Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі азматтар



бет1/12
Дата07.02.2022
өлшемі177,5 Kb.
#89783
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Тұлғалар құқығы


1-ші сұрақ

Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі – азматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттіліг арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық кодестің 13-ші бабына сәйкес, азматтық құқық қабілеттіліг дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.


Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз: Қазақстан республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Азаматтың есімі: азамат тегі мен есімін, сондай-ақ, қалауы бойынша — әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады; заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс.
Яғни, баланың туу тегін белгілеу төменгі жағдайдағыдай жүзеге асады:

  1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.

  2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата-ансының неке туралы жазбасымен куәландырады.

  3. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі осы баптың 4-тармағында немесе “ҚР-ның Неке және отбасы туралы” заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді.

  4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін боламаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айрылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен белгіленеді..

Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды; азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді; есімін өзегрткен азамат өзінің бұрынғы есіміне рәсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы; басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді; азамат өз есімі оның келісімінсіз пайланылған жағдайда, оған тиым салынуын талап етуге құқылы; азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян АК-тің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.
Азаматтың есімі оның абыройына, қадір — қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда АК-тің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады.
Заңдар бойынша азматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекн оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады.
Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол – азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейтесті мәселелерінің бірі.
Азаматтық құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азматтарына теңдей мойындалады.
Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азамттық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жынысына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық кодекстің (негізгі бөлім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.
Азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына тоқталатын болса, ол жайында Азаматтық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет