілет 

саралап, деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-

әрекет жасау негізінде, адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. 

Ақпараттық  бағдарламалап  оқыту  -  оқытудың  мазмұнын  пәнаралық  байланыс  тұрғысынан 

ұйымдастыру,  иллюстрациялы  түсіндірмелі  оқытуда  адам  қоғам  табиғат  үйлесімдік  бағыттағы 

дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады. 

Ізгілендіру технологиясында - педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды 

тәжірибеде «бала-субъект», «бала- объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның 

тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.  

Ал  жалпы  инновацияны  -  модификациялық,  комбинаторлық,  радикалдық  деп  үш  түрге  бөлуге 

болады, Модификациялық инновация бұл бұрын қолда дамытумен түрін өзгертумен айналысу. Бұған 

В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы 

мысал  бола  алады.  Комбинаторлық  модификация  бұрын  пайдаланылмаған  белгілі  әдістеме 

элементтерін  жаңаша  құрастыру.  Бұған  пәндерді  оқытудың  қазіргі  кездегі  әдістемесі  дәлел. 

Радикалдық инновация білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім 

беруде  негізінен  мөлшерлерді  параметрлерді  деңгейлік  жаңа  сапалы  оқытудың  көрсеткіштерін 



қалыптастырады.  Қазір  республика  оқу  орындары  ұсынып  отырған  көп  нұсқалыққа  байланысты 

өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім 

берудің  әртүрлі  нұсқадағы  мазмұны  құрылымы  ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар 

жаңа технологиялар бар. 

Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке 

дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. 

Жоғарыда  атап  өткендей,  қазіргі  уақытта  қолданылып  отырған  жаңа  технологиялардың  бірі– 

оқушылардың оқу мен жазуда сыни ойлауы және қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. 

Осы  әдістеме  бойынша  оқушыларға  қазақ  әдебиетінен  тиянақты  сабақ  беруде  өз  тәжірибемде 

қолданамын. 

Мен осы мақаламда «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының басты ерекшеліктері 

мен  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарындағы  қолданылу  тиімділігін  айтқым  келеді.  Дәстүрлі  сабақтар 

үрдісінде  мұғалімнің  әдістері  тақырыпты  өзі  түсіндіреді,  кейіпкерлер  туралы  немесе  қазақ  тілі 

бойынша ережелерді мұғалім өзі түсіндірумен шектеледі, үй тапсырмасын оқушы көбінесе мұғалімнің 

түсіндіргенімен  байланыстырып  айтады,  өмірмен  байланыс  болмайды,  оқушы  өз  ойын  айтқанымен 

шектеу болады деп ойлаймын. 

Жаңа  технологиялар  бойынша  өткізілген  сабақтар  үрдісіндегі  өзгерістер  және  нәтижесіне 

тоқталсақ:  мұғалімнің  іс-әрекеті  –  оқушыларды    топқа  бөліп,  ой  қозғайды  тақырыпқа  қызықтырып 

бағыттаушы рөл атқарады, шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау арқылы тақырыпты оқушылар 

өздері  зерттейді,  өздерін  кейіпкердің  орнына  қойып  қарайды,  салыстырады,  ойларын  ортаға  салады, 

жазады,  қорытынды  жасауға  мұғалім  оқушыны  бағыттайды,  оқушылар  топтарда  жұмыс  жасайды, 

мәтінмен  өздері  танысады,  әр  түрлі  әдістер  арқылы  шығармадағы  жеке  кейіпкерлерді  талдайды,  өз 

ойларын ашық  қағаз бетіне түсіреді және әр оқушы өз пікірін білдіреді. Өз біліміне сүйеніп, мәселенің 

шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни « оқушының менін» толық қалыптастыруға болады.  

6  -  сыныпта  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясынан  «Біржан  сал  Абай  ауылында» 

тақырыбын қорытындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары мен элементтері 

білім  нәтижесі  мен  осы  қолданып  отырған  жаңа  технологиялардың  сапасының  нәтижелілігін 

айқындады.  Оқушылар  сабақта  түгел  қамтылды.  Стратегия  арқылы  мәтінге  толық  талдау  жүргізілді. 

Оқушылардың  білімінің  деңгейі,  әрекет  түрлері,  ақпаратты  толық  тануы  басты  назарда  болды. 

Оқушылар  мәтінді  түсінді,  әрі  өз  сөзімен  жеткізді.  Мәтінге  талдау  жасады.  Синтез  әдісі  арқылы  / 

жинақтау  /  оқушылар  көрініс  арқылы  шығарманы  жинақтады.  Осы  сабақ  кезінде  көп  нәрселер 

қамтылды.  Оқушылардың  шығармашылық  деңгейі  қалыптасты.  Әсіресе  бұрын  көп  пікір  білдіре 

бермейтін  немесе  сабақта  орташа  белсенділік  танытатын  оқушылар  ашылды  деуге  әбден  болады. 

«Эссе», « Сауалнама - интервью» стратегияларының жаңа тақырыпты меңгертуге үлкен пайдасы бар. 

«Сауалнама  -  интервью»  стратегиясы  арқылы  өтілген  тақырыпқа  анализ  жасау,  салыстыру,  зерттеу 

жұмыстары  барысында  оқушы  білімін  жинақы  түрде  қорытыныдылауға  әбден  болады.  Оқушыларды 

жеке тұлға деп қарастырылып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік жеке ойларын 

айтуға баулу арқылы оқушыларды өмір баспалдақтарын сезіне білуге тәрбиелейміз. 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің маманы болғандықтан озық технологиялар арқылы тіл құдіретін 

паш  ету  ұстаздық  борышым  деп  білемін.Қашан  да  «Ұлт  тірегі  –  тіл»  болмақ.  Өскелең  ұрпаққа  тіл 

тазалығын тың әдістер арқылы дарыту әр маманның парызы деп білемін. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  “Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде”  деген  тұжырымдаманы  үнемі 

айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық 

та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі  - оның ана тілі, ұлттық 

мәдениеті. Өзінің туған  тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. 

Дүниедегі  барлық  халық  тәуелсіздікке  ұлттық  қадір-қасиетін,  мәдениетін,  ана тілін  сақтап  қалу  үшін 

ұмтылады. 

Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін өзінше қорғайды. Ана 

тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анаңдай сүю. 

Сүйемін туған тілді – анам тілін, 

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. 

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 

Құлағыма  сіңірген  таныс  үнін,  -  деп  С.Торайғыров  ағамыз  жазды.  Қазақ  тілінің  күші  мен 

құдіретін  туған  халқымыз  әуелден-ақ  бағдарлап,  сөз  өнерін  бар  өнердің  басы  деп  санаған.  Мысалы: 

“Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай 

түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, 

Махамбеттің  батылдығына,  Бұқардың  ақылгөйлігі  мен  халқына  деген  жанашырлығына,  Абылайдың 

данышпандығына, Бөгенбай  мен Қабанбайдың  данышпандығын  өскелең  ұрпаққа  үлгі  –  өнеге  ретінде 

насихаттауда жаңа инновациялық технологиялардың маңызы зор. 



Қазіргі  таңдағы  ғаламтор  жүйесі  таптырмас  құрал  болып  отыр,  себебі  бұрын  сабақтарда 

Б.Соқпақбаевтің «Менің атым-Қожа» әңгімесін тек оқулыққа сүйеніп түсіндіретін едік. Ал, қазір түрлі 

сайттар  арқылы,  керек  уақытта  видео-  ролигін,  ғаламтор  көмегімен  оқушыларға  көрсетуге  кең 

мүмкіндік  бар.  Білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технологияларды  оқып,  үйреніп, 

сараптай  келе,  мынадай  тұжырым  жасауға  болады:  білім  алушылардың  білім,  білік  сапасын 

арттырудағы  жаңа  инновациялық  технология  түрлері  сан  алуан,  оларды  таңдау  жэне  одан  шығатын 

нәтиже  оқытушының  кәсіби  біліктілігіне  тікелей  байланысты;  жаңа  инновациялык  технологияларды 

енгізу  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде  жүргізілгенде  ғана  жетістікке  жетуге  болады;  жаңа  инновациялық 

оқыту  технологияларын  енгізу  барысында  әрбір  оқу  орнының  материалдық-техникалық  базасының 

бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.  

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы 

білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан 

ғылыми-техникалық  прогресстен  қалыспай,  жаңа  педагогикалық  инновацияларды  дер  кезінде 

қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.  

Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның  негізгі,  басты  міндеттері 

мынадай:  білім  алушының  білім  алу,  даму,  басқа  да  іс-әрекеттерін  мақсатты  түрде  ұйымдастыра 

білу;білім  мен  білігіне  сай  келетін  бағдарды  айқындап    алатындай  дәрежеде  тәрбиелеу;өз  бетінше 

жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, ең бастысы әр 

сабақта  алған  білімін  өмірде  пайдаға  асыру,  кез-келген  жағдаяттан  оқушыны  шығаруға  тәрбиелеу, 

берілген  сабақтағы  материал  арқылы  оқушының  білім  кеңістігіне  өз  көзқарасымен  қарауына  ықпал 

жасау,  болашақта  жаңа  технология  әдістерімен  және  сандық  сауттылығы  бар  бәсекеге  қабілетті 

еліміздің азаматтарын тәрбиелеу болып табылады. 



 

Әдебиеттер 

1.Мұхамбетжанова  С.Т.,  Жартынова  Ж.Ә.  Интерактивті  жабдықтармен  жұмыс  жасаудың 

әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008. 

2.Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  инновация  мәселелері  //  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдары. Алматы, 2008. 

3.Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. Алматы, 2002. 


 


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет