Қазахстан Республикасында әлеуметтік –экономикалық жағдайдың тұрақтандырудағы әйелдердің ролі. Қоғамдағы әйелдің ролі


Қазахстан тарихындағы әйелдің әлеуметтік ролі



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі24,32 Kb.
#96272
1   2   3   4   5
Байланысты:
ор12с
Ұлы даланың алып жаршысы. 2-вариант
Қазахстан тарихындағы әйелдің әлеуметтік ролі
Әйелдердің қоғамның саяси өміріне белсенді араласуы 1919 жылдан басталады, ол жұмысшы әйелдер мен шаруа әйелдері арасында үгіт және насихат Комиссиясың құруға байланысты еді. Бұл кезенде жаңа еңбек ресурстарының резервтерін тартуды талап ететің экономикалық жағдай қалыптасты. 1920 жылдың желтоқсанында шығыс әйелдері арасындағы жұмыс туралы мәселе алғаш рет мемлекеттік деңгейде қойылды. Жұмыс істеудің дәстүрлі, ұлттық аясы әйелдердің Қазахстанның қоғамдық және экономикалық рөлін айқындауға жаңа тұрғыдан келу талабын қойды. Жұмыс бастылық құрылымы табиғи шаруашылықпен және халықтық кәсіпшілік тауарларын дайындаумен айқындалады. Әлеуметтік зерттеулер бойынша Қазахстан әйелдері ерлерге қарағанда 2 есе көп жұмыс істеген /1925 ж./ 1921-22ж.ж. экономикалық дағдарыс әйелдердің жұмыс істеуі жағдайын шиеленістіре түсті. Жұмыссыздық әйел еңбегі мен әлеуметтік жағдайын күрделендіріп жіберді. Соған қарамастан әйелдер қозғалысы проблеманы шешуде икемділік көрсетті. А.И.Нухрат басқарған Шығыс әйелдері арасында жұмыс істеу жөніндегі секция аса маңызды міндеттер аясын белгіледі, оны дәл тұжырымдау нақты және барабар шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Жергілікті жерлерде жұмыс істеуге арнылған өнімдер мен нұсқауларды жасау және әйелдерді шағын кәіпкерлік объектілеріне тартуды қоғам дамуының сол заманғы маңызды жұмыстары қатарына жатқызуға болады.
1930-40 ж.ж. аралығында әйелдер қозғалысы жаңа ұрпақты тәрбелеуде орасан үлкен практикалық тәжірибе жинақтады, ол іскерлік белсенділігімен айқындалды. Мәселен, 1939 ж. Болған еңбекшілердің жергілікті кеңес депутаттарының сайлауында сайланушы әйелдер саны 32%-ға жетті (депутаттар құрамының жалпы санымен алғанда). Олардың арасында экономистер, дәрігерлер, инженерлер, агрономдар, зоотехниктер. Саны 21,5%-тен 69% дейінгі орынды қамтиды.
Жоғары білімі бар белсенді, іскер әйелді қалыптастыру күрделі экономикалық жағдаймен байланыты өтті. Әйелдер саяси-экономикалық өмірдің серпінді өзгерісіне бейімделе түсті. Шығыс халықтарының дәстүрлі отбасы мен қоғамдық жұмыс бастылықты ұштастыру жүзеге асты. Отбасының үйдегі және тұрмыстағы бос уақытын реттеу, отбасындағы тәрбиені ұйымдастыру, өмірлік перспективаны құру, жұмысқа және тапсырылған іске деген жауапкершілік, қоғамдық тапсырмаларды орындауға әзірлік т.б. әйелдердің адамгершілік құндылықтары – осының бәрі әйелдердің мемлекеттің дамуына қатысуын қалыптастырды және қабілетін айқындады.
Тарих біздің халқымыздың маңдайына неше алуан қиындылықты бастан кешуді жазған. Осы қиын-қыстау жылдары біздің әйелдер болашақта жақсы күндер туатынына сеніммен қрады. Әйелдердің оғамда, экономикада болып жатқан өзгерістерге көзқарасы, тұтас алғанда, қоғамдық көңіл-күйдің пернесін білдіреді. Қазіргі тұрмыстың кейбір қиындықтарына қарамастан біз тірлігі мен үміті бар адам қазақ қоғамының моральдық тетігі, құндылықтармызды сақтаушылар деп білеміз. Тарихта ел азаматтары-ерлер мен әйелдер жасайды. Біз қазір іскер адамдардың күш-жігерін біріктіру жағдайды өзгертуге, экономиканы көтеруге және келер ұрпаққа лайықты тұрмысты қамтамасыз етуге қабілетті деп білеміз.
Бұл істе ерлер әрқашан әйелдердің қолдауын сезінеді. Балалардың болашағына деген жаупкершілікті түсіне отырып, әйелдер жаңа, жиіленген ырғақты өмір сүріп, жұмыс істей бастады. Бұл ретте әйелдердің тұрмыстың барлық саласындағы, дәлірек айтқанда, экономикадағы жинақылығын, белсенділігін және іскерлігін атап өтуге болады. Н.А.Назарбаев бір сөзінде: «Әйелдер бәрін де жасай алады, ал ерлер қалғанын ғана жасайдың деген француз мақалын еске алған еді. Табиғат әйелді отбасын сақтаушы және бала тәрбиелеуші ретінде жаратты. Бізде бала тербететін әйел ең сұлу әйел делінеді. Ана деген ардақты аттың өзі ештеңеге тең келмейді, оның алатын орны бір бөлек. Еліміз тәуелсіздік алғалы қаншама ауыр кезеңді бастан кешсе де, сол қиындыққа төзіп, қиындықтың құрсауынан шығудың амалын іздеген әйелдер қаншама! Әйелдің өмірде араласпайтын саласы жоқ. Республикамыздың 54% әйелдер қауымы құрады. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларында олардың алатын орны ерекше. Әйелдердің өз ісіне адлдығы, төзімділігі қасиеттері байқалып, бағаланады. Республикамыздағы әйелдердің тең жартысы жұмысшылар мен қызметшілерді құрайды. Көптеген әйелдерді мемлекеттік өкімет басшылығында, қоғамдық ұйымдарда, бизнесте аңғарамыз. Қазақстан әйел адамдарының білім дәрежесі де биік. Орта арнаулы және жоғары білімді мамандардың едәуір бөлігі - әйелдер.
Әйел – қоғамымыздың үлкен күші. Сондықтан да әйелдердің саяси және қоғамдық белсенділігін көрсетіп, оларға жағдай жасалынуы керек. Әйел – ананың, баланың рухы жоғары болса, қоғамымыз да еңселі болады. Әйел – ана, онысыз шаңырақтың шаттығы мен шапағатын көзге елестету мүмкін емес. Шаңырағын шайқалтпай, береке-бірікті келтіретін, ұрпақты өсіретін де әйел. Шаңырақ шаттығын сақтай үшін де үлкен ақылгөйлік, әріден ойлайтын кеңпейілділік қажет. Отбасының берекесін кетірмеу, ұрыс-керістің, бос сөздің алдын алу, араға дәнекер болу әйелге тән қасиеттердің бірі.
Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, оны сездірмей, байқалтпай отыратын – аналар, осындай көргенді жерден тәрбие алған келіншектер де баршылық. «Қазақта қызға қырық үйден тыю» - деген сөз бар. Қыз бала тәрбиесінен шеттеп қалмау керек, себебі ол – ертеңгі ана. Қазіргі қыздарға ұлттық тәрбие ереше қажет. Ол ең алдымен ұлттық намыстан басталуы керек. Тәрбиенің ұлттық негізін бойына сіңіре алмаған қыздар әртүрлі діни ұғымға ұрынуды. Қазақ қыздарының жеңілтек мінезді және өзгеге мазақ болуы ұлтқа сын.
Әдет-ғұрыптарымызды сақтап, дұрыс тәрбие бере отырып, балалардың жүрегіне жеткізу, сана-сезіміне сіңіру мектептің ғана емес, ең алдымен отбасының міндеті болып табылады. Соның ішінде әйел-ананың міндеті. Яғни әйелдердің қоғам өміріне белсене араласуы өте маңызды болады. Отбасы мықты болмайынша, тәрбиенің де сәні болмайды. Себебі отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі. Тізгіні мықты отбасыларының бала тәрбиесіндегі өзіндік тәжірибелері мол қалыптасады. Осындай отбасынан шыққан ұл, қыздарымыз қоғамдық орындарды дамып, жетіле түседі. Жас қрпаққа отбасында болсын, мектепте болсын, қоғамдық орында болсын өнегелі тәрбие беру – біздің ортақ борышымыз.
Ананың бойынан ұлылық, жан сұлулығы баласы мен отбасына деген сезімі арылмауы керек. Әдемілікті, сұлулықты, нәзіктікті әйел қауымының бойынан іздейміз. Дүниеде қаншама сәби, қаншама перзент болса, соншама жүрек Ана деп соғуы даусыз. Осындай заманда отбасының берекесін кетірмей, балаларына тәлімді тәрбие беріп отырған, әкенің адал жары, демеушісі болып табылған сол – аналар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет