Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушысының
2017 жылғы 25 қазандағы
№ 545 бұйрығына
21-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына
211-қосымша
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
"Көркем еңбек" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі "Көркем еңбек" пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.
3. Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.
4. "Көркем еңбек" оқу пәнінің бағдарламасы:
1) қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;
2) Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;
3) өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;
4) зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға;
5) оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);
6) жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдар, классикалық бейнелеу өнерінің үздік туындылары, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасы, индустриалды пейзаж, қала пейзажы, сызықтық перспектива, пластикалық пішіндер өнері, мүсін өнері, шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі формалары мен ерекшеліктері, Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнері, сәндік-қолданбалы өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар, материалдар мен құрал-жабдықтармен танысу, дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым, идеяларды талқылау мен дамыту, нобай орындау, дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым, бұйым дайындау, өру өнері, өру түрлері, материалдар және құрал-жабдықтармен танысу, бұйым өру, жұмыстардың көрмесі;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Конструкциялық материалдар, материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу, конструкциялық материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар, қол еңбегі құралдары, құрылғылар, көркемдеп аралау, идеяларды құру, материалды таңдау және дайындау, сыртқы және ішкі сызықтар арқылы қисық пішінді бұйымды қыларамен көркемдеп аралау, сымнан бұйымдарды модельдеу, нобайлар дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері), материал таңдау, құралдар-жабдықтар мен құрылғылар, бұйым дайындау (шынжыр, басқатырғыш ойындары, жануарлардың пішіндері), түрлі материалдарды қолданып, музыкалық аспаптарды (ұрмалы және соқпалы) жобалау, музыкалық аспапты құрастыру, жұмыстардың көрмесі;
4) "Тамақтану мәдениеті" бөлімі: Дұрыс тамақтанудың негіздері, ас мәзірін әзірлеу;
5) "Үй мәдениеті" бөлімі: Электр қуатының негізгі көздері туралы жалпы мәліметтер, электротехникалық арматура, электр энергиясының әртүрлі көздерімен тәжірибе жасау (батарея, гальваникалық элементтер), тұрмыстағы жөндеу жұмыстары, өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары, өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Портрет жанры, портрет түрлері, қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет, сызықты портрет, графика, орындалу техникасы, дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан) материалдардан орындалған портрет), портреттегі түс, орындау техникасы, заманауи портрет, фотоөнер, фотокамерамен тәжірибе, анимация, қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар), сценарий дайындау, кейіпкерлер мен декорациялар құру, көркем өнер идеяларын іске асыру, дыбыс қосу, жұмысты қорғау;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Қазақстан халықтарының зергерлік өнерімен танысу, зергерлік бұйым нобайын орындау, материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау, зергерлік бұйым дайындау, бұйымды көркемдеп безендіру, табиғи материалдардың түрлері мен сипаттамалары (өздігінен ізденіс зерттеулері), табиғи материалдардан дайындалатын бұйым нобайын орындау, табиғи материалдардан бұйым дайындау, бұйымды көркемдеп безендіру, жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Электрлік және қол еңбегі құралдары мен жабдықтары, тәжірибелік жұмыс, құрамалы бөлшектерден робот құру, роботтың шығу тарихы мен оның түрлері (өздігінен ізденіс зерттеулері), роботты жобалау және дайындау, нобай, материалдарды іріктеу, таңдау, робот құру, робот бөлшектерінің жылжымалы механизмін құру бойынша эксперимент жүргізу, көлік құралдарының түрлері туралы жалпы мәлімет (өздігінен ізденіс зерттеулері), көлік құралы үлгісін дайындау, нобай, материалдарды іріктеу, таңдау, көлік құралын орындау, үлгінің жеке бөліктерін дайындау, үлгіні құрастыру, безендіру, жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
4) "Тамақтану мәдениеті" бөлімі: Қазақ халқы мен әртүрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері;
5) "Үй мәдениеті" бөлімі: Электрсызбалардың шартты белгілерімен танысу, электр тізбегі, батарейкалы шамшырақ дайындау, электрлік қол еңбегі құралдарын қолданып тұрмыстағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сәндік гүлдер түрлері, гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер, табиғаттағы микро суреттер, бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция), өздігінен ізденіс зерттеулері, Қазақстанның заманауи суретшілері, өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау (2D немесе 3D форматында), жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Пирография өнерімен танысу, көркемдеп күйдіру техникасы мен тәсілдері, нобай орындау, материалдарды таңдау және дайындау, бұйымды көркемдеп күйдіру, безендіру, жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Ағашты механикалық өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, ағашты механикалық өңдеу барысындағы жұмысты ұйымдастыру, ағаштан жасалған бұйымды өңдеу, бұйымның дизайны, материалды таңдау және дайындау, бұйымды жасау, материалдар мен бөлшектерді механикалық өңдеу, бұйымды безендіру, көрме ұйымдастыру;
4) "Үй мәдениеті" бөлімі: Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заманауи техникалар мен жабдықтар, тұрмыстық құрал-жабдықтар мен электроарматураны жөндеу, үй экологиясы, үйдегі микроклимат.
1) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Мозаика өнері, мозаика орындаудың түрлері мен техникалары, мозаикалық панноға арналған негіз дайындау, нобай және материалды таңдау, мозаика панносын орындау, көркемдеп безендіру мен жұмыстарын таныстыру;
2) "Дизайн және технология" бөлімі: Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу, қазақ халқының тұрмыстық заттарының орындалу техникасы мен материалдарын (торсық, дөңгелек үстел) зерделеу, идеяларды талдау және нобайды орындау, жұмысты жоспарлау, материалдарды өңдеу, бұйымды дайындау, көрме ұйымдастыру және жұмысты қорғау;
4) "Үй мәдениеті" бөлімі: Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі (өздігінен ізденіс зерттеулері), электрқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау, бөлменің жөндеу жұмыстарына арналған заманауи материалдар мен құрал-жабдықтар (тәжірибелік жұмыс).
1) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Заманауи интерьердегі сәндік бұйымдар, интерьердің сәнді заттарының (шамшырақ, сәнді сағаттар) дайындалу техникалары мен тәсілдерін зерделеу, идеяларды дамытуды талқылау мен нобай орындау, жұмысты жоспарлау, интерьерге арналған сәндік заттарды дайындау мен безендіру, жұмысты қорғау;
2) "Дизайн және технология" бөлімі: Сәулет өнерінің үздік туындылары, заманауи сәулет өнері, Қазақстан сәулет өнері (заманауи және тарихи), сәулеттік ғимараттар мен нысандардың (имитация немесе өз идеялары) нобайы, сызбасы, сәулеттік нысанның макетін орындауға қажетті материалдарды анықтау және таңдау, шығармашылық жұмыс, сәулеттік нысан макеті, жұмысты қорғау;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Интерьер заттары және жиһаздардың өндірілуі, белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ), идеяны дамыту және талқылау, материалдарды таңдау, графикалық құжаттама, техникалық спецификация, бұйымды әзірлеу, әрлеу, жұмысты қорғау;
4) "Үй мәдениеті" бөлімі: Интерьер/экстерьердегі ландшафт элементтері, шығармашылық идеяларды визуалдау, интерьердегі жарықтандыру, табиғи және жасанды жарықтандыру, интерьерді жарықтандырудың жобасын даярлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар), интерьерді аудандарға бөлу және жоспарлау (тұрғын үй бөлмелері, өндірістік, қоғамдық орындар).
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары, классикалық өнердің үздік туындылары, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесім, әуе перспективасы, индустриалды пейзаж, қала пейзажы, сызықтық перспектива, пластикалық пішіндер өнері, мүсін өнері, шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Сәндік-қолданбалы өнер, негізгі пішіндер мен ерекшеліктері, Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнері, қазақтың ұлттық ою-өрнектері (түрлері, стилизация мен мотивтері), көркем кестелеу, кесте түрлері, материалдар және құрал-жабдықтармен танысу, нобай орындау, көркемдік кестемен бұйымды безендіру, өру өнері, өру түрлері, материалдар және құрал-жабдықтармен танысу, бұйым өру, жұмыстардың көрмесі;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Тоқыма материалдарының классификациясы мен сипаттамалары, материалдардың түрлері мен қасиеттерін зерттеу, тоқыма материалдарын өңдеуге арналған құрал-жабдықтар мен құрылғылар, тігін бұйымдарының классификациясы, идеядан өнімге (тігін бұйымдары), дизайн, киімді макеттеу (қағаз, тоқыма материалдар), костюм құру (мини-манекенде немесе қуыршақта), тоқыма мозаика техникасында тігін бұйымдарының дизайны (құрақ, пэчворк, квилт), идеяларды құру, нобай, материалды таңдау және дайындау, жұмыстың орындалу бірізділігі, бұйым дайындау, бұйымды безендіру, жұмысты қорғау;
4) "Тамақтану мәдениеті" бөлімі: Дұрыс тамақтанудың негіздері, ас мәзірін әзірлеу, асхананың жабдықталуы, тағам әзірлеуге арналған құралдар-жабдықтар, аспаптар мен ыдыс-аяқтар, тағам дайындауға арналған құрал-жабдықтардың мүмкіндіктерін зерттеу, бутербродтар мен сусындардың әзірлену технологиясы, жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы;
5) "Үй мәдениеті" бөлімі: Жеке бастың гигиенасы, өз-өзіне күтім жасау, өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары, өсімдік шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Портрет жанры, портрет түрлері, қазақстандық суретшілердің шығармашылығындағы портрет, сызықты портрет, графика, орындалу техникасы, дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан орындалған портрет), портреттегі түс, орындалу техникасы, заманауи портрет, фотоөнер, фотокамерамен тәжірибе, анимация, қозғалатын элементтер (ермексазды анимация, көлеңкелі театр, саусақты және таяқшалы қуыршақтар), сценарий дайындау, кейіпкерлер мен декорациялар құру, көркем өнер идеяларын іске асыру, дыбыс қосу, жұмысты қорғау;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Тоқу өнері, ілмекпен тоқу, тоқу тәсілдері мен техникалары, бұйымның нобайын дайындау, материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау, әртүрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу (сулықтар, сөмкелер, ұялы телефондардың қабы), шалма бізбен тоқу, шалма біз және олардың түрлері, тоқу тәсілдері мен техникалары, бұйымның нобайын дайындау, әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы), жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Тоқыма материалдарынан бұйым дайындау (авторлық қуыршақ, дамытатын ойыншықтар), идеяларды құру, нобай, түрлі-түсті және фактуралы тоқыма материалдарын зерттеу, материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау, бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, жеке бөліктерін өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру, үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар), идеяларды құру, нобай, материалды таңдау және дайындау, жұмысты орындау бірізділігі, бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, жеке бөліктерін өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен бұйымды безендіру, жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;
4) "Тамақтану мәдениеті" бөлімі: Қазақ халқы мен әртүрлі халықтардың және де қоғамдық тамақтану орындарындағы дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері, жартылай дайын өнімдерден тағамдар әзірлеу технологиясы, тағамдарды жылдам әзірлеудің технологиясы, десерт әзірлеу технологиясы;
5) Бөлім "Үй мәдениеті": Гигиена ережелері, бөлмені ылғалды және құрғақ тазалау жұмысы, киім (аяқ киім) күтімі мен оларды сақтау, сәндік гүлдер түрлері, гүл өсіру шаруашылығындағы көктемгі жұмыстар.
1) "Визуалды өнер" бөлімі: Өнердегі заманауи техника мен ғылыми жетістіктер, табиғаттағы микро суреттер, бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттары (поп арт, инсталляция), өздігінен ізденіс зерттеулері, Қазақстанның заманауи суретшілері, өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс орындау (2D немесе 3D форматында), жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
2) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома), жазбалар түрлері, жазбалардың тәсілдері мен техникасы, материалдары және құралдары, бұйымның нобайын орындау, материалдар мен құралдарды дайындау, көркемдік жазбаны орындау, сәндеу, безендіру, жұмысты қорғау және көрме ұйымдастыру;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Өзгеріске ұшырау (трансформация) және тігін бұйымдарды сәндеу (киім, аксессуарлар, бижутериялар), идеяларды құру, нобай, материалдар мен құралдарды дайындау, жиынтықты орындау, киім бөлшектерін пішу, жеке бөлшектерді өңдеу, бұйымдардың бөлшектерін құрастыру және өңдеу, бұйымды сәндеу, жұмысты қорғау;
4) "Тамақтану мәдениеті" бөлімі: Қазақтың ұлттық тағамдары, әлем халықтарының тағамдары (өздігінен ізденіс зерттеулері), әлем халықтарының тағамдары, тәжірибелік жұмыс (суши, пицца, көже);
5) "Үй мәдениеті" бөлімі: Тұрмыстық техниканы таңдау, тұрмыстық техниканы қолдану ережелері, өсімдік сән және интерьер элементі ретінде.
1) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз бас), әртүрлі ұлттық бұйымдар, құрал-жабдықтар мен материалдармен танысу, бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал- жабдықтар мен материалдар дайындау, шығармашылық жұмыстарды орындау, әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу, жұмысты қорғау, көрмеге ұсыну;
2) "Дизайн және технология" бөлімі: Қазақтың ұлттық киімі, этностиль, ою-өрнек стилизациясы, этностильдегі (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері), этностильдегі бұйымдарды жасау (бас киімдер, қазақтың ұлттық киімдері), бұйымдарды әшекейлеу, жұмысты қорғау;
3) "Дизайн және технология" бөлімі: Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер), бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал- жабдықтар мен материалдарды дайындау, халықтық пішім негізінде киім үлгісінде бұйым дайындау, бөлшектерді пішу, бөлшектерді өңдеу, бөлшектерді біріктіру мен безендіру, бұйымды ою-өрнек элементтерімен безендіру, жұмысты қорғау;
4) "Үй мәдениеті" бөлімі: Интерьерге арналған сәнді бұйымдар (2D/3D форматта), бұйымдарға нобайлар дайындау, құрал-жабдықтар мен материалдарды дайындау, интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау, өсімдік шаруашылығындағы ғылымның рөлі, медицина, фитотерапия және косметологиядағы өсімдіктің рөлі.
1) "Сәндік-қолданбалы өнер" бөлімі: Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері, қазақ кілемдері, алаша, кілем тоқу, гобелен, қазіргі кілемдер үлгілері, кілем тоқу материалдары мен құрал-жабдықтары, бұйым нобайын жасау, материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау, шығармашылық жұмысты орындау, декор жасау мен безендіру, жұмысты қорғау, көрме ұйымдастыру;