Қазақстан Республиасының білім және ғылым министрлігі



бет6/8
Дата12.03.2022
өлшемі50,82 Kb.
#135310
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой Қ. Әділет

Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері.
Оқу әдісі – оқытушы мен оқушылар іс-әрекетінің байланысы, яғни оқу-тәрбиелік процесс арқылы іске асады.
Оқу тәсілі (прием) деп оқу әдістерінің бөлек элементтерден тұратынын айтамыз. Оқыту әдістерімен тәсілдері рольдермен ауысуға мүмкін. Оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру туралы осы кезге дейін көпшілік қолдайтын бірыңғай пікір жоқ деуге болады.
Басқаша айтқанда, оқыту әдісі дегеніміз – жоғары мектепте педагогтар мен студенттердің оқыту процесіндегі көздеген мақсатына жетуге көмектесетін жұмыс істеу тәсілі амалдары болып табылады. Оқыту процесі сияқты оқыту әдісі де екі жақты процесс болып саналады.
Жалпы сабақты ұйымдастырғанда мұғалім немесе педагог белгілі бір әдіс-тәсілді қолданады. Сабақты ұйымдастыру әдістерімен қатар факультативтік сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу әдістеріне талдау жасап өтейік.
Болашақ мұғалім қандай оқыту әдістерін қолданатынын білуге тиісті.
Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып, қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды.
Ең көп таралған әдісінің классификациясы бойынша, яғни негізінде білім, іскерлік, дағдының қалыптасуы, сонымен қатар оқытушы жағынан оқушылардың танымдық іс-әрекетінің бағытталуы. Осы жағдайда оқу әдісін 3 топқа бөлуге болады:

  1. .Сөздік әдісі.

  2. .Көрнекілік әдісі.

  3. .Практикалық әдісі.

Сөздік әдістер. Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші роль атқарады: барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде, әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады. “Сөз, - дейді В.А. Сухомлинский, ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың мұғалімі – ең алдымен тіл маманы”. Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты әрекет жасайды. Мұғалім өзінің баяндауын басқа әдістердің тәсілдерімен ұштастырады.
Ең көп тараған топтастыру – оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай (сөз, заттар мен көрнекі құралдар, практикалық әрекет) үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер. Сөздік әдістерге жататындар: мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері.
Сөздік әдісі – бұл ауызша түсіндіру, кеңес, әңгіме, техникалық әдебиеттермен, оқу әдебиеттермен жұмыс істеу жатады. Оқу әдістерінің топтарының жіберілуі оқушылардың графикалық материалдармен, мысалы: кинематикалық электрлік схема, яғни графикалық белгілер арқылы қажетті хабар көмегімен көрсетіледі. Факультативтік сабақтарды да сөздік әдісінің көмегімен өткізуге болады. Теориялық тұрғыдан тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқушыларға сөз әдісінң көмегімен жеткізуге болады.
Баяндау – азырақ қолданылады. Оны оқушыларға факультативтік сабағының тақырыбы бойынша мәліметтерді, соған қатысты айналада болып жатқан жаңалықтар мен құбылыстарды баяндау ретінде көрініс табады.
Түсіндіру - әдетте оқулық көрсетуімен қабаттас жүреді. Баяндау мен түсіндіруге мынадай талаптар қойылады:

  • материалды логикалық кезекпен баяндау. Техникалық объектілер немесе технологиялық процестер туралы мәліметтерді түсіндіргенде алдымен түгелдей объектімен немесе процеспен таныстырып, кейін оны бөлшектеп, оның құрама бөлігін түгелдей оқып білу және тағы да объектіге қайтып оралу;

  • дәлдік және дәлелдік. Теориялық қағидаларды және еңбек тәсілдерін қолдану ережелерін қысқаша, ашық және көз жететіндей дәлелдеуге мүмкіндік береді;

  • әсерлі сөзбен баяндау және оқушыларға толық жеткізе білу.

Әңгімелесу – кеңінен қолданылады. Әңгімелесуді жаңа материалды баяндағанда, оқылған материалды баянды етуге және тексеруге, өткен материалды талдап қорытуға қолдануға болады. Әңгімелесуге дайындалғанда мұғалім сұрақтарды іріктеп алады. Олар оқушыларға түсінікті, істің мәнін көрсететін болып және керекті кезектен әрі қысқа көлемде қойылады.
Оқулықпен немес қосымша құралдармен жұмыс істеу әдісі. Бұл әдіс тек оқу процесінде барлық пәндерге ортақ және кеңінен қолданатын жетекші әдістердің бірі болып табылады. Оқулық пен кітап оқушы үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта өздігінен білім өте маңызды көзі екенін ескерту қажет.
Көрнекілік әдісі – демонстрация, тәжірибе, демонстрациялық эксперимент, визуалды техникалық тәсіл, бақылау, сонымен қатар оқушылар көрнекі сезімді, техникалық объектіні және технологиялық процесті қабылдайды.
Көрнекілік әдістері - бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны – бақылау әдісі.
Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарын демонстрациялау кезінде, сондай-ақ саяхатта, зертханалық жұмыстарда, еңбек операциясын орындау барысында ерекше орын алады.
Практикалық әдіс – бұл яғни факультативтік сабақтарды өткізу барысында карточкаларды, белгілі бір сызбаларды, схемаларды, диаграммаларды, кестелерді қолдану [12].
Сонымен білімді, іскерлікті, дағдыны бағалауды тексеру тәсілі де бар. Кейбір жағдайда әдістердің классификациясын оқушылардың белсенділік көрсету қабілеттері бойынша да жасайды.

  • Иллюстрациялық түсіндіру немесе репродуктивті әдіс. Бұл әдісте оқушылар білімді оқытушының сөзі немесе оқулық арқылы алады, ал іс-әрекетті көрсету арқылы үйренеді.

  • Проблемалық әдіс. Мұнда оқытушы оқушыларға тапсырма беріп және оларды белсенді қатыстыра отырып өзі шешеді.

  • Зерттеу әдісі. Мұнда оқытушы оқушыларға тапсырма беріп және сол тапсырманы шешу әдістерімен іздестіруді ұйымдастырады.

Жобалау әдісі. Эксперименталды бағдарламаның авторлары окушылардын; шығармашылық қабілетін, шеберлігін, бейнелеушілігін дамыту және өз бетінше орындайтын жұмыстарының деңгейін көтеру үшін жобалау әдістерін қолдануды ұсынады. Бұл әдістің негізгі міндеті жұмыс істей алатын, өзінің алдына үлкен сарамандык міндеттер қойып, оны орындай білетін адамды тәрбиелеу болып табылады.
Оқыту процесін қамтамасыз ету оқьпу әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығы оқыту әдістері деп жалпылама айтылады. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақта белгілі бір міндеттер белгілеп, соған лайық қимыл - әрекет түрлерін қалыптастырады. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс - әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады.
Әрбір факультативті сабақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әртүрлі факультативтік сабақтардың ортақ кейбір ерекшеліктері ескеріледі. Факультативтік сабақтар оқушылардың білімін тереңдетеді, қабілеттерін аша түседі, олардың шығармашылық қабілеттерін айқындап кітаппен жұмыс істеуге және тәжірибе алуға үйретеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет