Қазақ тілінде «име 2022» дайындыққа арналған «балалар аурулары» жоғары талдау талаптары



бет1/2
Дата03.05.2023
өлшемі47,98 Kb.
#175991
  1   2
Байланысты:
аза тілінде «име 2022» дайынды а арнал ан «балалар аурулары»
aza stan-tarikhy2023

Қазақ тілінде «ИМЕ 2022» дайындыққа арналған «БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ЖОҒАРЫ ТАЛДАУ ТАЛАПТАРЫ


*Балалар аурулары *1*2*3*100*50*

#1
*!Бала 6 айлық. Табиғи қоректенуде. Физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес келеді.


Осы жаста балаға қандай қосымша тағам түрлері көбірек қажет?


#2
*! Тек қана емшекпен емізу және оның бала өлімін азайтудағы мәні туралы ең ықтимал түсінік қандай?

#3
*! Амбулаториялық қабылдау кезінде 2 айдан 5 жасқа дейінгі әрбір науқас балада міндетті түрде анықталатын қауіптіліктің жалпы белгілері қандай?




#4
*!Үйде диареяны емдеудің төрт ережесі?

#5
*!Бала 11 жаста. Шағымы жөтел, ентігу. Ауырғанына 2 апта (жөтел, енжарлық болған. Ентігу, біртіндеп ұстама тәрізді пайда болған. Антибиотиктермен емделіп (пенициллин, кефзол, гентамицин) бірақ жақсару болмады. Тексеру кезінде: кеуде қуысының жұмсақ жағы ентіккенде тартылады, ТЖ 36 минутына, ұстама тәрізді жөтел, өкпеде – өкпелік дыбыс қораптық түрде, қатаң тыныс, көбіне оң жақта ұсақ ылғалды және орта көпіршікті сырылдар.


Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз?

#6
*!Ұл бала 12 жаста, «ысқырықты» ауыр тыныс пайда болуына байланысты, түнде оянды. Тексеру кезінде: тыныс шығаруы қиындаған, ТЖ 30 минутына, ЖСЖ 90 минутына. Өкпеде – қорапты тыныс, әлсіреген тыныс, өкпенің бүкіл бетінде құрғақ ысқырықты сырыл. Балада бір жасқа дейін тағамдық аллергия белгілері болып, артынан дәрілік аллергияға, аллергиялық ринитке жалғасқан. Жағдай алғаш туындаған.


Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы болжам диагноз?
#7
*!Пневмонияны емдеу кезінде бастапқы эмпериялық емге қолданылатын препарат қайсысы?
#8
*!Асқынусыз пневмониядан кейін, балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы қаңдай?

#9
*!Абсцессті пневмониядан кейін, балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы қаңдай?


#10
*!Деструкциялы пневмониядан кейін, балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығы қаңдай?


#11
*!Қыз бала 14 жаста, тамақтан соң 1 сағаттан кейін эпигастрий аймағында тұйықталған ауру мерзіміне,қышқылмен кекіру, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті төмендеген. Ауырғанына 1 жылдай болған.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?

#12
*!Ұл бала 11 жаста, тамақтан соң 1,5 сағаттан кейін пайда болатын қыжыл, іш кебуі, эпигастрий аймағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырғанына 6 ай болған.


Қандай тексеру анағұрлым тиімді?

#13
*!Бала 10 айлық, 8 айдан бастап қосымша тамақтар беріледі. Дене салмағы 6 кг. Тәбеті жоғары, жиі іш кебуі, үлкен дәреті көп мөлшерде. Болжамды диагноз: муковисцидоз.


Диагнозды нақтылауға мүмкіндік беретін тексеру қаңдай?
#14
*!Ұл бала 2 жаста, іш ауыруына,іш кебуіне,полифекалияға, айқын әлсіздікке шағымданады. 9 айында қосымша тағамға ботқалар қосқаннан бастап ауырды. Қойылған диагноз: целиакия.
Диспансерлік бақылау кестесін көрсетіңіз?

#15
*! Ұл бала 7 күндік. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 39 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шартсыз рефлекстері анықталады, организм мүшелері патологиясыз.


Туған кездегі қандай дене салмағының диапазоны осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?

#16
*!6 күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шартсыз рефлекстері анықталады, организм мушелері патологиясыз.


Туған кездегі кеуде айналымының қандай диапазоны осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?

#17
*!9 күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктен, екінші босанудан (ІІ-ші жүктілік – медаборт) осы жүктіліктің 37 аптасында туған. Қарап тексергенде: салмағы 2100 г, бойы 45 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Туған кездегі қандай бой диапазоны осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?

#18
*!1,5 айлық қыз бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктің 34 аптасында туған. Қарап тексергенде: салмағы 2150 г, бойы 46 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, шартсыз рефлекстері анықталады, мушелері патологиясыз. Туған кездегі қандай дене салмағының диапазоны осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?


#19
*!2 айлық ұл бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте төртінші жүктіліктен, екінші босанудан (ІІ-ІІІ-ші жүктілік – медаборт) осы жүктіліктің 31 аптасында туған. Қарап тексергенде: салмағы 2100 г, бойы 45 см, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Туған кездегі қандай бой диапазоны осы нәрестеге ЕҢ ықтимал?

#20
*!7 күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анасының айтуынша шағымдары жоқ. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 39 аптасында туған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары мен склера сарғыштау, шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Туғаннан кейін сарғаюдың қай мерзімде пайда болуы осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?

#21
*!6 күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте үшінші жүктіліктің 39 аптасында туған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар нәрестенің ауыз аймағын тітіркендіргенде еріндерінің төмен түсуі мен басын тітіркендірген жаққа қарай бұру рефлексі байқалады.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?

#22
*!7 күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте бірінші жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, сонымен қатар паравертебральды омыртқаның бойымен арқа терісін тітіркендіргенде, тітіркендірген жаққа бүгіп, ашық доға түзіледі.


Сипатталған шартсыз рефлекстің қандай түрі осы нәрестеде ЕҢ ықтимал?

#23
*!6 күндік ұл бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктің 40 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелері патологиясыз.


Осы жаңа туған нәрестеге неонатальды кезеңде неше рет патронаж жасау ЕҢ тиімді?

#24
*!10 күндік қыз бала. Участкелік дәрігермен екінші рет қаралуда. Анамнезінде: нәресте бірінші жетілген жүктіліктен туылған, жүктіліктің І және ІІ жартысы токсикозбен өткен, босану стимуляциясы іске асырылған және нәресте мойынына бір қайтара кіндік бауы оралып туылған. Анасы 18 жаста, темекі тартады, үйленбеген және әлеуметтік жағдайы қанағаттанарлық.


Тұқым қулайтын аурулары жоқ. Қандай маманның кеңесі осы нәресте үшін ЕҢ тиімді?

#25
*!6 күндік қыз бала. Біріншілік патронаж перзентханадан шығарғаннан кейін 3-ші күні жүргізілді. Анамнезінде: нәресте екінші жүктіліктен, екінші босанудан жүктіліктің 39 аптасында туылған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз.


Осы нәрестені шомылдырғанда қандай бөлме темперетурасы ЕҢ тиімді?

#26
*! ЖТД қабылдауында 7 жасар қыз бала анасымен бірге өсудің тежелуіне, салмағының артуына, негізінен іштің айналасында, дененің үстіңгі бөлігінде май жиналуына, шаршағыштыққа, терісінің құрғауына шағымданады. Объективті: Бойы - 102 см, салмағы -45 кг. Терісі құрғақ, жылы, бозғылт. Пульс – 58 минутына, АҚ – 110/60 мм с.б.б.


Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қою үшін ЕҢ ақпаратты болып табылады?

#27
*!2 айлық қыз бала. Біріншілік патронаж стационардан шығарғаннан кейін 1-ші күні жүргізілді Анамнезінде: нәресте төртінші жүктіліктен, екінші босанудан (ІІ-ІІІ-ші жүктілік – медаборт) осы жүктіліктің 31 аптасында туылған. Қарап тексергенде: салмағы - 2100 г, бойы - 45 см жалпы жағдайы қанағаттанарлық ,негізгі шартсыз рефлекстері анықталады, мүшелер патологиясыз.


Нәрестеге таза ауада серуендеу қандай салмаққа жеткенде ЕҢ тиімді?

#28
*!1 айлық қыз бала. Анамнезінде: нәресте дені сау анадан, 1-ші жүктілік, мерзімі жетіп туған, өмірінің 2-ші күні туберкулез бен вирусты гепатит В-ға қарсы егілген.


Осы нәрестеге біріншілік иммунды жауаптың бастапқы кезеңінде қандай иммуноглубиннің түзілуі ЕҢ ықтимал?
#29

*!4 айлық қыз бала. Балаға ұлттық күнтізбеге сай профилактикалық вакцина жүргізілген, вакцинадан кейінгі асқынулар байқалмады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, организм мүшелері патологиясыз, сол жақ иықтың сыртқы жағында (БЦЖ егілген жер) беткей тыртық анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет