Қазақстан халықтарының ассамблеясы


Мәдениет пен руханияттың орталығына айналған Астанада Әлемдік конфессиялардың өкілдері үш рет кездесіп, өмірлік маңызы бар мәселелердің шешімін тапты



бет7/8
Дата01.05.2022
өлшемі27,17 Kb.
#141599
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Эссе
Blue Doodle Project Presentation
Мәдениет пен руханияттың орталығына айналған Астанада Әлемдік конфессиялардың өкілдері үш рет кездесіп, өмірлік маңызы бар мәселелердің шешімін тапты.
Мемлекет басшысы сессия жұмысына бірнеше ондаған елден келген қонақтар, Дүниежүзілік рухани мәдениет форумының делегаттары қатысып отырғанына назар аударды. Олар елордамызға жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күні келді. Бұл күні 1992 жылы Алматыда Халықаралық, этносаралық және конфессияаралық қатынастарда жалпыадамзаттық құндылықтарды басым деп жариялаған Рухани келісімнің бірінші халықаралық конгресі өтті.
"Ассамблея тарихы-біздің тұрақтылығымыздың тарихы. Бұл бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың 15 жылы", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біздің ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыздың "сенім, дәстүрлер, транспаренттілік және толеранттылық"деген ортақ ұранымен өтіп жатқан сессия кездейсоқ емес. Өткен 15 жыл ішінде орасан зор жұмыс атқарылды. Қазақстан халқы күн сайын адамдар арасындағы сенімді нығайтып, Отан тағдыры үшін ортақ жауапкершіліктің жаңа дәстүрлерін қалыптастырды, сондай — ақ транспаренттілікті-этносаралық және конфессияаралық қатынастардың ашықтығын қамтамасыз етті. Төзімділік Қазақстанның табысты және сенімді дамуының маңызды факторына айналды. Бұл қағидаттар еліміздің сыртқы және ішкі саясатының рухын көрсетеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы — қысқа мерзім ішінде бүкіл әлемге, ең алдымен этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы тәжірибенің арқасында танымал болған елдің визит карточкасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет