Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министірлігі Алматы

Pdf көрінісі
Дата20.11.2023
өлшемі81,8 Kb.
#192290
Байланысты:
Майзабек Дана Сөж Политология

Қазақстан Республикасы Білім Және Ғылым Министірлігі Алматы
Технологиялық Университеті
Эссе
Тақырыбы:«Қазіргі халықаралық қатынастар
жүйесіндегі қазақстанның рөлі»
Орындаған:Майзабек Дана
Топ:ТХ-22-13
Тексерген:Досекеева Кульмира Алденбаевна

Жоспары
|Кіріспе
|Негізігі бөлім
Халықаралық қатынастар мазмұны
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
|Қорытынды
кіріспе
Қазіргі
әлемдік
процестер
көптеген
проблемаларды
шешу
мемлекеттердің ұжымдық әрекеттеріне байланысты екенін көрсетеді.
Халықаралық қоғамдастық халықаралық ұйымдар мен өңірлік ұйымдар
шеңберінде өз іс-қимылдарын үйлестіреді, әріптестік пен бітімгершілікті
дамытады. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін және халықаралық
қақтығыстардың алдын алудың сенімді тетіктерін құру жолындағы
халықаралық ынтымақтастық қарқынды дамуда.
Негізгі бөлім
Халықаралық қатынастар-мемлекеттер, халықтар, халықаралық және
үкіметтік ұйымдар арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық,
дипломатиялық, әскери, идеологиялық және өзге де байланыстар мен
өзара қатынастардың жиынтығы. Халықаралық қатынастардың
мазмұны мен мақсаты мемлекеттер мен мемлекеттер одақтары
арасындағы қайшылықтарды шешудің тиімді жолдары мен құралдарын
табу, әлемдік қоғамдастықтағы мүдделер тепе-теңдігін сақтау болып
табылады.
Халықаралық қатынастар белгілі бір бағыттар мен белгілі бір
деңгейлерде дамитын халықаралық ынтымақтастыққа сүйенеді.
Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық екі жақты және көп жақты

байланыстар негізінде жүзеге асырылады және саяси, экономикалық,
әлеуметтік, мәдени, әскери салаларды қамтиды. Халықаралық,
ынтымақтастық, ақпараттық, технологиялық, экологиялық, құқықтық
және т. б. сияқты барлық жаңа салаларға тарала отырып, үнемі кеңейіп
және тереңдей түсуде. Халықаралық ынтымақтастық халықтар,
мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық және аймақтық ұйымдар
деңгейінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде
Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы
бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді
қамтыды: 1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын
халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы. 2.
Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның
сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау. 3.
Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды
жолға қою және дамыту. 4. Халықаралық құқық принциптері мен
нормаларын тану және игеру. 5. Халықаралық қатынастар мәдениеті:
дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің позитивті образының
қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы
саясатты
жүргізудегі
республика
басшылығының
көрегендік
шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау,
діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты
қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде
еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында
халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.
Мысал
ретінде
Қазақстанның
Еуропадағы
Қауіпсіздік
және

Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің
көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын
ұсынуын атап өтуге болады.
Соңғы жылдары қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен
қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің
кандидатурасын қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында
сіңірген
еңбегін
бағалаған
көптеген
мемлекеттер
қолдады.
Қазақстанның еқыұ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының
бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның
кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп
бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның
ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша
айында мадрид қаласында өткен еқыұ-на мүше мемлекеттердің сыртқы
icтep министрлері кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің
нәтижесінде қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид
құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде соңғы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің
маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады.
Бұл ретте қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы
ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті
мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын
айтып кету керек. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қазақстанның
салмақты тәжірибесі халықаралық деңгейде үлкен қызығушылыққа ие
болып келеді және де ЕҚЫҰ дамуына жағымды серпіліс беретіндігі анық.
Өйткені еқыұ-на төрағалық ету - бұл қазақстанның еуропа қауіпсіздігі
аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен
жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты
сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады.
Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы
Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК)
жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның
Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл

кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының
саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл
басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың
17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде
Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум
қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де
аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды.

Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3
халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның
жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған,
бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия құрлығындағы күрделі геосаясаттық
мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен
400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен
Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік
комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл
Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара
Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе
жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймақтық
ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді.
Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай
ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады

(ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де
дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі
бағыттардың біріне айналды.
Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және
Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы
мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ
шеңберіндегі диалог арқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық
және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге
бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым
аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш
жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және
қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық
деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар
ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді
мемлекетке
айналғандығын
көрсетіп
отыр.
Бұл
мемлекет
басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне
байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Экономикалық
жетістіктеріміз де осыны аңғартады. Тәуелсіздік жылдарында
республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция

құйылған. Мемлекеттің алтын валюта қоры тұрақты көбеюде. 1995
жылдан 2005 жылға дейін алтын валюта қорының көлемі 9 есеге
көбейіп, ҚР Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі бойынша $15 085
млн. құраған. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты
экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген
нарықтық реформалар жемісінің белгісі.

Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік
бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін
озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия
мемлекеттері
арасында
көшбасшы.
Кеңейген
экономикалық
мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқы саяси мақсаттар қойып
отыр. Сарапшылар көзқарасы бойынша Қазақстанның қарқынды дамып
жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ
экономикасының дамуының катализаторы болуы мүмкін. Бұл ретте
қазақстандықтардың зияткерлік мүмкіндігі мен мемлекеттің табиғи
байлықтары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар
республика
болашақта
қалыптасып
келе
жатқан
ғаламдық
энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік
нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден
мүмкін.

қорытынды
Бүгінде экономикалық және саяси өзара іс-қимылдың халықаралық
құрылымдарына ене отырып, Қазақстан мынадай міндеттерді шешеді:
дамыған мемлекеттер тарапынан экономикаға инвестицияларды
жұмылдыру, экономикалық проблемаларды шешуге жәрдемдесуге
жекелеген мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды тарту, әлемдік
коммуникацияларға шығуды қамтамасыз ету, шетелде мамандар
даярлау бағдарламасының көмегімен экологиялық зілзалалардың
зардаптарын жою; ақпарат алмасуға қатысу, қылмыспен және
терроризммен күрес, жетекші халықаралық саяси және қаржы
институттарымен тұрақты байланысты қамтамасыз ету. Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік жолына түсіп, өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға бағыт
алғаннан бергі уақытта дүниежүзілік қоғамдастықта ылайықты орын
алуға барынша қызмет істеп келеді. Бүгін таңда әлемнің 150- ге жуық
мемлекеті оның тәуелсіздігін танып, 100 – ден астам елмен
дипломатиялық қарым қатынасқа түсіп, экономикалық, ғылыми-
техникалық, мәдени байланыстар дамытуда. Қазақстанның тәуелсіздігі
мен қауіпсіздігіне ұлы державалардың тарапынан кепілдік берілді.

Достарыңызбен бөлісу:

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет