Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті



Дата11.01.2022
өлшемі15,82 Kb.
#110878
Байланысты:
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
sabaq-kz attachment soch.-tzhb-biologiya-8-synyp..., БЖБ, ТЖБ кесте 1-тоқсан, Бақылау жұмыстары

Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті.

Бүгінгі күнге дейін адамзат тарихы әлі бірқалыпты зерделенбеген,

мәдениеттердің өзара әрекеттесуі сыртқы саясаттың айқындалуы ретінде

қарастырылды. Негізінде әрбір мәдениеттің жергілікті, автономдық даму

тұжырымдамасы бекітілді. Тарихнамада қалыптасып қалған біреуінің басқалардан «үстемдігі» идеясы, көптеген халықтардың бейнесін жалғанға

шығарды. Ақырында Бүкіләлемдік тарих тек Батыстың тарихы ғана болды.

Тарихи аспектіде «өзара әрекеттесу» ұғымының категориялық тұрғыдағы

ыңғайын ұғыну тұтас та, қандай да бір қажетті процестің мағыналық

проблемаларын шешер еді.

Көшпелі мал шаруашылығының және сәйкес өмір салтының пайда

болуы шаруашылық қызметі саласында бұзып өту және ұтымды жауап

болды. Көшпелілік шаруашылық айналымына Еуразия кеңістігін

жұмылдырды. Номадтар ежелгі өркениеттердің және жеке аймақтардың

мәдени-шаруашылық тұйықтығын бұзды, тайпалардың ішінде, жеке

халықтардың арасында эконо-микалық және мәдени байланыстарды кеңінен

қамтамасыз етті. Осыдан, номадтықтың дұрыс мағынасы осыдан тұрады

деген ой келеді. Екі орта (көшпелілер әлемі мен егіншілер әлемі) арасындағы

интеграл таңбасы сияқты, өз қызметінің және тіршілігінің прогрессивті

және драмалы сипатын анықтады. Табиғаты бойынша көшпелілік -

бағытталған өзара әрекеттесу қабаты. Өзара әрекететсуде дамуы - бұл

адамзаттың тіршілік етуінің шарты. Гүлденуші мәдениет – бұл

басқалармен үздіксіз байланысу өнімі.

Әлемдік мәдениет аясында, қазақ халқының тарихы субъект

мағынасында көшпелі өркениет ретінде қарастырылады. Атап айтқанда,

Қазақстан тарихы көшпелі дәстүрлер әлемін білдіреді. Б.э. дейінгі ІІ-І

мыңж. шебінің өзінде-ақ Қазақстан территориясында мал шаруашылығы -

шаруашылықтың негізгі, сонан кейін билік етуші түрі болған. Біздің

олжаларыздың тарихи мағынасына жүгініп, (Ботай энеолитикалық қонысы.

Сүйектер мүрделерінің 99%-і жылқыларға тиесілі болған. Көкшетау аймағы;

Тамғалының «портреттік галереялары». Жауынгерлердің бейнелері. Алматы

аймағы), «тас» адамның өзінде-ақ мекендеу ортасымен ерекше қатынастар

қалыптасқан деп сенімділік-пен болжауға болады. Ол бастапқы, «жылқы

шаруашылығы мәдениетінің үйірлі түрін» қалыптастырды. Үлкен жетістіктер

қатарына көшпелі шаруашылықтың шығу тегінде орасан зор роль атқарған,

жылқыларды қолға үйрету процесін, атап айтқанда, тұтас алғанда

өркениеттің дамуын жатқызуға болады. Қазақстан көшпелілерінің

шаруашылық-мәдени жүйесін қалыптастыруда жылқы ролінің маңыздылығы

сөзсіз болып табылады. Бірнеше мыңжылдықтар бойында жылқы,

көшпелілер қатынасының басты құралдарының бірі болып табылған.

Тамақтану, тасымалдау көзі болды, әскери істе алғашқы рольді атқарды.

Жылқы құрал ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік дифференциация негізі

де, байлық көрсеткіші де, дала тұрғыны игілігінің өлшемі де болды.

Көшпелі мәдениетте бірінші кезекте барлығы атқа бағдар алғандықтан, ол

«алаш» ұғымында көрініс тапты. Бұл оқиғалартуралы естеліктің ұзақ сақталғаны соншалықты, тарихи ата-бабалар жайында сөз болғанда, әдетте

қазақ: «Алаш Алаш болғанда, Алаша Хан болғанда» - деген. Ал бастамасы

мифологияның өзінде-ақ - қанатты ат - «алаш» бейнесінде салынған.

Қазақстан далаларында «ең жақсы аттарды құрбандыққа шалған. Аттың басы

мен тұяқтары қорға-ныш... болған, тұлпардың тұяқтарының жартастағы

бейнелеріне табынған, олар Орталық Қазақстанда, Қаратау және Маңғышлақ

тауларында көп ашылған. Бұл суреттерді қазақтар тұлпар тас деп атайды.

Тұлпар тұяғының бейнесі Орталық Қазақстан мазарларының, мысалы Кеңгір

өзенінде Келін там мазарының күйдірілген кірпіштерінде де кездеседі (13



ғ.)».

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет