Қазақ тілінің шығу тегін түркі тілдерін жіктеп топтастырған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып анықтау; Орхон-Енисей, Селенге, Талас ескерткіштерімен олардың тілімен, ондағы көне формалармен таныстыру



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі113,34 Kb.
#84944
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
тарихы


Нұр – Сұлтан қаласы Білім және ғылым министрлігі



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақ тілінің шығу тегін түркі тілдерін жіктеп топтастырған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып анықтау; Орхон-Енисей, Селенге, Талас ескерткіштерімен олардың тілімен, ондағы көне формалармен таныстыру


Тексерген: Нұрбанова А.Қ
Орындаған: Елеукенова Р.С
Нұр – Сұлтан 2020 жыл

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

  1. Қазақ тілінің шығу тегін түркі тілдерін жіктеп топтастырған ғалымдардың еңбектерін салыстыра отырып анықтау

  2. Көне Түркі жазулары

  3. Орхон-Енисей жазбалары

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы.
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілін зерттеу Мәскеу мен Ленинградта (Санкт-Петербург) кеңінен етек алды. Республикаларда институттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғарланды. Мәскеу мен Ленинградта шоғырланған тілшілер жалпы және теориялық түркітанымға қатысты мәселелерді зерттеді. В.А.Богородицкий(1879-1941)- көрнекті орыс тіл білімінің, Қазан мектебінің өкілі, түркі тілдерінің фонетикасын салыстыра зерттеген және олардың генеологиялық жақтан классификациясын жасаған ғалым. Е.Д.Поливанов(1891-1938)-жалпы тіл біліміне байланысты көптеген қүнды пікір айтқан ғалым. Ол алтай тіл бірлігін талдап, түркі, монғол, корей және жапон тілдерін зерттеген, озбек тілі диалектологиясының негізін жасаған.Н.К.Дмитриев( 1898-1954)- түркі тілдерінің тарихына байланысты түрік және башқүрт тілдерін жан-жақты зерттеген және жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи зерттеулерге басшылық жасаған, қүнды пікірлер айтқан корнекті орыс түркітанушысы. Н.К.Баскаков( 1905-1993) бүкіл түркі тілдері бойынша қүнды еңбектер жазған, қарақалпақ, ноғай, ұйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді жан-жақты зерттеп, теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалектілік ерекшелігін тексеріп, сөздігін жасаған көрнекті ғалым.

Қазақ жерінде көне замандарда болған рулардан тайпалар, тайпалардан тайпалық одақтар, тайпалық одақтардан қазақтың халық болып қалыптасқаны. Тайпалардың моңғол шабуылына дейін-ақ одақтаса бастағаны. Сол процестің ізімен ру тілдерінен тайпа тілдері, тайпа тілдерінен тайпалық одақтар тілдері, тайпалық одақтар тілдерінен қазақтың халық тілі қалыптасуы. Бұл процестің тек ХҮ-ХҮІ ғасырда аяқталғаны.


XIX ғасыр тіл білімі тарихында ерекше орын алады. Өйткені бұл кезде тіл фактілерінің ерекшеліктері мен өзіндік қасиеттерін ғылыми негізінде дұрыс түсінуге, оларды белгілі бір жүйеге келтіріп қарауға мүмкіндік туғызылатын салыстырмалы-тарихи тәсіл пайда болды. Бұл тәсілдің қалыптасуына байланысты туыстас тілдердің өзара қарым-қатынас, төркіндестігін, сондай-ақ, әрбір нақты тілдің дамуын кезеңдерге болу тәрізді мәселелер қарала бастады. Тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеу идеясы бірсыпыра елдерде, ірі лингвистер енбектерінде де бір кездерде, дәлірек айтсақ, ХІХғ. I жартысында пайда болды. Алғашқыда, көбінесе тілдердегі кейбір сөздердің фонетикалық және семантикалық ұқсастығы өзара салыстырылды. Оның себебі-тілдердің дыбыстық ұқсастығы кездейсоқ болуы да мүмкін. Сондықтан да дыбыстық кешендердің бір тілде немесе бір топ туыс тілдерде өмір сүрген ұзақ мерзімін тұтас алып зерттегенде ғана олардың даму процесін аңғартуға болады.
1) Тіл материалдарын салыстырғанда оның қазіргі жайын өткендегі тарихымен байланыстыра қараған жөн. Осыған байланысты салыстырмалы-тарихи зерттеудін негізгі мақсатты-ең көне формасын анықтау.
2) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде әр тілдің ішкі заңдылығы есепке алынуы керек. Жеке - жеке тіл болып саналатын түркі тілдері өзара ортақ заңдылықтарымен байланысты жатады.
3) Салыстырмалы-тарихи зерттеу хронологиялык зандылықты қатаң сақтау қажет.
4) Салыстырмалы-тарихи зерттеулерде тілдердің генеологиялық жақындығы есепке алынуы керек. Тіл материалдарын салыстырғанда алдымен туыстық тілдердің материалы қамтылуы тиіс. Әр текті тілдер салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісі болмайды(Түркі тілдерін генеологиялық жақтан классификация жасаған(Н.А.Баскаков бойынша)). Оларды: батыс және шығыс хун тілдеріне бөлеміз де, қазақ тілін қыпшақ тобына енгіземіз. Оларды тағы 3 топқа беліп(қыпшақ-құмақ, қыпшақ.бұғар, қыпшақ-ноғай)
қазақ тілін қыпшақ-ноғай тіліне жатқызамыз. Сонда 2-ші генеологиялық жағынан қыпшақ-ноғай тобына енетін ноғай, қарақалпақ тілдер материалдармен салыстырған жөн)
5) Салыстырмалы-тарихи әдістің фактілері-дыбыстар мен оның заңдылықтары, морфологиялық түлғалар, сөйлем жүйесі, және сөздердің лексикалық, грамматикалқ мағыналары.
6) Салыстырмалы-тарихи зерттеуде тек туыстас тілдердің материалы ғана зерттеледі.
Кеңес түркологтарынан салыстырмалы-тарихи зерттеуге өз үлесін қосқан: А.Н.Кононов, В.А.Богородицкий, Н.Н.Дмитриев, Э.Қ.Севортян, Н.А.Баскаков, А.М.Щербак т.б.
Түркологияда салыстырмалы-тарихи зерттеушілер тілдің барлық саласы бойынша жүргізілді. Соның ішінде біршама толық зерттегені-Фонетика. Грамматикалық категориялардың қалыптасу, даму жолдары салыстырмалы-тарихи зерттеудің обьектісіне жатады.
Лексиканы салыстырмалы зерттеу М.Қашқари «Сөздігінен» басталған. В.В.Радлов «Древнотюркский словарь»(1968) жарық көрді. Бүл еңбекте Орхон-Енисей ескерткішітерінін бәрі қамтылған, ғылыми ескерткіштерінің тілі бойынша Ә.Нәджіп, Ғ.И.Фазылов, Ә.Құрышжанов, А.М.Щербактар тарапынан басылған сөздіктер, сондай-ак, Э.М.Севортянның этимологиялық сөздіктерін ерекше атап өтуге болады.
Араб тілінде, араб графикасымен жазылған түркологиялық еңбектер ХІ-ХУ ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жұмыстар істеліпті.
Араб тілді ғалымдар жазған түркологиялық зерттеулердің ең алғашқысы және ең келемді де күндысы түркі әулиетінен шыққан , Бағдат ғалымы Махмұд Қашқари жасаған «Диуани лүғат ит түрік» деп аталатын сөздік. Махмұд сөздігі әдеттегі сөздіктер сияқты тек лексикалық материалдармен ғана айналыспай, ол-өте кең мазмүнды зерттеу. Мүнда түркі тілінің сез колданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бірі-біріне үқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған. Махмұд Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әр түстік қүрамына енетін халықтар тізімін береді. Сондай-ақ, түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөліп, әр топқа жататын тілдердің бір-бірінен дыбыстық, гармматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Түркі тілдері материалдарын бір-біріне салыстыра баяндайды. Түркі тілдерінен 10 мыңға жуық сөз қамтылған. Тілдерді әр түрлі группаға жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Махмұд сөздігі Х-ХІ ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарынық бәріне ортақ еңбек. Сонымен қатар бүл еңбек-тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салғастырмалы әдіс бойынша жазылған түңғыш туынды. Көрнекті ғалымдардың бәрі де Махмұд сөздігін түркі тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді. Араб ғалымдары Махмұдтың Диуанынан кейін бірнеше салыстырмалы сөздіктер жасаған. Сондай сөздіктің бірі- Абулқасым Махмұд ибн Омар жасаған «Муккаддимат әл-адаб» (әдебиетке кіріспе) деп аталатын арабша-парсыша-түрікше моңғолша сөздік. Араб тілінің маманы Абу Хаййан 1312жылы Каирде «Китаб ал-идрак-ли-лисан ал-атрак»(түркі тілдерінің түсіндірме кітабі) атты еңбек жазған. Мұнда түркі тілдерінің лексикасы мен морфологиясы, синтаксисі мен ықшамды түрде қаралған фонетикасы сөз болған. Бұл салаларды сөз еткенде автор оларды түрікмен тілі мен қыпшақ тілі материалдарын салыстыра қарау аркылы айқындайды. Бүл еңбекте түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тіліне тікелей қатысы бар қыпшақ тілінің фонетикасы , грамматикасы, лексикасы жөнінде бай материалдар бар.

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:



  1. Енисей ескерткіштері.

  2. Талас ескерткіштері.

  3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

  1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.

  2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.

  3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.

Қорытынды


Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де Көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Түркістан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007.

  2. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет.

  3. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

  4. Қазақ энциклопедиясы, 7том 9 бөлім

Нұр – Сұлтан қаласы Білім және ғылым министрлігі



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Оғыз системасына тән тілдік белгілердің қазақ тілінде кездесетіндерімен таныстыру, оның себебін көрсету
Тексерген: Нұрбанова А.Қ
Орындаған: Елеукенова Р.С

Нұр – Сұлтан 2020 жыл


Жоспар
Кіріспе


Негізгі бөлім

  1. Оғыз тілдері

  2. Оғыз тілдерінің ерекшелігі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

«Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).


8 ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғасыр бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады.
9 ғасыр соңы мен 11 ғасыр басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы дерек тер 9-10 ғасырлардың басы араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің (9 ғасыр) еңбегінде айтылады.

Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген.





  1. Оғыз тілдер

Оғыз тілдері немесе Оңтүстік-батыс түрік тілдері - ертедегі көне түркі тайпаларының бірі - оғыздардың (кейде ғұз, ұз) тілі. Түркі тілдерінің 6 бөлікшелірінің бірі. Қазіргі заманда Батыс және Орталық Азияда, Шығыс Еуропа елдерінде тараған. Оғыз тілдері көне заманда кең тараған түркі тілдерінің бірі болғанымен, бүгінде ол өлі тілдер қатарына жатады. Ираника энциклопедиясы мәдіметі бойынша, Оғыз тілдерінің құрамына Афшар, Әзірбайжан, Қырымлы, Ғағауыз, Қорасан түркі, Османлы, Печенег, Қашқай, Салар, Түрік, Түрікмен, Ұрым тілдері кіреді.


7-8 ғ-да балбал, сынтастар бетіне жазылған көне түркі жазба ескерткіштерінің Селенга және Орхон өзендерінің бойында табылған бір тобы ( Онгин, Құтлық қаған, Күлтегін, Тониқұқ т.б.) осы көне Оғыз тілдеріне жазылғаны мәлім. Орта ғасырда пайда болған көне түркі жазба ескерткіштердің ішінде Махмұд Қашғаридың сөздігінде («Диуани лұғат ат-түрк») Оғыз тілдерінің ерекшеліктері көбірек сақталған. Оғыздар Түрік қағандығы құлағаннан кейінгі дәуірде өз мемлекетін құрып (орталығы Жаңакент), төңірегіндегі түркі тайпаларының (оның ішінде қыпшақтардың) тіліне зор ықпал жасады және бірнеше дербес тілдерджің (түрікмен, әзірбайжан, гагауз, түрік т.б.) қалыптасуына негіз болды.



  1. Оғыз тілдерінің ерекшелігі

Оғыз тілдері көне түркі тілдерінің ішінде, әсіресе қыпшақ тілдерімен өте жақын болу себебі, біріншіден, олардың төркіндестігі болса, екіншіден, ұзақ тарихи дәуірлер бойы оғыздар мен қыпшақтардың аралас-құралас бірге тұрып, біте қайнасуына байланысты. Алайда көне Оғыз тілдерінің өзіне ғана тән кейбір ерекшеліктері болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет