Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет2/137
Дата07.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#82974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
Байланысты:
Ала жипти аттама

Баспадан


Айтқан сөзге түспеген,
Жаман емей немене?
Сұрағанда бермеген
Сараң емей немене?
Кісі ақысын көп жеген
Арам емей немене?
Іштегі сыр Аллаға мағлұм
Сыртындағы құлығы
Амал емей немене?!
Бұқар жырау (1668-1781)
Кіріспе
Адамзат баласы жаралғалы бері пайда болған барлық дінде мына бес нəрсе қымбат
саналған: əуелгісі – дін, екінші – ақыл, үшінші – ұрпақ, төртінші – жан, бесінші – мүлік. Адам
баласының табиғатымен біте қайнасқан бұл құндылықтарды илəһи діндердің қай-қайсысы
болмасын қорғауды басты міндет деп білген. Ендеше, ғасыр табалдырығында ел болып
бесігімізді түзеп, етек-жеңімізді жинасақ деген жұрттың дариядай діннің суына шөліркегенде
шөлін басып, бұйрат-бұйрат дөңдердей болған илəһи қағидаларды айналып өтуі мүмкін емес.
Діни сенім жəне ар-ождан бостандығы – адамдардың рухани қажеттілігін өтеуіне, өз
сенімін таңдауына, оқып-үйрену мен ғұрыптық шараларды атқару құқықтарын іске асыру
кепілдігіне ие. Жөні мен арнасын таба алмаған, сөз бостандығы тимеген, не мемлекеттік мүдде,
не дін тұрғысынан діңгекті сенім ұстанбаған жұрттың ендігі жай-күйінен өзгеше үдеріс, ерекше
толқыныс күту оғаш көрінетін сықылды. Сондықтан да, ақыл-ой, сөз еркіндігі адами
құндылықтарды сақтауға, өз көзқарасын ашып айту құқын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мұнымен не айтқымыз келеді? Дүрбелеңге толы дүниеде имандылыққа үйіріп, адамгершілік
құндылықтарға жүгіндіретін, жанды жылытып, көкірек көзін ашатын ақиқаттың қайнар бұлағы
Ислам əлеміне күллі жұртшылықтың аңсары ауа бастағаны анық көрінді. Себебі, азғындықтың
арбауына түскен адамзат баласының илəһи ақиқатқа деген қажеттілігі күн санап біліне бастады.
Сондықтан да, мына дүниеде хақ жолдан айнымас үшін неден арылып, неден қорынбақ жөн,
нені ұстанып, нені мақсат тұтқан лəзім? Көкейде көксеген осы сұрақтардың жауабын
қолыңыздағы кітаптан таба аласыз. Бұл еңбектің негізгі мазмұны кісі ақысы төңірегінде өрбиді.
Бүгінгі таңда елімізде діни əдебиеттің қарасы молайып, азды-көпті еңбектер жарыққа
шыққанымен, кісі ақысы турасында келелі еңбек жазыла қойған жоқ.
Алты бөлімнен тұратын бұл кітап құқық түрлері, кісі ақысының ислам дініндегі орны,
қоғамдық ортадағы кісі ақысы, мұсылманның бір-біріндегі ақысы, сауда ісіндегі кісі ақысы
турасындағы мағлұматтарды кеңінен қамтуда. Кітаптың мəлімет көзі араб, түрік əдебиеттерінен
бастау алғанын, əсіресе кəдемізге жараған осы саладағы бірден-бір жүйелі еңбектердің
Мұхаммед ибн Абдуссəламның «əл-Хуқуқ фил-Ислам» (Дарул-мəшайық, Талибия, 2008) еңбегі
мен Ахмет Керем Севердің «Кул хаккы» (Ышык йайынлары, 2009) кітаптары болғанын
тарапымыздан ескертіп өтпекпіз.
Исламның көкжиегінен шапағат күтетін көзі қарақты оқырмандардың Исламның мұрасына,
Құранның құнарына ұмтылуы да осы орайда түсінікті талпыныс. Имандылыққа, кісі ақысын
жемеуге, адам құқықтарын табан астында таптамауға шақыратын ақыл толғамы Исламмен
астасқан бұл еңбек «мен мұсылманмын» деген əр жанның қолында жүрмегі лəзім.
Сонымен кітаптың əлқиссасы кісі ақысымен басталады дедік. Кісі ақысы дегеніміз –


адамзатқа ортақ, заңсыз қол сұғуға болмайтын мүліктік жəне мүліктік емес құндылықтар мен
игіліктер жəне жеке тұлғаның басқа адамдар алдындағы міндеттерін белгілеуші өлшемі болып
табылады.
Қалыптасқан қоғамда өмір сүретін əрбір жеке тұлғаның (индивидтердің) мүддесі,
көзқарасына тəн сұраныстары əр алуан өрбігендіктен, адамдар арасында пікір қайшылығының
туындауы заңды. Осы орайда жеке тұлға қалыпты өмір сүру үшін өз мүддесін басқалардың
көзқарасына орайластыруға мəжбүр. Міне, содан барып қоғам мүшелерінің ортақ өмір сүру
ережесіне сəйкес құқықтары мен жауапкершілігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет