Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау


-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылық



Pdf көрінісі
бет98/117
Дата23.11.2023
өлшемі2,14 Mb.
#193155
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117
Байланысты:
Публикация на каз

5.8-кесте. Мектептегі зорлық-зомбылық 
оқиғаларын тіркеу/есепке алу
Толық іріктеме 
N = 40
n
%
Сіздің мектепте зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы 
ақпарат ресми тіркеледі
13
32,5%
Өткен жылы (2011-2012 оқу 
жылы) мектепте ресми тіркел- 
ген зорлық-зомбылық оқиғала-
рының санын көрсете алады 
2
5,0%


131
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғаларын тіркеу/есепке алу 
тәжірибесі туралы сұрақ қойылды. 5.7-кесте 
көрсеткендей, мектеп директорларының 55,0%-
ы нормативтік құжаттарға сәйкес мектептегі 
зорлық-зомбылық оқиғаларын тіркеуге 
міндетті екендіктерін мәлімдесе, 5.8-кесте 
көрсеткендей, мектеп директорларының 32,5%-
ы мектептеріндегі зорлық-зомбылық туралы 
ақпараттың ресми тіркелгенін хабарлаған. Бұған 
қоса, екі мектеп директоры (5,0%) өткен жылы 
(2011-2012 оқу жылы) мектептерінде ресми 
тіркелген зорлық-зомбылық оқиғаларының саны 
туралы мәлімет келтіре алатындығын баяндаған. 
Бір мектеп директоры екі оқиға туралы, ал екіншісі 
өткен жылы мектептерінде тіркелген үш зорлық-
зомбылық оқиғасы туралы мәлімдеген. 
Мектеп директорларының 32,5%-ы мектептегі 
зорлық-зомбылық оқиғалары туралы рес-
ми тіркегендіктерін мәлімдегенмен, мұндай 
оқиғалар туралы ресми тіркегендігі жөнінде 
мектеп директорларының аз көлемі хабарлаған. 
Бірнеше директордың түсіндіруінше:
«Біз оқушылар арасындағы төбелес пен сөз 
қағысуларды тіркейміз. Әлеуметтік педагогтер 
барлық ақпаратты тіркеп, балаларды татула-
стыру үшін бар күшін салады» [38].
«Балаларға қатысты барлық ақпарат тіркеледі; 
төбелес, ұрлық, тіпті рэкет. Бірақ біздің ба-
лаларымыз тәрбиелі, сондықтан біз елеусіз 
оқиғаларды тіркейміз, себебі біздің мектепте 
басқа жағдайлар болмайды» [25].
«Біз тұлғааралық қайшылықтарды тіркейміз. 
Біздің мектепте баланы басқа бала ақша боп-
салап, зәбірлеген жағдай болды. Біз хаттама 
дайындап, әлеуметтік педагогтер оны тіркейді» 
[17].
«Біз балаға басқа баланың тіл тигізу оқиғасын 
және балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 
болуын тіркейміз» [13].
«Егер бала қауіп-қатер тобына қосылған 
болса, балаға жеке іс жүргізіледі; онда 
денсаулық жағдайын, тұрмыс күйін,үлгерімі 
мен психологтың бақылауын қоса алғандағы 
барлық мәліметтер тіркеледі. Келешекте бала 
бақылауда болады» [11].
«Біз бірнеше баланы мектепте және прокурату-
рада тіркедік, бірақ бұл осыдан 2-3 жыл бұрын 
болған. Өткен жылы ешқандй оқиға тіркелген 
жоқ» [25].
Мектептегі зорлық-зомбылық 
туралы ақпаратты ұсыну
Мектеп директорларына мектептегі зорлық-
зомбылық оқиғалары туралы ақпарат ұсынумен 
байланысты саясат пен тәжірибеге қатысты 
сұрақ қойылды. 5.9-кесте көрсеткендей, мектеп 
директорларының 52,5%-ы (2-ден 1-і) олардың 
мектептерінде зорлық-зомбылық оқиғаларына 
қатысты қатаң сақталуы тиіс нақты директива-
лар не хаттамалардың бар екендігін көрсеткен. 
Бұған қоса, мектеп директорларының 70,0 %-ы 
мектептегі зорлық оқиғаларын мектеп дирек-
торлары мен мұғалімдерінің көңіл аударуына 
септесетін және міндеттейтін ресми жүйе бар 
екендігін мәлімдеген. Бір мектеп директоры өзінің 
ресми елеу жүйесін түсіндіріп өткен. 
«Мұндай жүйе бар. Біз ата-аналарын 
ақпараттандырып, содан кейін сынып 
жетекшісіне, психологке және әлеуметтік пе-
дагогке хабарлаймыз. Кейін аудандық білім беру 
бөліміне, қажет болғанда апаттық-құтқару 
қызметіне, полиция мен ауруханаға телефон 
соғамыз» [2].
Кейбір мектеп директорлары сондай-ақ 
мектептегі зорлық-зомбылықты елеу жүйесі 
мынадай екенін мәлімдеген: ата-аналар мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   117




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет