Қазақ зиялылары мен ағартушыларының ойлары, Қарақаралы петициясы. Дін және жер мәселелесінің қойылуы


Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы



бет2/5
Дата24.12.2021
өлшемі28,54 Kb.
#104771
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих 2
3 дарис
Қазақ депутаттарының Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы

Ресей мұсылмандарының азаттық қозғалысының өрлеу барысындағы үлкен тарихи оқиғаның бірі 1905ж. 6 тамызда шыққан манифест бойынша мұсылман халықтарына да Мемлекеттік думаға депутат сайлау құқығының берілуі еді. Мұсылман зиялы қауымы Мемлекеттік думаны патша өкіметінің мұсылман халықтарына жүргізіп келе жатқан саясатына әсер ету құралы деп бағалап, оның жұмысына үлкен үміт артты. Сондықтан да 1905ж. 11 желтоқсандағы сайлау заңының түз халықтарын Думаға депутат сайлау үшін ерекше ережелер шығарып кемсітетіндіктеріне қарамастан 1906ж. қаңтарда өткен жалпыресейлік мұсылман съезі Думаға бакот жариялаудан бас тартты. Мұсылмандық қозғалысқа атсалысушылар Мемлекеттік думаны мұсылман халықтарының мүддесін қорғаудағы бірден-бір мүмкіндік деп бағалады. «Ресей мұсылмандары одағы» Орталық комитетінің мүшесі А.Ибрагимов мұсылмандар сайлау науқанында ұйымшылдық танытып Думаға көбірек мұсылман депутаттарын енгізсе бәлкім, бірер министр мұсылманнан тағайындалар деген үмітте болды. Алайда, Бұл кезеңде басқарушы бюрократиялық топ патшалық биліктің ұлыдерфавиялық саясатын барынша қызғыштай қорғап, Мемлекеттік думаға шеткері ұлт аймақтардың өкілдерін мүмкіндігінше аз қатыстыруға тырысып бақты. 1906ж. сайлау ережелерін қарастыру барысында Ерекше комиссия мүшелері арасында Орта Азия тұрғындарын Мемлекеттік думаға қатыстырудың қажеті де жоқ, себебі олардың даму деңгейі төмен, әлі заң шығару ісіне даяр емес деген пікір де болған еді [79].

Ерекше комиссия 1906ж. 22 ақпанда Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарының, 25 наурызда Астрахань губерниясына қарасты Ішкі Орданың, 23 сәуірде Түркістан өлкесінің сайлау ережелерін бекітті.

Бұл ережелер бойынша дала облыстарынан 10 депутат сайланатын болды. Оның төртеуі жергілікті халықтың, қалған алтауы орыс тұрғындары мен казактардың үлесіне тиді. Ішкі Ордадан бір орын ғана қазақтарға берілді. Түркістан өлкесінен 13 депутаттық орынның алтауы жергілікті халықтың үлесіне тиді. Қалған жеті орынның алтауы орыс тұрғындарына, біреуі Жетісу казактарына берілді.

Бірінші Мемлекеттік думаға қазақ елі атынан төрт депутат сайланды. Олар Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Орал облысынан – Алпысбай Қалменов, Семей облысынан – Әлихан Бөкейханов, Ақмола облысынан – Шаһмардан Қосшығұлов. Бұлардың ішінде алдыңғы үшеуі жоғары білімді, ал соңғысы дін иесі, молда еді. Осы аталған депутаттардан А.Бірімжанов пен А.Қалменов ғана бар болғаны 72 күн (1906ж. 27 сәуірден – 9 шілдеге дейін) жұмыс жасаған Дума мәжілістеріне қатысып үлгерді. Ш.Қосшығұлов Дума мүшелігіне сайланғаннан кейін орыс тілін білмейді, яғни сайлау ережесінің 55 бабына сай келмейді деген желеумен сайлау комиссиясы оның кандидатурасын бекітпей тастады [82]. Ә.Бөкейханов Дума жұмысына қатынаса алмады. Өйткені ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтасында отырды. Ал абақтыдан шығып Петерборға жеткенде, Дума патша үкімімен таратылып жіберілген еді .

Мемлекеттік дума жұмысына заң бойынша 524 депутат қатысу керек еді. Бұл депутаттарының алғашқы кезде 436-сы, 15 маусымда 448-і жиналып үлгерді. Дума мүшесі Н.А.Бородиннің мәлімдесеміне қарағанда мұсылмандар депутаттарының 3,3%-ін ғана құраған. Шеткері ұлт аймақтардан сайланған барлық депутаттар жиналғанда мұсылман депутаттарының жалпы саны 36-ға жетуі керек еді. Алайда 36 мұсылман депутатының 24-і ғана Дума жұмысына қатысып үлгерді.

Өз жұмысын 1907ж. 20 ақпанда бастаған ІІ думаға сайланған 518 депутаттың 35-і мұсылман өкілі болды. Олардың жетеуі қазақ депутаттары – Орал облысынан Бақытжан Қаратаев, Ішкі Ордадан Бақыткерей Қлманов, Семей облысынан Темірғали Нұрекенов, Торғай облысынан Ахмет Біріжанов, Ақмола облысынан Шаһмардан Қосшығұлов, Жетісу облысынан мұхметжан Тынышбаев, Сырдария облысынан Тілеулі Аллабергенов еді.

ІІ Мемлекеттік думада 35 мұсылман депутатының барлығы І Думадағыдай бір фракция төңірегіне топтаспады. Бұл жолы мұсылман депутаттары «Ресей мұсылмандары одағы» және «Тродовиктер» бағдарламасын қолдаушылары болып екіге бөлінді.

«Трудовиктер» бағдарламасын қолдап, тар таптық мүддені басшылыққа алған 6 мұсылман депутаты «Мұсылман трудовиктер партиясы» деп аталатын фракция құрды. Бұл фракцияға негізінен ішкі губерниядан және Кавказдан сайланған депутаттар енді. «Мұсылмантрудовиктер партиясына» К.Хасанов (Қазан губ.), З.Зайнулов (Баку губ.) және Г.Атласов (Самара губ.) жетекшілік етті [88].

«Ресей мұсылмандары одағының» бағдарламасын қолдаушы мұсылман депутаттары мұсылман фракциясына бірікті. Қазақ депутаттары осы фракция құрамына енді. Фракция бюросының төрағасы болып Уфа губерниясының өкілі, отставкадағы офицер, әрі земство қызметкері Мұхаммедкәрім Биғұлов сайланды. Бюро мүшелігіне қазақ депутат Бақытжан Қаратаев, Уфа губерниясынан сайланған отставкадағы офицер, ірі жер иесі Құтлұғмұхаммед Тевкелев, Орынбор губерниясынан мұғалім Ғабдолрашид Маһдиев, Баку губерниясынан сайланған заңгер Халилбек Хасмамедов және Елизаветполь губерниясынан сайланған заңгер Фатих Хан-Хойский тағайындалды.

ІІ Думада мұсылман фракциясын құруда және оның бюросын ұйымдастыруда А.Топчибашев белсенділік танытты. Ол ІІ Думаға сайланбаса да фракция бюросының жұмыстарына араласып, онымен тығыз қарым-қатынаста болды. Мұсылман фракциясының бағдарламасы «Ресей мұсылмандары одағы» бағдарламасының негізінде жасалды. Фракция бағдарламасын әзірлеу үшін құрылған ІІ адамнан тұратын комиссия құрамында қазақ депутаттарынан А.Бірімжанов болды. Қабылданған бағдарламада фракцияның мақсаты өмір талабына сай, экономикалық, діни және т.б. бірқатар реформаларды жүзеге асыру жолында Ресейдің мұсылман азаматтарының іс-әрекетін бір ізге түсіру екендігі атап көрсетілді. Онда азаматтардың құқығы мәселесі бойынша Ресейдіңазаматтары дініне, ұлтына, жынысына қарамай тең құқықта болсын; әрбір азаматқа ар-ождан, дін бостандығы берілсін делінді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет