Қазақ тілін оқытуда жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру


Қазақ тілі сабағында пікірталас (дебат, диспуд) ойындары арқылы жағдаяттық мәселе көтеру



бет4/4
Дата21.02.2022
өлшемі23,32 Kb.
#132734
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:


5.Қазақ тілі сабағында пікірталас (дебат, диспуд) ойындары арқылы жағдаяттық мәселе көтеру. Көбінесе сыныптағы оқушыларды топтастыру арқылы жүзеге асырылады. Топтар арасында белгілі бір мәселе жөнінде ойды, пікірді, жобаны қолдану не жоққа шығару сипатында жүргізіледі. Пікірталас қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысын қамтамасыз ететін ережелердің болуымен ерекшеленеді. Екі тарап өз позицияларын дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар, өз шешу жолдарын ұсынуы да тиіс. Талқыға салынатын тақырып екі жақты әділетті болғаны дұрыс. Мысалы, бір топ «Білім – өмір шырағы» дегенді ақтап шықса, екінші топ «Білім – адамзаттың қас жауы болуы мүмкін» дегенді дәлелдеуге тырысады.
Жағдаяттық тапсырмалар өзінің жарқын бейнесімен ерекшеленеді. Қазіргі заманауи зерттеушілердің (О.Акулова, С.А.Писарева, Е.В.Пискунова) пайымдауынша, жағдаяттық тапсырмалар оқушының функционалды сауаттылығын арттыруда маңызды ресурс болып табылады. Себебі оқушы білімді тәжірибе жасау арқылы алады. Тапсырмадағы жағдаят шынайы қоғамда болып жатқан үдеріс. Өмірде оқушы тұрмақ, ондай жағдаятпен мұғалімнің өзі де кездеспеген болуы мүмкін. «Мұндай жағдайларда мұғалім мен оқушы тапсырманы бірігіп шешуге ұмтылады. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым қатынас «тұлға мен тұлғаға» ауысады. Яғни, мұғалім тапсырманың жауабын білуші ретінде емес, көмекші сипатында көрінеді» [5,96]
Л.С.Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді [6,71]
Функционалдық сауаттылыққа қол жеткізген оқушы дегеніміз мектепте білім алуы барысында өмірдің қалыпты жағдайларында кездесетін түрлі жағдаяттардың шешімдерін таба алатын қабілетке ие болған, негізінен, қолданбалы білімін жүзеге асыра алатын деңгейдегі білім иесі болып табылады. Жинақтай алғанда, функционалдық сауаттылық оқушының жеке тұлғасының əлеуметтенуіне игі ықпал ететін басты тірек болып табылады.
Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану – ұстаз алдына қойылып отырған уақыт талабы. Ю.К.Бабанский: «Сапаны арттыру – нақты жағдайдағы кез келген шешімнің ең тиімді нұсқасын таңдау» - деп атаған болатын. Сондықтан да қазақ тілі сабағында оқушының функционалды сауаттылығын арттырып, сапалы білім беру үшін жағдаяттық тапсырмалардың алатын орны ерекше. Оны қандай жолмен құрастыру, қандай тиімді әдіспен қолдану қажеттігі әрбір ұстаздың еншісінде.
Оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жүмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді, іскерлігі мен дағдыларын адами «с-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. К.Ясперс.Духовная ситуация времени. М., Полит издат, 1991.-520 с.


2. Д.Магнуссон. Писхология ситуации. Психология социальных ситуации-/сост.и общая редакция Н.В.Гришиной.-СПб.: Питер, 2001.- 416с. (Серия «Хрестоматия по психологии»).
3. Томас У., Знанецкий Ф. (Методологические замечания). /Психология социальных ситуации». /Сост. И общая редакция Н.В.Гришиной.- СПб.: Питер, 2001. -416с. (Серия «Хрестоматия по психологии»).
4. Т.Н.Ермекова, Ш.Л.Ерхожина, А.Е.Тоқбаева. «Қазақ тілі» оқулығы. 8-сынып. Арман-ПВ, 2018. 77-бет
5. Акулова О.В., Писарева С.А., Пискунова Е.В. Конструирование ситуационных задач для оценки компетентности учащихся: Учебно-методическое пособие для педагогов школ. – СПб.: КАРО, 2008 – 96 с. С. 25
6. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016. 71-бет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет