Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарыстырылады



бет20/24
Дата25.12.2016
өлшемі5,88 Mb.
#5277
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

24

дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуларына көмектеседі.

Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты, баланың білімін үштай түсуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізу керек. Мысалы, "қай әріпті жоғалттым?" ойынын заттың атын білдіретінсөздірде оқытқанда пайдалануға болады.

Ойынға сөз ішінде бір әріпті қалдырып кеткен (яғни, бір әріптерін жоғалтқан) бірнеше үлестірмелі қима қағаздар жасалынады. Олар сыныптағы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Ойынға қатысушы әрпбір оқушы өзіндегі әріптерден керектісін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиіс. Қай оқушы жылдам қойса, сол үтқан болып саналады да, мұғалімінің мадақтауымен тиісінше бағасын алады.

2-сыныпта зат есімнің жалқы есім^ мен жалпы есім түрлері, олардың қолданылуы мен жазылуы емлесі үйретіледі. Бұл тақырыпты оқытуда оқушыларға кісі есімдері, жер, су, үй жануарлары аттарын білдіретін сөздерді жалқы есім деп аталатынын, солардан басқа зхаттардың атауы жалпы есім екенін үғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.

Зат есімнің жалқы, жалпы ксім түрлерін меңгерту онша қиынға түспейді.

Жалпылама мағынаны білдіретін заттардың ішінен затты жеке — дара көрсеткіміз келсе, оған бір арнаулы ат қойып, оны сол өзіне қойған атымен атаймыз. Мысалы, мына сендер ғой, бәрің де балаларсыңдар, қыздарсыңдар, үлдарсыңдар. Бұл айтылға баллар, оқушылар, қыздар, ұлдар дегендер сендерге жалпы атаулар. Ал енді әрқайсыңды жеке даралап Айдана, Төрахмет, Ақбота, Молдабек деп өзіңе қойылған аты-жөнімен атасақ, бұл атаулар жалқы есімдер- болады, - деп, шэкірттердің түсінігіне бірден қона кететін өздеріне таныс нәрседен бастаған жөн.

Жалқы емісдердің облыс, аудан, қала, көше, жер, су, тау аттарын білдіретін географиялық атауларды рет - ретімен мұғалім плакатқа мынадай түрде жазып қояды:

1. Облыс аттары: Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы облысы,
Жамбыл облысы.


  1. Қала, ауыл атттары: Леңгір, ТТТүбар, Темірлан, Кентау, Түркістан
    т.б.

  2. Аудан аттары: Төле би ауданы, Ордабасы ауданы т.б.

  3. Көше аттары: Т.Әубэкіров көшесі, Төлеби көшесі т.б.

  4. Өзен, көл аттары: Арыс өзені, Ақсу өзені, Балқаш көлі т.б.

  5. Тау аттары: Алатау, Қаратау, Қазығүрт, Алтай, Орал т.б.

7. Жүлдыз аттары: Үркер, Шолпан, Темірқазық, Жетіқарашы т.б.
Тақтаға алғашқыда тек атаулар жазылып, қос нүктеден соң ештеңе

жазбай, сабақтың бұл кезеңі бұлай түсіндіріледі. 1. Жалқы есімдер облыс аттарын білдіреді.



25

Қандай облысты білесіңдер? Қане, айтып жіберіңдерші, - деп сыныпқа сұрақ• қойып, оқушылардың да жұмыс істеуі талап етіледі. Оқушылар көптеген облыс атауларын атайды, солардың ішінен бірер сөзді мұғалім іріктеп жазып қояды.

2. Жалқы есімдер аудан аттарын білдіреді.

Қандай аудан аттарын білесіңдер? - біз түрған аудан қалай аталады? — деп оқушылардың жауабына екінші қатар түсына сөздер жазылады.

Осылайша сұрақтың қүрлысы өзгерілмей, географиялық атауларға қойылуы арқылы оқушылардың өздеріне жұмыс істету процесі үстінде жалқы есімдердің көптеген мағынасы аңғарылады.

312-321 - жаттуғылар тақырыпқа байланысты берілген ұғымды кеңейте, бекіте түсу, солға сұрақ қоя беруге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында жүргізіледі.

312 — жаттығуды мәнерлеп оқытып жалқы есімді тапқызу. Мектебінен қашпайды Қарсы алғанда анасы, Бес саусығы шошайды, "Бес" алған-ау шамасы.

Жалқы есімді оқытқанда олардың әрқашан бас әріппен жазылатынына 313-321 — жаттығуларды орындау барысында көз жеткізуге болады.

Оқушылардың ойлау процесін дамытудың бірден-бір жолы оларды өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білуге үйрету жұмыстары дидактикалық принциптерге негізделіп жүргізіледі.

Жаңа тақырыпты қортындылау барысында үлестірмелі қима қағащдарға жазылған тест сұрақтарын беруге болады. Қима қағащдар оқушыларға үлестіріліп берілген соң, оларға ойлануға бес минут уақыт беріледі. Содан соң дайын оқушыларға дұрыс жауаптарын шеңбермен белгілеп көрсетеді. Жауапты ауызша да айтуға болады.

1. Медеу деген сөз зат есімнің қай түріне жататынын тауып


белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

2. Қала деген сөз зат есімнің қай түріне жататыны тауып,
белгілеңдер.

а) Жалқы есім э) Жалпы есім

3. Төменнен жалқы есімді тауып, белгілеңдер.

а) шөп
э)айран

б) марал

26

3. Төменнен жалпы есімді тауып, белгілеңдер.

а) Арыс
э) Айдана

б) Бала


Өздігінен жұмыс істеу баланың ойлау ■қабілетін дамытады.

1-сыныпта оқушыларға жеке заттың атын білдіретін сөздер мен көп заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік алған болатын. Енді соны грамматикалық тұрғыдан түсіндіру қажет. Бұл үшін, бірдей заттың жеке және бірнешеуі бейленген суреттерді пайдалануға болады. Мұғалім олардың мағынасын түсындіру арқылы зат есімнің жекеше, көпше түрі болатынын аңғартады. Оқулықтағы 322-323 — жаттығулар соны байқатуға арналған. Аталған жаттығулар орындалғаннан кейін зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатыны түсіндіріледі.

322 — жаттығуда балапанның сурет берілген.

323 - жаттығуда қоянның суреті берілген. Мақсат - сөздерді


салыстырып оқу. Олардың бір — бірімен қандай айырмасы бар екенін
айту.

Одан кейінгі сұрақтар зат есімдердің жекеше түрін бірінші бағанаға, көпше түрін екінші бағанаға жазу керек.

324 - жаттығуды жаздырып, талдау.

3. е. Жекеше түрі З.е. Көпше түрі

Инелік Көбелектер

Үшқыш Қарлығаштар

Тал Қайыңдар

Шырша Оқушылар

Ақын Суретшілер

325- жаттығуда көп нүктенің орнына көптік жалғауцларын қойдырып жаздыру.

Зат есімнің көпше түрін түсіндіруге, оған қойылатын сұрақтардың да көптік жалғаулары арқылы айтылатыны көрсетіледі. Бірақ кім? не? сұрағына көптік жалғаулардың жіңішке түрлері - лер, -дер, -тер ғана жалғанатынын көрсетіп қою жеткіліксіз. Көптьік жалғаудың барлық, түрлерін танытқан жөн. Ол үшін көптік жалғауларға раналған кестені пайдаланған дұрыс. Көптік жалғаулар

-лар,-лер,-дар,-дер, -тар,-тер

бала-лар, қыз-дар кітап-тар

кеме-лер, көл-дер күрек-тер

Жуан түбірлі сөзге көптік жалғаудың, жуан (-лар, -дар, -тар) түрлер, жіңішке түбірлі сөзге көптік жалғаудың жіңішке (-лер, -дер, -тер) түрлері жалғанатын емлесі үйретіледі.

27

Ал сөз аяғында дыбыстарға қарап көптік жалғаулардың басқа дыбыстарынын -л, -д, -т болыт түрлететін емле ережелерін эзір түсіндіріп жату ертерек, себебі әлі тіліміздің дыбыс заңдылықтарын меңгеріп болмаған бастауыш сынып блаларына мұндай білімді ұсыну ауырлық етеді. Жеке зат, көп зат деген ұғымдарды таныстыру балалрдың 1-сыныпта үйренген дағдылық жұмысы 2-сыныпта одан әрі жаңғыртылып дамытылады.

328-жаттығуда зат есім болатын 4-5 сөз тауып, толықтырылып жазу берілген.

Жекеше Көпше

Батыр батырлар

Оқушы оқушылар

Кітап кітаптар

Дәптер дәптерлер

Бала балалар

Бұл жаттығуды орындау барысында зат есімдер жекеше, көпше тұлғада жүмсалатыны, заттың көптігін білдіру үшін түбірге көптік жалғауы жалғанатынын ереже ретінде бірелгенін меңгерту көзделеді.

329-330-жаттығулар ережеде айтылғандарға қанық болу үшін пысықтап, білімді орнықтыр түсу үшін берілген.

331-жаттьіғудай мэтіндірден зат есімнің жекеше, көпше түрлерін айырып оларға сұрақтарды дұрыс қоя алатын болуы керек.

Қазақ тіліне алған білімдерін практикалық жағынан жан-жақты талдау, ажырата білуде және толықтыра түсуде үлестірмелі қима қағаздардың алатын орны ерекше.

Үлестірмелі қима қағаздар жеке оқушының өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне басшылық ететін әдістің біріне саналады.

Ол оқушы біліміндіге олқылықты толтыратын, абсракты мәселелерді нақтылай түсетін, сауаттылықты арттыратын, ой өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтатын көмекші құрал болып есептелінеді.

2-сыныпта оқушыларға зат есімді оқытқанда мынадай үлестірмелі қима қағащдар пайдалануға болады.

1. а) Өлеңді көшіріп жазыңдар.

Ой балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты Жылғалардан су ақты. Ауыл көшті қыстаудан Әне апам қой сойған. э) Зат есімнің жекеше, көпше түрін тап.

2. а) Көп нүктенің орнына сұраққа сэйкес жауап жазыңдар.
Кім? Кімдер? He? Нелер?

28

Немере гүл

Сэби жүлдыз

Ғалым тау

э) сұрақтары мен мағыналарындағы айрырмашылықты тап.

3. а) Мақалды көшіріп жазыңдар. Мағынасын түсіндір. Ата - асқар тау, Ана - бауырындағы бұлақ, Бала - жағасындағы қү_рақ. • Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады.

э) Кім? не? деген сұрақтардың астын сызыңдар деген сияқты т.б. үлестірмелі немесе кеспе қағаздарын мұғалім өз сыныбының қабілетіне қарай түрлендіруге болады.

2-сыныпта зат есім тақырыбын меңгертудің тағы бір жолы — ойын. Мысалы, сабақтағы ой-толғанысы кезеңінде балаларға Венн диограммасы, яғни шеңбер ойынын ойнатқан дұрыс.

Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың неге керектігін ажыратуға, заттардың атын қатесіз жазуға дағдыландырады. Ойынға қатысушы оқушылар үшін қандай заттарды топтай білу керектігін шеңбер және оған қажетті заттардың аты жазылған жеке сөздер үлестірмелі жасалады. Оқушылар аталған жануарлардың пайдасы мен зиянын айтып өтеді. Зат есімді оқытуға арналған сабақ жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің көпше түрі. Көптік жалғаулары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көптік жалғаулар туралы түсінік беру.



  1. Сөздерді топтай білуге үйрету.

  2. Балалардың бағыт бағдар бере отырып өз беттеріңше жұмыс
    істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға
    машықтандыру. Сабақтың көрнекілеп: кітап, суреттер, үлестірмелер т.б.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

I. Психологиялық дайындық.

II. Ұйымдастыру кезеңі.


  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа сабақ.
    1 .Кіріспе

Оқушыларға бір кітапты көрсетіп:

Мынау не? деп сұрау

Ол кітап Тағы бірнеше кітіпты алып көрсетіп:

Мыналар нелер?




29

Бұлар кітіптар.

Ктіп деген сөзбен кітіптар деген сөздің айтылуында

айырмашылық бар ма?

Бар. Ктіптар деген сөзге —тар деген қосымша жалғанған.

Өте дұрыс. Заттың көптігін білдіру үшін түбірге -лар, -лер,

-дар, -дер, -тар, -тер деген жалғаулар деп аталады. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз көптік жалғаулары. Сабағымыздың мақсаты: көптік жалғауларын зат есімге дұрыс жалғай білуге үйрету.

V. Оқулықпен жұмыс.
329-жаттығуды орындау.

Өлеңді мәнерлеп оқу, көпше түрдегі зат есімді тауып, өлеңді көшіріп жазу.

Айдын көлді сағынып,

Қаздар қанат қақты бір.

Ақ бантигін тағынып,

Алма ағаштар атты гүл.

1. Нелер? сүрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

VI. Сергіту сэті.

Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын

Самғап биік үшады. (Осыған сэйкес қимылдар жасайды) (Е.Өтетілеуов «Балақай» Алматы, «Жалын» 1986 ж 137 бет).

VII. 330-жаттығуды орындау, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар, зат
есімдерді тауып, олар зат есімдердің қай түрі екенін айту. Зат есімдердің
жекеше, көпше екенін ажырат.

Осыдан соң жаңа сабақты қортындалау барысында оқушыларға тектік сұрақтар жазылған үлестірмелер таратылып беріледі.

1. Төменнен зат есімнің жекеше түрі болатынсөзді тауып, белгілеңдер.


  1. Ағаштар

  2. Сандар

3. Аға

2. Төменнен зат есімнің көпше түрі болатын сөздерді тауып, белгілеңдер.



  1. Қаздар

  2. Жусан

  3. Балалар

3. Қүстардеген зат есімінің қай .түріне жататынын тауып, белгілеңдер.

  1. Зат есімнің жекеше түрі

  2. Зат есімнің көпше түрі

30

Үйге 311-жаттығуды орындап келуді тапсыру. VIII. Бағалау.

Екінші және үшінші сыныптарда өтетін сөз таптарыының кестесі.


Зат есім

\

Етістік



Сын есім

Сан есім



Жалқы есім және жалпы есім




Дара және күрделі етістік













г

Негізгі және туынды зат есім




Негізгі және туында етістік

Негізгі және туынды сын

есімдер

Есептік және



реттік сан

есімдер



Зат есімнің тэуелденуі

Болымды және

болымсыз

етістік


Зат есімнің септелүі

He істеді? не қылды? қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

1-сыныпта оқушылар заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алғашқы мағлұмат алған болатын. Бірақ ондай сөздер тобының етістік деп аталатын үлкен сөз табын (тобын) қүрайтынын, заттын әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін, тағы басқа грамматикалық сипаттарын элі білмейді. Алдымен сөз табы ретінде таныту көзделеді.

Оқулықтағы 334-336 - жаттығулар осыған арналған. Аталған жаттығуларды орындау нэтижесінде оқушылар заттардың қимылын, іс-әрекетиін білдіретінсөздердін етістік, деп аталатынын, оларға не істеді? қайтіп? не қылды? Сұрақтары қойылатынын білуі тиіс.

Мысалы, 334-жаттығуды орындау, суреттке қарап, әр адамның не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын айту.

Марат ағаш жарды.

31


Айдана ойнады.

Ағам домбыра тарты.

Ақбота гүлге су құйды.

Әжем ұршық иірді.

338-жаттығуда жануарлардың төлдеуін білдіретін етістіктер қай сөзбен байланысып түрғаны тапқызылады.

Бие қүлындайды.

Қой қоздайды.

Ешкі лақтайды.

Түйе боталайды.

Сиыр бұзаулайды.

Ит күшіктейді.

Мысық балалайды.

Сөздерге сұрақ қойылып мағынасы түсіндіріледі.

Ал 339-жаттығуда берілген етістіктердің мағынасын түсіндіру тапсырылған. Әуелі әр етістіктің мағынасы жеке-жеке сұрақ-жауап әдіс арқылы түсіндіріледі. Содан соң оқушылар сол сөздерді қатыстырып сөйлем қүрап жазады.

341-349 - жаттығулар етістік туралы берілген ұғымды бекіте түсуге, етістіктің өзге сөздермен байланысын дұрыс таба білуге, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлем қорын дамытуға бағытталған. Етістік пен зат есімнің байланысы, сөйлем қүрайтыны да жаттығулар орындау барысында байқатылуы тиіс.

«Дара және күрделі етістіктер» етістік туралы жалпы мағлүмат берілгенен кейін оқытылады. Яғни басты міндет - етістіктің күрделі түрін таныту. Дара етістікті оқушылар бүрыннан біледі, ал күрделі етістікпен оқу сабақтарында, сөйлеу кезеңдерінде үнемі кездескенмен, олардың күрделі етістік деп аталатынын білмейтін.

Оқулықтағы 350-351 жаттығулар дара және күрделі етістіктерді бір жаттығу ішінде қатар беріп, салыстыру арқылы олардың ерекшеліктерін байқатуды көздейді.

Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желімбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр.

Бұл жаттығудағы «желінбейді, желімбейді» сөздерін, «төлдеп жатыр, шөлдеп жатыр» тіркестерімен немесе «жауды-жауып түр, ү-шыты-ұышп барады, оқыды-оқып отыр» жү_птарын өзара салыстырып, олардың бәрі ед ұимылыд білдіретінін қойылатын сұрақта бірдей екенін айтқызып, өзгешеліктері тек сөз санында екенін байқатады.

Кейінгі жаттығулар дара және күрделі етестіктің мағынасы дара етістікпен салыстырғанда мүлде басқаша екенін аңғартады; оқыды - оқи

I

32

бастады, оқып отыр, оқып болды, тікті - тігіп жатыр, тіге бастады, тіге алады т.б. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады. Ал 354 -жаттығу дара етістікті үлгі бойынша күрделі етістікке, айналдырып жазумен бірге, «күреді, үйді, күйді, сүзді, үшты» етістіктерің орфоэпиялық ерекшеліктерін байқатуды, сол арқылы сауатты жазуға үйретуді мақсат етеді.

357-жаттығу де ерекше назар аударуды қажет етеді. Оқушылардың сөз мағынасы туралы алған білідеріне сүйеніп, берілген етестіктердің мағынасын түсіндіру, оларға қарама-қарсы етісікті табу талап етіледі.

Мысалы, жапты - ашты.

байлады — шешті т.б.

358-368-жаттығуларда негізгі тақырыпқа байланысты тапсырмалармен бірге оқушылардың сөз мағынасы, мэтін, сөйлем тақырыптарынан алған білімдерін пысықтап бекітуге арналған тапсырмалар да берілді. Олар оқулықтағы әр жаттығудың түсында анық көрсетілген. Мұғалімнің міндеті — бір жаттығуданығ тапсырманың мәнін дұрыс түсініп, соны оқушыға меңгертудіңтиімді жолын тандау.

Қандай? қай? сұрақтарына жауап беретін сөздерді оқыту.

2-сыныпта «Сын есімді» оқытудың басты мақсаттары төмендегідей.

1. Сын есіМді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту.

2. Заттардың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға


үйрету.

  1. Белгілі бір нақты заттың әр алуан қасиеттерін көрсетіп, сипаттап
    айтуға баулу.

  2. Сын есімді ауызекі және жазбаша сөйлеу тілдеріндемағынасына
    қарай дэл тандап қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қоршаған
    ортадағы құбылыстар мен заттардың әр алуан қасиеттерін, белгілерін
    бақылай білуге, байқағыштыққа үйрету.

Оқушылар заттың сынын білдіретін сөздермен 1-сыныптан бастап таныс. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге қандай? қай? сұрақтары қойылатынын да біледі. 2-сыныпта оқушылардың сол ұғымдары кеңейтіліп, сын есім сөз табы ретінде танытылуы тиіс

369-370 жаттығулардағы қарамен жазылған сөздердің қандай сұраққа жауап беретінін, мағыналарын ай-гқызу арқылы оқушылардың заттын сынын білдіретін сөздер жайлы білетіндері еске түсіріледі. Одан әрі ұғалім сұрақ - жауап, көрнекілік әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың сол білімін одан әрі тереңдете түсуі қажет.

Мысалы, мұғалім алманың суретің көрсетіп, оның не екеін айтқызады дэмі, түсі, пішіні қандай екенін сүрайды, немесе қалың жұқа кітаптарды салыстырады т.б. Нэтижесінде заттың түрін, түсін, көлемін, дэмін тағы басқа сапа, белгілерін білдіретін сөздердің сын есім деп

33

аталатынын біледі, оларға қандай? қай? деген сұрақтар қойылатынын иы.

£>ү_дан кейін сын есімдерді зат есімдермен қатыстырып айтуға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Ондай мақсат - сын есімдердің кез келген зат есімдермен тіркесе бермейтінін аңғарту. Оқулықтағы жаттығулардың бірқатар осы ұғымды бекітуге арналған. Мәселен 372-жаттығуда зат есімдердің алдында керекті сын есімдерді қойып жазу берілген. ...бэтеңке, ...тон, ...сай, ...айран, ...шие, ...көше.

Керекті сөздер: қалың, жылы, ащы, терең, кең, тэтті.

Ал 373-жаттығуда бүған керісінше, .берілген сын есімдерді зат есімдермен қатар қойып айту.

Жуас, таза, биік, сүйық, жүйрік, ұзын.

Үлгі: жуас ат, таза көрпе, биік тау,...

374-жаттығуда қандай? қай? сұрақтарының орынан тиісті сын есімдер жаздырылып, оның қай сөзбен байланысып тұрғаны айтқызылады.

Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.

Керекті сөздер: қызыл, қызық, көп, биік.

375-жаттығулардың мақсаты балалардың, байқау қабілетін арттыру, бір заттың әр алуан белгісін аңғара білуге үйрету. Мәселен, тақтай десек, оқушы жалпақ тақтай деумен шектеліп қоймай, оның қалың не жүқа, ұзын неқысқа екеніне көңіл аударуы тиіс. Сөйтіп бір заттың бірнешебелгісін білдіру үшін жоғарыдағы жаттығуды мынадай үлгіде орындатуды ұсынамыз;

Жалпа*

Қалың - ^Zp* Тақтай



Тегіс

¥зын


376- жаттығуда берілген сын есімдерге қарсы мағыналы зат есім тауып жаз, олардың мағыналарын салықтыру талап етіледі, әр сын есім оған қатысты зат есіммен байланыстырылып айтқызылады.

үлкен


жаңа

жіңішке •

қысқа

ірі


күшті

Үлгі: үлкен үй, жаңа көйлек,...



34

Сын есім үнемі зат есімнің анықтауышы ретінде келе бермей, кейде сөйлес соңына келіп, сөйлемді аяқтап түратынын да аңғарту мақсат етіледі.

381-382 — жаттығулар осыған арналған. Көп нүктенің орнына зат есімнің алдыңғы сын есімдерді қойып жазу. Екі бағанды салыстырып, қай бағандағы сөздер сөйлем, қай бағанадағы сөздер сөйлем емес екенін айту.

таза ауа ауа таза

ақ мақта мақта ақ

жазық дала дала жазық

жақсы бала бала жақсы

Сын есімге 8 сағат уақыт бөлінген, соған орай отыз екі жаттығу берілді. Соның бәріне жеке тоқталып жатпай-ақ, негізгі назар аударылатын мәселелерді баяндап өттік. Кейінгі жаттығулар сын есімге байланысты берілген ұғымды бекіте, кеңейте түсуді, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорын молайтуды, белгілі бір затты сипаттай білуге үйретуді, айтылған белгелері бойынша суреттелғен нәрсені тапқызуды, т.б. мақсаттарды көздейді.

Ал, енді сын есімді оқытуға раналған сабақ жоспары:



  1. Сабақтың тақырыбы: сын есім.

  2. Сабақтың мақсаты: заттың түрін, түсін ажыратуға үйрету
    Сұрақтары қандай? қай? екенін түсіндіру.

Оқушылардың тіл байлығын арттыру, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні: [

Оқушыларды көркемдеп сөйлеуге көркем етіп, эдемі етіпжазуға, эдеміліке, кішіпейілдікке, адамгершілік - имандылыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың қазақ тілінде мақалдап, шешен сөйлеуге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

4. Сабақтың көрнектілігі:

Суреттер, қолдан жасалған плакаттар, үлестірмелер, ойыншықтар, оюлар салынған буклеттер.

5. Сабақтың әдісі:

Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ.

І.Кіріспе әңгіме. Оюлардын түрін көрсетіп:



  • балалар, мыналар нелер?

  • оюлар

  • оюлар қай халықтың өнері?

  • Қазақ халқының

  • ою не үшін керек?

  • эсемдік үшін.

35

  • ою қандай жерлерде қолданылады?

  • Түс киізде, текеметте, ұлттық киімдерді қолданылады.

  • Ою қандай түстермен өрнектелінген?

  • Көк, қызыл, сары, қара, күлгін, ақ түстермен.

  • Заттың түсін білдіріп тұрған қай сөз?

  • Қызыл сары
    Тақтаға плакат ілінеді.
    Жақсы үл - еліне бас
    Жаман үл - еліне қас.

Заттың сынын білдіріп түрған қай сөз? Жақсы, жаман.

Заттың түрін, түсін, сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімге қандай? қай? деген сұрақ қойылады.

2. Оқулықпен жұмыс.

378-жаттығуды бірнеше оқушыға оқытып, сын есімдерді тапқызамыз.

Ақ жүрекпен таза ақыл. Қылсаң адал еңбек. Бәрінен де сол мақүл -Артқыға жол бермек. Сен бол көр аққа жақ, Болам десең адам, Адал еңбек берер бақ, Бассаң соған қадам.

3. Тақтамен жұмыс.

Бір оқушы тақтаға, қалғандары орындарында отырып, жаза бастайды.

4. Сергіту сэті.

Қоюланып тағы бұлт, Жаңбыр жауды себелеп. Жапырақты жамылып, Бүғып қалды көбелек.

5. өздігінен жұмыс істеу.

Сын есім қатысты мақалдар айтқызу.


  1. Өтірік сөз өрге баспас.

  2. Жылы киім тәнді жылытар,
    Жылы сөз жанды жылытар.

  3. Жалған сөз жанға қас,
    Жалқау қойшы малға қас.

  4. Еріншек адамның ертеңі бітпес.

6. Жаңа сабақты қортындылау барысында суретті билет ойынын
ойнатқан жөн. Оқушыларға сурет салынған үлестірмелер таратылып

36

беріледі де, сол суретке байланысты оқушылар сөйлемдер ойлап табады. Суретті билет ойынын айрықша тапсырма бойынша жүргізуге болады. Мысалы, сурет бойынша оқушылар мындай сөйлемдер ойлап табуға тиісті:

Ту Қара торғай

Көгілдір ту желбіреді Қара торғайға үя жасадық,

Машина Қоян

Бақыт жеңіл машинаға мінді Сұр қоян қашты.

Алма Жапырақ

Мамам қызыл алма әкелді. Күзде жапырақ сары түске боялады.



  1. үйге 388 - жаттығуды жазып келу тапсырылды.

  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
    «Заттардың санынбілдіретін сөздер» 2-сынып оқушыларына

математика сабақтарынан жақсы таныс. Олар сан есімдер қатысқан әр алуан қиын есептерді шығара алады. Бірақ олар 2,7,13,46 сияқты сандарды қосу, алу, көбейту амалдарының объектілері ретінде, санау таңбалары ретінде үғынады. Ал олардың сан есім екенін, затқа қатысты сөздердің грамматикалық тобы екенін жөнді үқпайды.

Оқулықта осылар ескеріледі де, сан есімдер негізігі есмі сөздердің бірі ретінде баяндалады. Әзірге бұл сыныпта сан есімнің есептік, реттік, түрлерінен бастапқы мағлүмат беріледі. Ол үшін сан есімдерге неше№ қанша? нешінші? деген сұрақтарды қойдыру арқылы сане есімдердің осы екі түрін танытамыз. Жаттығуларда берілген материалдарды игеріп, тапсырмаларды дұрыс орындау нэтижесінде оқушылар ережелерді жадында сақтап, жүзге дейінгі дара, күрделі сан есімдерді әріптермен дұрыс жаза алатын болуға тиіс, есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыруға үйрету.

Жаттығуларды орындау барысында оқушылар сан есімге сұрақ қоя білуге, олдардың зат есімдермен байланысын аңғартуға, мэтінен сан есімдерді таба білуге үйретіледі. Сондай-ақ зат есімдер заттың санын, ретін білдіретінін үғады. Жаттығулардың кейбіреуінде сандарды сөзбен жазу талабы қойылады. Ондағы мақсат - бір таңбалы сан бір сөзбен, екі таңбалы сан екі сөзбен жазылатынын білдіру. Сонымен бірге жаттығу ретінде үсынылған «санамақтар», «есепжұмбақтар», «жаңылтпаштар» арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсат етілді.

Сан есім жайындағы сабақ 401-жаттығуда берілген өлеңді оқытудан басталады.

Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін.

37

Екі қолын не үшін керек? Елге көмек беру үшін (Қ.Мырза Али).

Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беретінін айтқызу. 402- жаттығу жұмбақ түрінде берілген. Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын, бір шүмек.

(Домбыра). ;

Қарамен жазылған сөздерге сү_рақ қой делінген. Бү_л арада заттың санын ретін білдіретін сөздерді сан есіме дейтінімізді және олар қанша? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретінін айтып өту артықшылық етпейді.

412-жаттығуды орындау тапсырылады, сандарды сөзбен жазып бір таңбалы сан мен екі таңбалы сандардың жазылуындағы айырмашылықты етпейді.

Осы жерде оқушылардың назарын кітапшадандағы ұлттық аспаптардың суреттеріне аударамыз.

Балалар, суреттен нені көріп тұрмыз? Ұлттық аспаптарды Бұл қай халықтікі? Қазақ халқының ұлттық аспаптары Суретте ұлттық аспаптар қалай көрсетілген? Бір немесе бірнешеуі көрсетілген Аттарын атаңдар

Бір қобыз, үш сыбызғы, үш домбыра, бір шертер, бір-бірден асатаяқ пен даңғыра, жетіген. Мүндағы бір, үш деген сөздерег қанша? деген сұрақ қоямыз да оның сан есім екенін айтамыз. Зат есім мен сан есімнің өзара байланысып түрғанын түсіндіріп кетеміз.

Жаңа сабақты тереңірек түсіндіру үшін жаттығулар орындатамыз. 5,6,7,10,30,90 15,16,17,21,77,99

418-жаттығуда сан есімнің сөйлем соңында да кездесетінін іс жүзілік түрғыда таныту үшін берілген. Бұл жаттығуды орындатқан кезде сан есімдер сөйлемнің қай жерінде түрғанына баса назар аудару керек.


  1. Еріншектің ісі - екі,

  1. Ағайын - алтау,
    Ана - біреу.

Сан есімдерге сұрақ қойдыру тапсырылған.

Сабақты тереңірек түсіндіру үшін ребустар қолдануға болады. Ребустарды шешу балаларды демалдыру үшін сергіту сэті ретінде қолданылады. Әрі олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.



38

Сабақтың соңында қортындылау барысында оқушыларға бірнеше сұрақтар жазылған үстемелер таратылып беріледі. Оқушылар бұл сұрақтарға ауызша немесе жазбаша түрде (дұрыс жауапты белгілеу) жауап береді. Бү_л оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуі үшін пайдасы зор әрі тест элементімен таныса бастайды.

1. Жеті деген сөз қай сөз табына жататынын тауып белгілеңдер.



  1. Зат есім.

  2. Сан есім.

  3. Етістік

  4. Кіші.

2. Төменнен сан есім болатын сөзді тауып белгілеңдер.

  1. Асық.

  2. Бес.

  3. Жинады.

  4. Кіші.

1. Тоғыз деген сөз қай сөз табына жататынын тауып белгілеңдер.

  1. Сын есім.

  2. Сан есім.

  3. Етістік

  4. Зат есім.

Үйге сан есімге байланысты сөйлемдер жазып келу тапсыралады.

Қазірігі Атамүра бағдарламасы бойынша 3-сыныпта сөз таптары жалпы түрде қайталанады, сөйлемдерді сөз таптарына талдайды. Бірден сөздерді оқы, олардың қай сөз табына жататынын анықта. Сөздерді әр сөз тобынын түсына топтап жаз. Сөздердің қай сөз тобына жататынын қалай білдің? Деген тәрізді тапсырмалар мен сұрақтар беріледі. Одан әрі сөз таптары жеке-жеке өтіледі.

Зат есімге қатысты үш сабақ осы тақырыпка байланысты екіншгі сыныпта берілген білімді есіне түсіруге арналады. Өйткені зат есім сөз табы ретінде екінші сыныпта таныстырылған. Сол себепті бұл тақырыпты өткенде, алдымен зат есіиге қандай сұрақ қойылатыны, зат есім жалқы есім және жалпы есім болып бөлінетіні, олардың емлесі, зат есімнің жекеше, көпше түрлері арнайы жаттығулар негізінде толық еске түсіріледі. Зат есімді саналы түрде меңгергеннен кейін негізгі және туынды зат есім тақырыбы өтіледі. Оқулықтағы 296-жаттығу негізгі және туынды зат есім туралы тілдік фактілерді байқату арқылы түсінік беруді көздейді. Мысалы, өнер - өнерпаз, күй - күйші, сый - сыйлық, балық - балықшы тәрізді нақты мысалдарды салыстыру арқылы зат есімдердің негізгі және туынды болып бөлінетінін аңғартамыз. Осы үлгіде тағы да мынадай бірнеше мысалды салыстырып талдатқан жөн:

39

біл — білім, үш — үшқыш, адал — адалдық, жақсы — жықсылық. Мұндағы мақсат туынды зат есімдер тек негізгі зат есімдерден ғана емес, басқа да сөз таптарынан да жасала беретінін аңғарту.

Оқулықтағы осы тақырыпқа үсынған жаттығулардың барлығы ла негізгі зат есім мен туынды зат есімге байланысты берілген түсінікті кеңейте, бекіте түсу, соларға сұрақ қоя білуді үйрету, оқушылардың сөз байлығын молайту мақсатын көздейді.

Негізгі және туынды зат есімді оқытуға арналған

Сабақ жоспары:


  1. Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

  2. Сабақтың мақсаты: а) зат есімнің негізгі және туынды болып
    бөлінетіні жайлы түсінік беру;

э) олардың бір-біренен өзгешелігін саналы түрде түсінік беру; б) Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың кішіпейілдікке,


үйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

4. Сабақтың көрнекілігі: Кесте, оқулық - сабақтың әдісі: әңгімелеу


сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапрсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ: тақтаға кесте ілінеді.


Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Күй, эн

күйші, энші

Балықшы

балықшы

Қүрылыс

күрылысшы

1. Жаңа сабақты түсіндіру, кестедегі мысалдарды талдаудан бастаймыз.


  • Күй сөзіне сұрақ қойыңдаршы
    -He?

  • Бұл сөзді одан әрі бөлшектеуге болама?

  • Күй сөзі одан әрі бөлшектелмейді, ол түбір сөз.

  • Ал күйші сөзі ше?




  • Күйші сөзі кім? деген сұраққа жауап береді, түбірі - күй, -ші,
    жұрнақ.

  • Балалар, енді күй, күйші сөздеріне назар аударайықшы. Бұл екі
    сөздің бір - бірінен айырмашылығы неде? Бұлар қай сөз табы?
    Бұлардың екеуі де зат есім , бір - бірінен айырмашылығы -

40

мағынасында және жасалуында. Біреуі түбір сөзден, екіншісі жұрнақ жалғауы арқылы жасалған. Осы ретпен басқа сөздер де талданады.

- Сонымен, балалар, зат есім жасау жолына қарай нешеге бөлінеді
екен?

- Зат есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.


Оқушылардың жауабын толықтырып, қортындылап өтеміз: негізгі

түбірден жасалған зат есімнің, негізгі зат есім, ал негізгі түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атаймыз.

2. Берілгей түсінікті бекіте түсу үшін оқулықтағы 296,297,298 -
жаттығулар орындатылады.

өнер - өнерпаз,

күй — күйші,

сый - сыйлық,

балық - балықшы,

орын - орындық,

көл - көлшік.

Жаттығуды жазу, сөз қүрамын талдау, сұрақ қою.

3. Ойын кім жылдам? Ойынның шарты.

Мұғалім негізгі зат есімді атайды, оқушылар сол аталған зат есімнен туынды зат есім жасауы керек.

Керісінше туынды зат есімнің түбірін тапқызуға да болады. Кім жылдам әрі дұрыс жауап берсе, сол оқушы жеңімпаз атанады. Мысалы: мал - малшы егін — егінші жылқы -жылқышы Достық - дос Емші — ем Сөздік - сөз

4. Сабақты қортындылау мына сұрақтар бойынша іске асырады.



  • туынды зат есім қалай жасалады?

  • негізгі және туынды зат есімнің айырмашылығы неде?
    Мысал келтіру.




  1. Бағалау.

  2. Үйге 299 - жаттығуды орындап келу тапсырылады.

Зат есімнің тәуелденуі деген тақырыпты тэуелдік жалғауын танытудан бастаған жөн. Жаңа сабақты тусіндіруде мынадай кестені пайдалануға болады.


Зат есімнің тэуелденуі

Жақ

Жекеше

Көпше

I жақ

-м, -ым, -ім

-мыз, -міз, -ымыз,




(анам, кітабым)

-іміз (кітабымыз)

II жақ

-ң, -ың, -ің,

(анаң, кітабың)



-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, (кітаптарыңыз)

III жақ

-сы, -сі, -ы, -і, (анасы, кітабы)

-ы, -і (кітаптары)

Кестенің көмегімен мұғалім тәуелдік жалғаулы сөздердің үш жақөты, жекеше және көпще түрде айтылатыны аңғартады. Берілген түсінікті бекіте түсу мақсатында Қайда менің өз жағым? Ойыны ойнатылады.

Ойын тәртібі: Қолдарында I жақ, II жақ, III жақ деп жазылға үлестірмелері бар үш оқушы тақтаның алдына шығып тұрады. Отан, әке, дәптер сөздер іүш жақта жекеше, көпше тэуелденген үлестірмелер оқушыларға бірден таратылып беріледі. Содан кейін тақта алдында түрған III жағым? — деп шақырады.

Сыныптағы қолдарына үлестірмелер алған оқушылар өз тэуелдік жақтары болып түрған баланың қатарына келіп, қолындағы үлестірмелерін көрсетіп тү_ра береді. Мұғалім тексеріп шығып, қай жақта қате түрған оқушы көп болса, сол жақтын үтылғанын хабарлайды.

Оқулықтағы 309 — жаттығуда досым, қарындасым, апасы деген сөздердің қосымшасын тауып, олардың қандай мағынана білдіріп түрғаныны айту тапсырылған. Мүндағы мақсат - тэуелді жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың, қандай да бір нәрсенің біреуге тән, соның меншігі екенің білдіретін қосымша тэуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру. 309-310-жаттығуларды түсіндіріп орындағын оқушы тэуелдік жалғаудың не екенін өздері-ақ пайымдап, соған лайық ереже шығара алады.

310-жаттығуда берілген сөздерге қосыша жалғап жазу және бү_л қосышалар қандай мағына беріп түрғанын түсіндіру.

Әке, эже, іні, кітап.

Үлгі: Менің әкем,... Сенің әкең,... Оның әкесі,...

Тэуелдік жалғауын танытқаннан кейін күрделі мәселе - түбір сөзге дауысты дыбыстан бастаған тэуелдік жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңғы буынындағы —ы, -і дыбыстарының түсіп қалатындығы.

Мысалы: Халық+ым-аулым.

Оқулықтағы 317-319-жаттығулар осьіндай сөздердің тэуелденген кездегі жазылу емлесін меңгертуге арналған, сол сияқты тэуелді жалғау жалғанғанда, түбір сөздің соңында қатаң дыбыстардың үянға айналатынын да аңғарту мақсаты көзделді.

Мысалы: лақ-лағың, білек-білегің.

42

III. 1 Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту.

3-сыныпта етістік тақырыбын өткенде, эуелі 2-сыныпта берілген материалдар еске түсіріледі, яғни заттің әр алуан іс-әрекетін, қимыл процесін білдіретін сөз табы етістік екені, етістіктерге қойылатын сұрақтар, етістік дара, күрделі болып бөлінетінін, етістіктің зат есіммен байланысы туралы берілген түсініктер кеңейтіле түседі.

Етістік тақырыбына байланысты ендігі міндет - оқушыларға олардың негізгі және туынды болып бөлінетінін білдіру. Оқушылар түбір сөзден болпға етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатынын білуге тиіс.

Оқулықтағы 337-жаттығу осы мақсатқа орай берілген. Жаттығуда зат есіммен етістіктің байланысқан түрін де байқауға болады.

Ой — ойла

Ем - емде.

Арқан - арқанда

Үтік - үтікте

Бү_л сөдерге сұрақ қою арқылы салыстыра отырып, нэтижесінде осы етістіктердің түбірі зат есімнен жасалып түрғаын аңғартамыз. Немесе төмендегі кестені пайдаланып, негізгі етістіктер мен туынды етістіктерді салыстыру арқылы теңгереміз:




Етістік

Негізгі етістіктер

Туынды етістіктер

оқы, жаз, ки, ал, айт, көр, біл, қуан

жырла, баста, ойла, алды, тазала

Оқулықтағы 388-344-жаттығулар туынды етістіктің зат есіммен әр алуан жұрнақтар жалғану арқылы жасалатынын оқушыларға саналы түрде меңгерту мақсатын көздейді.

340-жаттығуда берілген зат есімдерге -ла, -ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жасап жазу.

Төр-ле, арқан-да, ем-де, ара-ла, сабын-да, бу-ла, тіс-те, тізе-ле.

3-сыныпта қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы етістік сөз табын оқытуда оқушыларды етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің (жаз-жазба, ойна-ойнама, бар-барма т.б.) мағыналарын салыстырып байқатқанан кейін бірден оқулықтағы ережемен таныстыруға болады. Олай дейтініміз, етістіктің бұл екі түрін жаттығулар арқылы танысқанымен, олардың болымды, болымсыз екенін оқушылар өздіктерінен айта алмайды. Соныдықтан алдымен етістіктердің болымды, болымсыз деп білетінін айтып, түсіндіріп алу қажет. Сонда



43

оқушылар жаттығуларды орындау барысында болымды, болымсыз етістіктерді тез әрі қателеспей орындайды.

Кейінгі 356-360-жаттығулар етістік туралы берілген жалпы ұғымдарды жинақтап, қортындылау мақсатында ұсынады.

Осыған орай сабақ жоспарын былай бөлуге болады.

3-сыныпта қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы етістік сөз табын оқыту.

Сабақтың жоспары:



  1. Сабақтың тақырыбы: Етістік

  2. Сабақтың мақсаты: а) етістік туралы 2-сыныпта берілген білімді
    еске түсіру.

э) Етістікьің дара және күрделі болып бөлінетіні туралы ұғымды кеңейту.

б) Етістіктің негізгі және туынды, болымды және болымсыз болып бөлінетінін түсіндіру.



  1. Сабақтың тәрбиелігі: эдемі, таза, сауатты жазуға дағдыландыру.
    Отан сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

  2. Дамытушылығы: Оқушылардың өз беттерінше шығармашылық
    ізденулерін қалыптастыру, сұраққа деп, айқын жауап беруге
    дағдыландыру.

  3. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, бақылау, баяндау, тест.

  4. сабақтың түрі: сұрақ-жауап.

  5. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақ - жауап әдісмен өткен сабақты қортындылап өтеміз.


  1. Етістіктің түрлері.

  2. Суретке қарап сөйлем қүрау.

  3. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Кріспе. Әңгіме.

Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін атайды. Мәселен арт, ал, бар, кел, жүр, көр. Мүндай сөздер етістік деп аталады.

Етістік не істеді? қайтті? неғылды? не істемек? қайтпек? не қылмақ? Сұраулырын жауап береді. Яғни етістік - заттардың болған-болмаған ісьерін көрсететін сөздер.

Мысалы: Бұлт қаптады. От жанды. Бұлт қаптамады. От жанбады. Мүндағы «қаптады, жанды» деген сөздер болған істерді көрсетсе, «қаптамады, жанбады» деген сөздер болмаған істерді көрсетеді. Оқушыларға «етістік» деген пән сөзін ең алғаш тілімізге енгізген, ережесін берген атамыз — Ахмет Байтұрсынов екенін айтып өткен дұрыс. Ахмет ата «Тіл — қүралы» деген кітабында етістікті осылай түсіндіреді.

IV. Оқулықпен жұмыс.

355-жаттығудағы жұмбақты шешіп, көшіріп жазу тапсырылған.



44

Ұшып - қонып тынбайды, Қанша соқсаң сынбайды. Суға салсан, батпайды. Түскен жерге жатпайды.

(Мүз)

Болымсыз етістіктердің астын сыздыру.



  1. Өз беттерінше жұмыс. Суретке қарап, шағын әңгіме қүрғызу.
    Етістіктерді табу.

  1. Сергіту сэті.

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкене балалар, Үп-үлкен болып өседі. Бір, екі, үш Отырымыз тыныш.

VII. Етістік тақырыбынан алған білімдерін тест әдісі бойынша


қорытындалау.

№ 1. Оқыды деген сөз қай сөз табына жатады?



  1. Зат есім.

  2. Сын есім

З.Етістік.- [

4. Сан есім. 5. Есімдік

№2. Жазды


  1. Дара етістік.

  2. Күрделі етістік.

  3. Сара етістік

№3. Оқып отыр

  1. Дара етістік.

  2. Күрделі етістік.

№4. ¥йықтамады

  1. Болымды етістік.

  2. Болымсыз етістік.

VIII. Үйге тапсырма белгілеу.

IX. Бағалау.



45

III. 2 Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту.

3-сынып оқушысының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мүнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркесе білу, негізгі, туынды сын есімдер айырту талабы қойылды.

Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол мэтіндерді пайдаланған жақсы нәтиже береді.

Мысалы:

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер, Қызыл, гүлдер, көк гүлдер...



Деген сияқты мэтінді алдық дейік, сонда осындағы гүлдер сөзіне қандай сұрақ қойылады? Ол қандай есім? Қандай тұлғада? Деген сұрақтарға жауап алғаннан кейін, екінші қатардағы гүлдер деген сөздің екі жерде екі түрлі сын айтылғанын оқушы аңғаратын болсын, соларды салыстырулары керек, қызыл, көк сөздерді заттың түсін білдіретін сын есімдер екенін айтсын. Заттардың түсін білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер? Деген сұраққа мүдірмей дұрыс жауап қайыра білген оқушы оған дейінгі сабақты дұрыс түсінген деп айтуға болады.

Үлгі бойынша берілген сын есімдерді оқушылар зат есімге қатыстырып айтуға тиіс. Тиісті зат есімдерді оқушылардың өздері айтады. Олар нақты заттар болғаны дұрыс. Сонымен, сол сын есімдер тіркесе алатын да, тіркесе алмайтын да заттар болатынын оқушы білуге тиіс. Мысалы: семіз ешкі, семіз адам деуге болады, семіз кітап, семіз киім деуге болмайды, қалың кітап, қалың киім дейміз. Мүндай мысалдар ойшыл, сезімтал, талғампаз болуға итермелейді.

Сын есімнің мағыналық тобын сөйлем ішінде тауып, бірін екіншісінен айырып, жеке сөйлемдерді көшірту қажет. Мүндай тапсырмаларды сыныпта орындалуы керек. Ол үшңн мұғалім алдын ала жеке, сөйлемдерді балаларға оқытып:

Діңмұхаммед, бірінші сөйлемде сын есім бар ма? Болса, қайсы? Үлкен сөзі қай сөзге қатысты? Сурет қандай сөз? Оларға қандай сұрақтар қойылады? - дегендей сұрақтар қойып, сынесім мен зат есім таптарын талдап, айқындап алу керек.

Зат есімдерге қатысты болатын сын есімдерді, сын есімге қатысты зат есімдерді таптыру, оларды тіркестіре білуге үйретілетін жаттығулар жүргізу тиімді. Сондай-ақ жаттығулардын ерекшеліктерін ескере отырып, балаға сын есімдердің қызметі заттардың сындық — сапалары болу екенін білдіру керек.

3-сыныпта негізгі және туынды сын есім туралы алғашқы мағлұмат беріледі. Бұл жаттығу жұмыстары арқылы, яғни берілген сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырату арқылы жүзеге асады. Мәселен ақылды адам, тәртіпті бала, шүрайлы жер, эдепті келін, қызық



46

ертегі тәрізді тіркестерді тақтаға жазып, сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажыратып байқату тәсілмен зат есімдерге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы туынды сын есім жасалып тұрғаны түсіндіріледі. Содан соң негізгі сын есім мен туынды сынесімді салыстырып, олардың бір - бірінен өзгешелігін аңғартамыз.

Тағы бір ескертіп кететін нәрсе: сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарыменіс жүзілік түрғыда таныстыру көзделеді.

Өйткені оқушылар заттардың әр алуан қасиеттерін бір-бірінен салыстырып айту барысында аталған жұрнақтарға кездеспей түрмайды. Сол себепті жаттығулар орындау барысында салыстырмалы шырай жұрнақтарымен таныстыра беру артықтық етпейді, керісенше оқушылардың сөз байлығын молайтады, заттарды сипаттай білуге, өзара салыстырып айтуына мүмкіндік береді. Оқулықтағы 389-392 -жаттығулар осы мақсатқа берілген.

389-жаттығуда негізгі сын есімдерге -дау, -деу, -лау, -тау, -теу, -шыл, -шіл, -ғылт, -ғыш жұрнақтарын жалғап жазып, негізгі сын есімдердің мағынасында қандай өзгеріс болғанын айту.

Мысалы: Ақ-ақшыл, боз-бозғылт, жасыл-жасылдау, сары-сарылау, үлкен-үлкендеу, көк-көкшіл, үсақ-үсақтау.

3-сыныпта сын есімге арналған күңделікті сабақ жоспарының үлгісі:


  1. Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімдер.

  1. Сабақтын мақсаты: Негізгі және туынды сын есімдер туралы
    мағлүмат беру; олардың бір-бірінен өзгешелігін саналы түрде меңгерту.

3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды имандылыққа, сауаттылыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  1. Сабақтың әдісі: әңгімелеу.

  2. Сабақтың көрнектілігі: кітап, кесте, сурет.

  3. Сабақтың барысы.

I. ¥йымдастыру.

  • Оқушылардың кітап, дәптерін түгелдеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе. әңгімелеу.

Оқушылардың назары тақтадағы плакатқа аударылды. Одан біраз мысалдар келтірілді.




Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Талап, білім Ажар, әдеп

Талапты, білімді

Ажарлы, эдепті



47

Сана, көңіл

Саналы, көңілді

Мұғалім кестедегі мысалдарды талдаудан бастайды. Талап сөзіне сұрақ қойыңдаршы. He?

Талапты сөзіне сұрақ қойыңдар. Қандай?

Талап - түбір, -ты - жұрнақ, Таланты - сын есім. Осы арада балалар туынды сын есім тек сын есімнін; өзінен ғана емес, басқа сөз таптарынан да жасалатынын аңғарады.

Туынды сын есімдер зат есімдерден жасалады. Ол үшін -ты, -ті, -ды, -ді, -лы, -т т.б. жұрнақтар жалғанады. IV. Сергіту сэті.

Аппақ болып таң атып, Түтін тіке шығады. Қарлығаштар қанатын, Самғап биік ұшады.

2. Оқулықпен жұмыс.

373-жаттығуды орындау. Сөздерді салыстырып оқу. Қосымшалы сөздерді көшіріп жазып, олардың қай сөз табынан жататынын айыру ақылды, тәртіпті, білгіш, айнадай.

374-жаттығу Мақалмен жұмыс. Сьш есімдердің негізгі және туынды екенін ажырату.

Сулы жер қү_рақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

3. Ойын. «Кім тез табады?»

Жақсы деген сын есімге тіркес келетін біренеше зат есім ойлап жаз.

қыз оқушы

Жақсы <^7 " бала адам жер



Керісінше', «бір зат есімге көп сын есім» ойыны.

Инабаты-

Ажарлы


әдепті ~~ қыз

көңілді


сүлу

48

V. Сабақты қортындалау мына сұрақтар бойынша іске асырылады:

  • Сын есімнің қандай түрлерін өттік?

  • Туынды сын есім қалай жасалады?

  • Негізгі және туынды сын есімнің айырмашылығы неде?
    Мысал келтір.

Әр оқушы осы сұрақтарға жауап береді, сын есімнің ережесі мен сұрақтарын айтып берілуі керек. Өз ойларынан мысалдар келтіріп, сұрақтар қойып, өткен сабақты қортындылап кетеміз, оқушыларға жалау, машина, қоян, сэбіз, жапырақ, түлкі т.б. суреттерін үлестіріп беріп, осы сурет бойынша заттың түсін айыру үшін сөйлем қүр деп тапсырылады. Қай бала тез, дұрыс сөйлем қүрап, бұл сөйлемдегі заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім болатынын түсіндіріп, қандай сұраққа жауап беретінін айыра алса, үтқан болып шығады.

Мысалы, сурет бойынша оқушылар мынадай сөйлемдер ойлап табуға тиісті.

Ту Қара торғай

Көгілдір Қара торғайға

Желбіреді ¥я жасадық

Машина Қоян

Бақытжан жеңіл Сүр қоян

Машинаға мінді қашты

Алма Жапырақ

Мамам қызыл Күзде жапырақ

Алма әкелді сары түске боялады.

VI. 388-жаттығуды жазып келу тапсырылды.

VII. Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет