«Қазақстан арман елі» «Біз Отанымызды мақтан тұтамыз»



Дата08.11.2023
өлшемі27,5 Kb.
#190346
Байланысты:
эссе
99 есім, Мен елімнің ертеңімін. Тәрбие сағаты. (копия)

« Қазақстан - арман елі »
«Біз Отанымызды мақтан тұтамыз»
Мен - Қазақстан азаматшасымын. Қазақстан - туған жерім, ыстық ұям. Мен Қазақстанда туғаныма мақтан тұтамын.
Қазақ елін біздің ата-бабаларымыз жаудан қорғап, қанша қан төккен. Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр т.б. батырларымыз елімізді жаулардан қорғаған. Осындай бейбітшілік заман, гүлдеген Қазақстан осы бабалардың арқасында дамыды.
Қазақстан дүние жүзіндегі жер көлемі жағынан ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Біздің астанамыз - Бас қала Астана ! Біздің елде көптеген ұлттар тұрады. Орыс, шешен, қырғыз, ұйғыр, т.б. ұлттар мекендейді. Қазақстан тату, көп ұлтты мемлекет қатарына жатады. Қазақ жерінде барлық ұлт еркін өз тілінде сөйлей алады. Ол біздің сыйластығымыз, басқа ұлт өкілін құрметтеуіміз. Бірақ басты тіліміз – қазақ тілі болып саналады. Шекарасы жағынан 5 мемлекетпен шектеледі. Олар: Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстан.
Ел басқару жүйесі – президеттік жүйе. Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін алды. Сол кездері қаншама жастарымыз тәуелсіздік құрбаны болды. Тәуелсіздігімізді алған кезде біздің алғашқы президент болып – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағайындалды. 2019 жылы екінші президентіміз болып Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев отырды. Осы президенттеріміздің арқасында тыныш өмір сүріп келеміз. Қазіргі уақытта елде жиырма облыс бар. Олар: Ұлытау, Абай және Жетісу. Қазақстан өсіп, жыл сайын дамуда.
Мен Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келдім. Алдағы уақытта өзімнің туған жеріме өз үлесімді қосуға ат салысамын.
Қазақстан тәуелсіздігін алғанына биыл 32 жыл болды.Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Қазір біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемлекетіміздің дамуына септігін тигізер үлкен азаматы болам деген арманмен өмір сүреміз. Сабақты жақсы оқып, мейрімді әрі кеңпейлді болып,үлкендерді құрметтеп, көп нәрсені үйреніп, адамдардардың қайғы-мұнына жанаршылық танытып, көмектесе білуіміз керек.
Қасиетті Отанымыздың жарқын болашағы жолында күні бүгіннен қарышты қадамдар жасап, жаңа Қазақстанды қалыптасуға өз үлесімізді қосайық! Азат еліміздің көк байрағын жеңісті күндерде желбіретіп , ата-бабаларымыз артқан сенім биігінен бірге көрінейік!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет