Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрестің ұтымдылығын арттыру мәселелері



бет17/21
Дата06.02.2022
өлшемі1,96 Mb.
#32838
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
3.3 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрестің ұтымдылығын арттыру мәселелері
Адамгершілікке қарсы қылмыс жасаушыларға қылмыстық жауапкершілік жүктеу арқылы қоғамдық адамгершілікті қорғау мәселесін шешу мүмкін емес. Дұрысы, адамгершілікке қарсы қылмыстардың туындау себептерін, қоғамдық қауіптілігін зерттеу, олардың алдын алу, не дер кезінде бейтараптандыру проблемаларын шешу тиімді нәтиже бермек.
Адамгершілікке қарсы қылмыстардың алдын алу мәселесін жалпы қоғамдық көлемде шешу үшін адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету проблемасы шешілуі тиіс, бұл Қазақстан үшін қазіргі таңда әлі шешімін таппаған мәселе.Нарықтық қатынасқа көшудің салдарынан жұмыссыздар саны кебейді.
Мысалы,нарықтық экономикасы дамыған елдерде жұмыссыздар
саны 1 % өссе, ұлттық өнім 2,5% азаяды, және керісінше. Америкалық ғалымдардың есебі бойынша, жұмыссыздар саны 1% артса, қылмыс 4%, ал адам өлтіру, оның ішінде пайдакүнемдік пиғылда адам өлтіру 5,7 % артады екен.
Соттың маскүнемдікпен, нашақорлықпен күреске бағытталған, сол сипаттағы заң бұзушылықты жою жөніндегі жеке ұйғарымының маңызы зор, себебі мұндай заң бұзушылық көптеген қылмыстардың жасалуына себеп болып отыр .
Жеке ұйғарымда соттың өзі анықтаған қылмыс жасауға себепші болған заң бұзушылық, технологиялық, өндірістік, мемлекеттік тәртіптің, еңбек, қаржы тәртібінің бұзылғандығы, оған жол берген адамдар нақты көрсетілуі және сот тұжырымына негіз болған дәлелдер келтірілуге тиіс.
Біздің зертеулерімізге қарағанда, адамгершілікке қарсы қылмыс жасаған адамдар да, олардың құрбандары да, сол қылмыс жасалған кезде мас күйде болған. Ішімдікке салыну мен маскүнемдік әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамда бар. Қылмыстылықпен күрестің шеңберін кеңейте отырып, қоғамдағы өнегелік-саяси ахуалды жақсарту мүмкіндігін, атап айтқанда, маскүнемдікке қарсы бағытталған шараларды алып қарасақ, олар да белгілі бір шамада қылмыстылықты ауыздықтауга бағытгалған. Ішімдікке салыну, маскүнемдік қылмыстылықтың «жайлауы» іспеттес.
Олар - қылмыстық дәлел-себептердің және әлеуметтік тиянағы жоқ адамдарды қылмысқа итермелейтін жағдайлардың қалыптасуына көп ретте себепкер. Маскүнемдік етек алған сайын онымен байланысты қылмыстар да көбейді [79].
Ішімдікті жаппай пайдаланғандықтан қоғам басына қатер төнді, сондықтан онымен былайша күресу керек деп ойлаймыз.
Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ұжымдық шаруашылықтардың қаражаты есебінен күзет-пост қызметі үшін қосымша штат құру керек.
Көшелерден, аулалардан және басқа қоғамдық орындардан мас адамдарды алып барып орналастыру үшін медициналық айықтырғыштардың қызметін жақсарту қажет, себебі 2010 жылдың 4 айының өзінде ғана медициналық айықтырғыштарға 25 мыңдай адам түскен. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары медициналық айықтырғыштардан келіп түскен хабарларға тиісті шара қолдануы қажет. Салауаттық өмірді насихаттаудың да маскүнемдікпен күресте маңызы зор. Бұл мәселеге әлі күнге дейін онша назар аударылмай келеді.
Маскүнемдікпен күресті ерте жастан бастау керек, мектепте «отбасы тәрбиесі» пәнін оқыту жоспарлануда. Бұл пәнді оқытқанда маскүнемдіктің зиянды екенін көрсететін көрнекі қүралдарды пайдаланған жөн, - дейді Б.Урманис. Республиканың Деисаулық сақтау министрлігі жанынан салауатты өмірді насихаттау жөніндегі ведомствоаралық кедес қүрылса. Маскүнемдікпен күрес мәселесі ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс.
Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың іскерлік белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын жақсартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру керек.
Әрине, адамның санасы тек заң нормаларын білумен ғана шектелмейді, әңгіме оны мойындауда, орындауда. Бұл тұрғыда заңды насихаттаудың, әсіресе, қылмыс жасауға бейім адамдардың санасына оны құюдың маңызы зор. "Заң нормаларын адам толық, сол қалпында санасында сақтамаса да, оның әсерінен ол өзінің кейбір теріс іс-әрекетін тыюы мүмкін, оған жол бермеуі ықтимал".
Құқықтық тәртіпті қорғау шаралары тар мағынада емес (халық жасақшыларын құру, маскүкемдікпен күрес, жатақханаларда тәртіп орнату, т.б.), оларды кең әлеуметгік ауқымда жүзеге асыру қарастырылады, мысалы, халықгың көші-қонын реттеу, қоғамға көндіктіру процесін басқару, қаланың инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысу, халықгы қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыру, т.б.

Каталог: modules -> kaf
kaf -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
kaf -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтар үшін «Қазақстан тарихы»
kaf -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»
kaf -> Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің Қазақша-орысша-ағылшынша сөздігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет