Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы



бет4/19
Дата06.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#80980
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
1193 буйрык
кызме
1

2

3

4

5

1.



Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы





1)

Ұйымдардың басшы-дәрігерлеріне және олардың дәрігер орынбасарларына өздері штатына кіретін ұйымдарда мамандығы бойынша жұмысты жүргізуге рұқсат беріледі



Тиісті мамандық дәрігерінің ЛА 25 %-ына дейін

Негізгі лауазымы бойынша жұмыс уақытының шегінде

2)

Дәрігерлерге (фельдшерлерге) үлгілік штат нормативтерінде белгіленген тәртіппен бөлімшенің (кабинеттердің) меңгерушісі функцияларын орындағаны үшін



БЛА-дан 50 %



2.



Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге төленетін қосымша ақы



2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде қосымша ақы барлық медицина және фармацевтика қызметкерлеріне лауазымдар атаулары мен соларға теңестірілген лауазымдарға қарамастан төленеді. Басқа қызметкерлерге қосымша ақыны денсаулық сақтау ұйымының басшысы еңбек жағдайы зиянды (өте зиянды) және қауіпті (өте қауіпті) жұмыстарға қатысу дәрежесіне қарай, жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері негізінде белгілейді

1)

Инфекциялық- паразитарлық, тері-венерологиялық аурулармен ауыратын;
гериатриялық ауытқушылықтары бар науқастарды (хоспис, мейіргерлер күтім көрсететін үй) (жасына қарамастан) емдегені, оңалту жүргізгені, сауықтырғаны және қызмет көрсеткені үшін



БЛА-дан 20 %



2)

Тастарды толқынды соққымен дистанциялық үгіту, физиотерапиялық, бальнеология-балшықпен емдеу ем-шаралары, эндоскопия; барлық бейіндегі іріңді хирургия бөлімшелерінде, ми қан айналымы бұзылған науқастарға арналған неврологиялық бөлімшелерде емдегені және қарап бақылағаны үшін



БЛА-дан 20 %



3)

Қан мен оның компоненттерін және сүйек кемігін мұздатылған күйде дайындау және сақтау бойынша, емдеу плазмоферез, гемосорбция және гемодиализ бөлімшелерінде (кабинеттерінде), сондай-ақ күрт өзгеріп тұратын атмосфералық қысым немесе оның элементтерін қолдану жағдайларында, вольер жағдайында, вокзалдардағы медициналық пункттерде жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 22 %



4)

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі жұқпалы және паразиттік аурулардың қоздырғыштарымен, физикалық факторлармен, химиялық және радиоактивті заттармен жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 20 %



5)

Аса қауіпті және карантиндік індеттер қоздырғыштарымен және оларды жұқтыруы мүмкін және жұқтыру әлеуеті бар материалдармен, оның ішінде алапес, оба қоздырғыштарымен жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 140 %



6)

Орталық, перифериялық жүйке жүйесі зақымданған және ақыл-ойының дамуында кемістігі бар психикасы бұзылған (оның ішінде балалар үшін); алкогольмен өткір уланудың немесе психоздың салдарынан жарақаттанған ауруларды емдегені және оларға қызмет көрсеткені үшін



БЛА-дан 22 %



7)

Психиатриялық, психоневрологиялық, жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық мекемелерде, наркологиялық ұйымдарда, (бөлімшелерде); емдеу-өндірістік (еңбек) шеберханаларында және ауылдық қосалқы шаруашылықта жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 40 %



8)

Маскүнемдікке, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерінде (МЕПМ) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 35 %



9)

Анестезиология-реанимация құрамына кіретін реанимация және қарқынды терапия, оның ішінде экспресс-зертхана бөлімдерінде (топтарда) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 20 %



10)

Жұқпалы аурулардың тірі
қоздырғыштарымен (немесе ауру жануарлармен), ауру тудыратын вирустармен,
бозғыл трепонеманы иммобилизациялау реакциясын қою бойынша үнемі жұмыс жүргізу үшін көзделген химиялық реактивтермен, аллерген реактивтермен жұмыс істеу кезінде барлық бейіндегі топтар мен кабинеттерде, зертханаларда жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 40 %



11)

Патологоанатомиялық бюрода (бөлімдерде, бөлімшелерде) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 60 %



12)

Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы және АИТВ жұқтырған ауруларды диагностикалау, емдеу, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратындардан және АИТВ жұқтырғандардан келіп түсетін материалдарды зертханалық зерттеудің барлық түрін жүргізгені үшін, ғылыми-зерттеу бірлестіктерінде және олардың құрылымдық бөлімшелерінде бактериялық және вирустық препараттарды өндіру және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы / АИТВ проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгені үшін



ЛА-дан 60 %

Қызметкерлердің тізбесін және белгілеу шарттарын денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.
Көрсетілген қосымша ақы нақты жұмыс істеген сағаттары үшін барабар төленеді

13)

Туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, санаторийлерінде, санаторий-профилакторийлерінде, емдеу-өндірістік шеберханаларында, палаталарында (дәрігерлерден, орта медициналық қызметкерлерден, санитарлардан басқа) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 60 %



14)

Дәрігерлерге, орта медициналық қызметкерлерге, санитарларға туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, орталық аудандық ауруханалардың бөлімшелерінде және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында, туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған емдеу-профилактикалық ұйымдардың санаторийлерінде, санаторий-профилакторийлерінде, бөлімшелерінде, палаталарында, изоляторларында, туберкулезге қарсы күрес кабинеттерінде, балалардың туберкулезіне қарсы денсаулық сақтау ұйымдарында (бөлімшелерінде) жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 190 %



15)

Дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне, санитарларға туберкулез (туберкулезге қарсы) мекемелерінде, диспансерлерінде, орталық аудандық ауруханалардың бөлімшелерінде және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында туберкулездің мультирезистенттік түрімен ауыратын науқастармен жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 220 %



16)

Рентген сәулелі диагностикасын пайдалана отырып жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 100 %



17)

Ультрадыбыстық диагностиканы пайдалана отырып жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 60 %



18)

Паллиативтік көмек көрсету палаталарында (бөлімшелерінде), хоспистерде, мейіргерлер күтім көрсететін үйлерде науқастарды (жастарына қарамастан) емдегені және қызмет көрсеткені үшін



БЛА-дан 40 %



3.



Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы



Лауазымдар мен ұйымдардың нақты тізбесін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді

1)

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдарда және ауруханалар құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін:
медицина қызметкерлеріне;
фармацевтика және басқа да қызметкерлерге



БЛА-дан 25 % дейін
БЛА-дан 20 % дейін



2)

Орта медициналық персоналға күйікке шалдыққан науқастарды емдегені және қызмет көрсеткені үшін



БЛА-дан 20 %



3)

Психикалық ауытқуы жоқ дене бітімінің дамуында кемістіктері бар, статодинамикалық, сенсорлық функциялары және шығару функциялары бұзылған науқас балаларға диагностика жүргізгені, емдегені және оңалту жүргізгені үшін



БЛА-дан 20 %



4)

Сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат-үйлерде жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 30 %



5)

Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 03.02.2017 № 34 қаулысымен.

6)

Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізгені үшін:
қарттармен жұмыс істегені үшін;
мүгедектермен, оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалармен жұмыс істегені үшін;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалармен және 18 жастан асқан мүгедектермен жұмыс істегені үшін;
белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдармен (әлеуметтік бейімдеу орталықтарында) жұмыс істегені үшін;
қатыгездікке ұшыраған адамдармен жұмыс істегені үшін;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен жұмыс істегені үшін



БЛА-дан 30 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 50 %
БЛА-дан 60 %
БЛА-дан 40 %
БЛА-дан 60 %



7)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жедел медициналық көмек көрсеткені үшін



БЛА-дан 50 %



8)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында, ауруханаларда сотталғандарды емдегені үшін медициналық қызметкерлерге



БЛА-дан 40 %



9)

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің (оның ішінде балалар үйлерінде), тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, ауруханалардың, фармацевтика қызметкерлеріне



БЛА-дан 30 %



10)

Шұғыл медициналық көмекті тікелей көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтардың медицина қызметкерлеріне



Күту және ұдайы әзірлікте болу режиміндегі кезекшіліктің әр сағаты үшін сағаттық мөлшерлемеден 25%



4.



Аумақтық учаске жағдайында
медициналық көмек көрсеткені үшін қосымша ақы

БЛА-дан 50 %

Лауазымдар мен ұйымдардың нақты тізбесін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді

5.



Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы



Қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психо-эмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары осы қаулыға 21 қосымшаға сәйкес белгіленеді

1)

Жұмысы психоэмоциялық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын кардиохирургиялық, трансплантологиялық, нейрохирургиялық және микрохирургиялық бейінді, оның ішінде балалар мамандары:





Жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсететін ұйымдар



дәрігерлер:
кардиохирург, трансплантолог, микрохирург, ангиохирург, нейрохирург;



БЛА-дан 200 %





орта медициналық персонал:
операция мейіргері, реаниматология, анестезиология және қарқынды терапия бөлімшелерінің (топтарының) анестезиология мейіргері



БЛА-дан 150 %



2)

Жұмысы психо-эмоционалдық және дене жүктемесімен жоғары дәрежеде ұштасатын хирургиялық және акушер-гинекологиялық, неонатологиялық, гематологиялық бейінді, оның ішінде балалар мамандары:





Стационарлық медициналық жәрдем, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсететін ұйымдар



дәрігерлер:
неонатолог акушер-гинеколог жалпы хирург абдоминальді хирург торакальді хирург ангиохирург нейрохирург анестезиолог-реаниматолог эндокринологиялық хирург уролог проктолог онколог-хирург маммолог травматолог-ортопед (оның ішінде травматологиялық пункттердің) жақ-бет хирургі пластикалық хирург камбустиолог офтальмолог оториноларинголог эндоскопист трансфузиолог



БЛА-дан 150 %





орта медициналық персонал:
операция мейіргері перзентхана бөлімшесінің акушері реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің (топтарының) анестезия мейіргері қарқынды терапия палатасының мейіргері нәрестелердің физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің, шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын мейіргер травмотологиялық бейінді мейіргер



БЛА-дан 100 %

Стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық жәрдем көрсететін ұйымдар
Травматологиялық пункттер



хирургиялық бейінді мейіргер



БЛА-дан 50 %





гематолог, химиялық терапевт



БЛА-дан 80 %





химиялық терапияны жүзеге асыратын мейіргер



БЛА-дан 40 %



3)

Хирургиялық бейінді, оның ішінде балалар мамандары:





Консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдар



дәрігерлер:
хирург уролог онколог-хирург маммолог травматолог-ортопед офтальмолог оториноларинголог стоматолог-хирург акушер-гинеколог



БЛА-дан 80 %





орта медициналық персонал:
хирургиялық бейінді мейіргер



БЛА-дан 50 %



4)

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының мамандары (қала мен ауыл)









Дәрігерлер:
жалпы практика терапевті (учаскелік) педиатры (учаскелік)



БЛА-дан
200 %

Ауылда орналасқан дәрігерлік амбулатория, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы, емхана



орта медициналық персонал:
учаскелік мейіргер жалпы практика мейіргері фельдшер акушер мейіргер



БЛА-дан 150 %

Ауылда орналасқан медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория, Медициналық- санитариялық алғашқы көмек орталығы, емхана



дәрігерлер:
жалпы практика терапевті (учаскелік) педиатры (учаскелік)



БЛА-дан 150 %

Қалада орналасқан дәрігерлік амбулатория, Медициналық- санитариялық алғашқы көмек орталығы, емхана



орта медициналық персонал:
учаскелік мейіргер, жалпы практика мейіргері, фельдшер, акушер, мейіргер



БЛА-дан 100 %

Қалада орналасқан дәрігерлік амбулатория, Медициналық- санитариялық алғашқы көмек орталығы, емхана

5)

Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің) қызметкерлері: патологоанатом, оның ішінде балалар патологоанатомы



БЛА-дан
150 %


Мәйіттерді тікелей сараптаумен және мәйіт материалдарымен айналысатын мамандарға.
Мәйіттерді тікелей ашумен айналысатын мамандарға

6)

Жедел медициналық жәрдем станцияларының (төтенше) (бөлімшелерінің) қызметкерлері:









жедел және шұғыл (төтенше) медициналық жәрдем дәрігері (оның ішінде аға дәрігер)



БЛА-дан 150 %





жедел (төтенше) медициналық жәрдем станциясының фельдшері



БЛА-дан 120 %





мейіргер медициналық тіркеуші, санитар, жүргізуші



БЛА-дан 100 %


Ескертпелер:


1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіз бойынша: медицина және өзге де персонал үшін туберкулезді емдеу-профилактикалық мекемелерінде (палаталарында, бөлімшелерінде, интернат-үйлерде) – БЛА-дан 220 % мөлшерінде, наркологиялық ұйымдардағы және маскүнемдікке, нашақорлыққа, уытқұмарлыққа шалдыққан науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдарда – БЛА-дан 40 % мөлшерінде, 20 %-дан 22 %-ға дейін қосымша ақы көзделген басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде – БЛА-дан 23 % мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлері кезекшілікті атқарғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы орган бекітеді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар арнаулы органдар, ішкі істер органдары жүйесінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Мейіргерлерге "Бас" мәртебесі үшін БЛА-дан 30 %, "Аға" мәртебесі үшін БЛА-дан 25 % қосымша ақы төлеу белгіленеді.
5. АИТВ – адамның иммунтапшылығы вирусы.


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
6-қосымша

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар
Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 940 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с


Қосымша ақылардың атауы

Қосымша ақылардың түрлері

Қосымша ақылардың мөлшері

Ескертпе






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет