Қазақстан негізгі мектебі 2016-2017 оқу жылы



бет9/27
Дата25.08.2017
өлшемі6,73 Mb.
#27381
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27



«Астанадағы ең сүйікті жерім» атты сурет көрмесі өтті.

Бұл сурет көрмесіне 4-5 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: «Астанадағы ең сүйікті жерім» байқауының басты мақсаты - ұлтжандылық пен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу, балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру, сонымен қатар балалар көркемсурет шығармашылығын насихаттауға және дамытуға қолдау көрсету болып табылады. 



«Өрт қауіпсіздігіне» байланысты бірнеше іс-шаралар өткізілді.



Алғашқы күні оқушылар «Өрт- тілсіз жау» атты суреттер салып, оқушылар әр суретпен өз ойларын жеткізе білді.

«Абайла- Өрт» атты викториналық сұрақтар арқылы балаларға қызықты, тартымды қылып Мухаметжанова Бибигуль Бариевна өткізді.

Оқушылар әр сұраққа селқос қарамай, өз бастарынан кешкендей жауап қайтара білді.



«Сақтансаң, сақтайды» атты баяндамалар Кожахметова Л.К. мен Кабылбекова Л.С. оқып, оқушыларды өрт қауіпсіздігі туралы көптеген ақпараттар баяндалды.



«Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында Кожамбетова С.К. 5-9 сынып аларығында сауалнама жүргізіліп, әр оқушының ойлау қабілеттерін тексеріп, өз сараптамасын берді.

26.09.-06.10.2016ж аралығында біздің мектепте «Бақытты балалық шаққа құқық» атты онкүндік өтті. Бірінші күні мектеп директоры Темертасова Б.Е. онкүндіктің жоспарымен таныстырып, балаларды осы онкүндіктің ашылуымен құттықтады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында былай деген: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиеттердің мән-мағынасын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз».

Олай болса бақыт –адамның өмір қызығы мен қуанышына,рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр.Сонымен бақыт дегеніміз-біздің балалық шағымыз,өмір сүріп жатқан ортамыз,отбасымыз.

Екінші күні мектеп директоры Темертасова Б.Е. ата- аналар жиналысын өткізді.



28.09.2016 ж. мектеп психологы Кожамбетова С.К. оқушылармен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тренинг өткізді.



Қыркүйектің 29 күні жоспар бойынща «Ұлдар арасында» атты әңгіме өтілді. Әңгімені 8-9 сынып оқушылары арасында сынып жетекшілері өткізді .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет