Азаматтық құқықтық қатынастың



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі189,24 Kb.
#187207
  1   2
Байланысты:
Pink Minimalist Digital Marketing Presentation 20231001 203501 0000 (1)
Beige Scrapbook Art and History Presentation (3)


Азаматтық құқықтық қатынастың 
элементтері
4 топ


 дегеніміз - қоғамдағы азаматтық-құқықтық
нормалармен реттелетін мүліктік 
жəне мүліктік емес қатынастар жəне
олар өзара азаматтық субъективтік
құқықтармен жəне міндеттермен тығыз
байланысты болып келеді. Бұл нормалар
азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Азаматтық құқықтық қатынастар


Азаматтық құқықтық 
қатынастың элементтері
Субъектілер
Обьектілер 
Мазмұны 


Азаматтық құқықтық қатынастардың
субъектілері 
Жеке тұлға
Заңды тұлға
Мемлекет 
Құқық қабілеттілік
Əрекет қабілеттілік 


Жеке тұлға
Заңды тұлға
Мемлекет 
дегеніміз ҚР азаматтары, 
шетел азаматтары 
жəне азаматтығы жоқ 
адамдар. "Жеке тұлға"
жалпы ұғымы 
ҚР АК-ның 12-бабында 
тұжырымдалған.
заң бойынша азаматтық 
құқықтар мен міндеттердің
субъектісі болып табылатын 
кəсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ 
фирма, т.б. Ол өз атынан
мүліктік жəне жеке 
беймүліктік құқықтар мен
міндеттемелерді сатып 
ала алады. Сотта 
(арбитражда) талапкер 
немесе жауапкер бола алады. 
белгілі бір аумаққа иелік 
етіп, сол жердегі халықтың 
еркін дамуына мүмкіндік 
беретін, қоғам табиғатынан 
туындайтын ортақ істерді 
атқаруға қажетті 
басқарудың жоғарғы
дəрежеде ұйымдасқан 
жүйесі, саяси билік ұйымы.


Құқық қабілеттілік
Əрекет қабілеттілік 
Азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқару қабілетін құқық 
қабілеттілігі деп түсінеміз. Азаматтың құқық қабiлеттiлiгi ол туған кезден 
басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.Азаматтық құқыққа ие болып, 
мiндет атқару қабiлетi (азаматтық құқық қабiлеттiлiгi) барлық азаматтарға
бiрдей деп танылады. (ҚР АК 13бб) Ешкімде адамнан құқық қабілеттілігін 
айыра алмайды. Азамат: ҚР шегiнде де, одан тыс жерлерде де мүлiктi, 
соның iшiнде шетел валютасын меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға
қалдыруға; республика аумағында еркiн жүрiп-тұруға жəне тұрғылықты 
жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркiн шығып кетуге жəне
оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған 
кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзi немесе басқа азаматтармен 
жəне заңды тұлғалармен бiрiгiп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында 
тыйым салынбаған кез келген мəмiле жасасып, мiндеттемелерге қатысу; 
өнертабыстарға, ғылым, əдебиет жəне өнер шығармаларына,
интеллектуалдық қызметтiң өзге де туындыларына интеллектуалдық 
меншiк құқығы болуға жəне т.б. құқықтары бар. (ҚР АК 14бб)
Өз əрекеттерімен құқықтарды иеленіп, оларды жүзеге асыру, сондай-ақ 
міндеттерді белгілеп, орындау қабілеті əрекет қабілеттілігі болады. Азаматтың толық 
көлемдегі əрекет қабілеттілігі ол 18 жасқа жеткен кезден басталады.(ҚР АК 17бб) 
Əрекетке қабілетсіз азаматтардың құқық қабілеттілігін олардың заңды өкілдері 
жүзеге асырады.Құқық қабілеттілігін жүзеге асырудың жалпы жағдайы ретіндегі 
əрекет қабілеттілігімен қатар, заңдар бірқатар жағдайларда оны жүзеге 
асырудың ерекше жағдайларын да көздейді. Бұл - лицензия немесе өзге де 
рұқсаттар алу, арнаулы білім болуы, аттестациядан өту жəне заңдарда 
көзделгенбасқа да мəн-жайлар. Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін
некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған
кезден бастап толық көлемінде əрекет қабілеттілігіне ие болады (АК-ның 17-бб).
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кəмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, 
стипендиясына, өзге де кiрiстерiне жəне өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк
құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мəмiлелер
жасасуға құқылы(ҚР АК 22бб)
Жасы он алтыға жеткен кəмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша 
жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кəсiпкерлiк
қызметпен айналысатын болса, толығымен əрекетке қабiлеттi деп жариялануы 
мүмкiн.Кімелетке толмаған адамды толығымен əрекетке қабiлқабiлетті жариялау
(эмансипация) оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы жəне қамқоршы 
органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi 
бойынша жүйргiзiледi.(ҚР АК 22-1бб)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет