«Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы


 Іске асыру кезеңдері және межеленген нәтижелер



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата04.01.2022
өлшемі403,14 Kb.
#109461
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2020 zhyl adeyingi
2020 zhyl adeyingi, 2020 zhyl adeyingi, Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру-engime.org
3. Іске асыру кезеңдері және межеленген нәтижелер

 

Мемлекеттік  жастар  саясатын  одан  әрі  дамыту  кезең-кезеңімен 



былайша жҥзеге асырылатын болады: 1) 2013 – 2015 жылдар аралығындағы 

кезең.  Тҧжырымдаманы  іске  асыру  шеңберінде  орталық  мемлекеттік  және 

жергілікті  атқарушы  органдардың,  азаматтық  қоғам  институттарының  және 

бизнестің  қҧзыретті  ӛкілеттілік  аймағын  нақтылайтын  салааралық  ӛзара  іс-

қимылдың тиімді ҥлгісі қҧрылатын болады. Кӛрсетілген міндетке қол жеткізу 

мақсатында  барлық  деңгейдегі  әкімдіктер  жанындағы  консультациялық-

кеңесші  органдар  арқылы  мемлекет  пен  жастардың  ӛзара  іс-қимыл  жасау 

әдістерін  жетілдіру  қажет.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

жанындағы Жастар саясаты жӛніндегі кеңес жастар саясатын тҧрақты негізде 

жетілдіруге негізделген ҧсыныстарды әзірлеу мәселесінде ҥйлестіруші рӛлін 

арттыруға  бағытталған  жҧмысын  жалғастыратын  болады.    Жастар 

саясатының  бағдарламаларын  іске  асыруға  Қазақстан  Республикасының 

Кәсіподақтар  федерациясы,  «Атамекен  Одағы»  ҧлттық  экономикалық 

палатасы, «Самҧрық-Қазына» ҧлттық әл-ауқат қоры» және жастар ҧйымдары 

жҧмылдырылады.    Алдағы  кезеңде  орталық  мемлекеттік,  жергілікті 

атқарушы  және  ӛкілді  органдардың  республикалық  және  ӛңірлік  жастар 

ҧйымдарымен  ӛзара  іс-қимыл  жасауының  жобалық  тәсіл  мен  әлеуметтік 

нәтижеге  қол  жеткізу  қағидаттарына  негізделген  жаңа  схемасы  іске 

асырылады.  Орталық  және  жергілікті  деңгейлерде  жастардың  барлық 



санатын  қамтитын  орта  мерзімді  болжамды  негізде  әлеуметтік  жобаларды 

іске  асыруға  мҥмкіндік  беретін  әлеуметтік  тапсырысты  орналастырудың 

салалық  қағидаты  белсенді  қолданысқа  ие  болады.  Тҧжырымдаманы  іске 

асырудың бірінші кезеңінде жастар саясатының бірінші кезекті іс-шаралары 

әзірленетін болады.  Жастарды жҧмыспен қамтуға, жҧмысқа орналастыруға, 

қол  жетімді  тҧрғын  ҥйге  және перспективалы  бизнес-идеяларды  тәжірибеде 

қолдануға  бағытталған  жобаларға  қатысу  және  ӛту  шарттары  дәйекті  тҥрде 

жетілдірілетін болады.  Тҧжырымдаманы іске асырудың бастапқы кезеңінде 

жастармен  тҧрғылықты  жері,  оқуы  және  жҧмысы  бойынша  мекенжайлық 

ӛзара 


іс-қимыл 

жасауға 


бағытталған 

біртҧтас 

инфрақҧрылымды 

қалыптастыру бойынша жҧмыс басталатын болады.  Тҧжырымдаманы жҥзеге 

асыру  процесінде  мемлекеттік  жастар  саясатындағы  мониторингінің, 

талдаудың  және  реттеудің  жаңа  қҧралдары  әзірленетін  болады.  Барлық 

мҥдделі  тараптардың  кҥш-жігері  жастардың  қажеттілігін  және  жастар 

арасындағы  хал-ахуал,  беталыстарын  ескеретін  нысаналы  ақпараттық 

сҥйемелдеумен  қамтамасыз  етіледі.    2)  2015  –  2020  жылдар  аралығындағы 

кезең.    Жастардың  мҥдделері  мен  қажеттіліктерін  қозғайтын  барлық 

бюджеттік 

бағдарламаларды  іске 

асыруды 

бағалаудың 

нысаналы 

индикаторларын  енгізу  маңызды  шарт  болады.  Жастар  саясаты  саласында 

мемлекеттік  органдар  іске  асырып  жатқан  іс-шараларға  талдау  жҥргізіліп, 

оның  қорытындысы  бойынша  мемлекеттік  жастар  саясаты  саласындағы 

міндеттерді  іске  асыру  ҥшін  нысаналы  трансферттер  бӛлу  мҥмкіндігін 

қарастыру  болжануда.    Жастардың  бастамаларын  қолдау  және  оларға 

мемлекеттік  және  ақпараттық  қызметтердің  барлық  спектрін  кӛрсету 

орталықтарын  қҧру  туралы  мәселе  қарастырылатын  болады.  Ҧлттық 

еріктілер желісі жаппай дамуда.  Тҧжырымдаманы ойдағыдай іске асырудың 

тҥйінді  шарты  білім  беру  жҥйесінде  жастармен  ӛзара  іс-қимыл  жасау 

әдістерін қайта қарау болып табылады. Барлық жоғары оқу орындарында жас 

отбасыларға  ақыл-кеңес  қызметін  ҧйымдастыру,  отбасы  қҧндылықтарын 

насихаттау  жӛніндегі  бағдарламаларды,  спорт  инфрақҧрылымын,  соның 

ішінде  мемлекеттік-жеке  меншік  әріптестік  шеңберінде  нысаналы 

бағдарламаларды  іске  асыру  мҥмкіндігі  пысықталады.  Барлық  оқу 

орындарының  спорт  залдарын  жаңарту,  жалпы  дене  шынықтыруды  және 

спортты ӛткізу стандарттарын қайта қарау мәселелерін зерделеу болжануда. 

Студенттік  спорттың  ҧлттық  лигалары  жаппай  қҧрылатын  болады.  

Жастарды кеңінен әлеуметтендіру процесіне жҧмыс берушілер бірлестіктері 

және  кәсіподақ  қозғалыстары  тартылады.  Орта  және  ірі  бизнес 

кәсіпорындарында  кадрлық  әлеуетті  қолдау  мен  дамытудың  ҧзақ  мерзімді 

бағдарламалары,  соның  ішінде  тҧрғын  ҥй,  білім  беру  және  сауықтыру 

бағдарламалары  іске  асырылатын  болады.  Еңбек  ҧжымдарында  жастардың 

әлеуметтік кӛңіл-кҥйін орнықтыру жӛніндегі бағдарламаларды іске асыратын 

бизнесті  әлеуметтік-экономикалық  ынталандыру  шаралары  дәйекті  тҥрде 

қолданылатын  болады.    Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың  тапсырмасы  бойынша  қҧрылған  «Жастар»  ғылыми-зерттеу 

орталығы жоғары кәсіби әдістемелік орталыққа айналып, қызметі әлеуметтік 




зерттеулерді әзірлеуге және іске асыруға, мониторингіге, талдау шолуларын 

әзірлеуге  және  т.б.  зерттеулерді  іске  асыруға  бағытталады.  Жастармен 

атаулы  ӛзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ететін  барлық  мҥдделі  тараптар 

ӛкілдерінің  біліктілігін  арттыру  және  оқыту  бойынша  жҥйелі  жҧмысты 

бастау  мҥмкіндігі  зерделенеді.    Осылайша,  жастармен  ӛзара  іс-қимыл 

жасаудың  барлық  тетіктері  тҧрақты  даму  процесінде  болады,  бҧл  ретте 

орталық  деңгейде  де,  ӛңірлік  деңгейде  де  мемлекеттік  жастар  саясатының 

нормативтік-қҧқықтық  қамтамасыз  етілуін  жетілдіру  басым  бағытқа 

айналады.    Жас  қазақстандықтардың  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын 

жақсарту,  жастардың  білім  алуы  және  кәсіптік  ӛсуі,  олардың  қоғамның 

әлеуметтік-экономикалық  ӛміріне  қатысу  дәрежесін  ҧлғайту  Мемлекеттік 

жастар  саясатының  тҧжырымдамасын  іске  асыру  нәтижесіне  айналуға  тиіс.  

«Қазақстан – 2050» стратегиясының міндеттері мен мақсаттарын іске асыруға 

белсенді 

қатысу 

жаһандық 

бәсекелестіктің 

жаңа 


жағдайларында 

Қазақстанның  қарқынды  дамуын  қамтамасыз  етеді  –  жастардың  жетістігі 

бҥкіл ел жетістігінің берік кепіліне айналады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет