Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



бет2/5
Дата13.12.2021
өлшемі18,79 Kb.
#125915
1   2   3   4   5
Байланысты:
5b916aac-cb8c-42e4-a249-0d2b80bb54ef-275d0369-d3fd-479d-a27f-8f1bd9ab1892-Курстық-жоба-Гульвира
2021-05-08, 05-34 StartExam, Алимжанов Мухаматдин фек211
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Отанымыз күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін білім беру жүйесін, мектептердегі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқыту мәселесінің жаңа қарқынмен дамуға бет алуынан байқауға болады.

Кемелделген тұлға тәрбиелеу ісі ең алдымен оған қажетті алғы шарттар мен жан-жақты тәрбиелеу құралдарына тікелей байланысты. Осындай парасаттылыққа, ізгілікке және әсем талғамға тәрбиелеу құралдарының бірі — өнер болып табылады. Соның ішіндегі бейнелеу өнерінің жас ұрпақтың қалыптасуына, тәрбиесі мен білімін жетілдіруде әсері ұшан-теңіз. Атап айтсақ, оқушының өзін қоршаған ортаны танып-білуіне ұшқыр қиялы мен нәзік сезімдерінің дамуына, ғибрат пен саналылыққа, биік адамгершілік сезімдерге, яғни рухани жағынан дамып, жан-жақты жетілуіне ықпал ете алады.

Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер әсері күшті. Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда бейнеленеді. Сөйтіп, бұл оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.

Бейнелеу өнері сабағы оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншіліктерін арттырады, өз өлкесінің сұлу табиғатын, халқымыздың әдет-ғұрпын, ұлттық өнері мен кеңірек танысуына жол ашады. Оқушы ой-өрісін кеңейтіп,өмірдегі әсемдік пен әдемілікке сүйіспеншілігін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бейнелеу өнерін оқытуда оқушының шығармашылық жұмыс орындау творчестволық процесі мен оқытудағы оқушы мен мұғалім арасындағы педагогикалық процесс кезеңдерінің сәйкестігі ұтымды нәтижеге жеткізеді. Мысалы мұғалімнің тақырыпты әсерлі бейнелеп түсіндіруі мен оқушының осы тақырыпты әсерлі мазмұнда көркем қабылдау сәйкестігі. Немесе мұғалімнің орындау әдіс-тәсілдерін көрсетуі мен оқушының бейнені орындауға қажетті тәсілдерді бейне формасына сәйкес елестетіп қолдана отырып жұмыс орындауы т.б.

Бейнелеу өнерінің дамытушы күші сананың бейнелеушілік қабілетіне, яғни адамның өмірді түр, түс, пішін, көлем, кеңістік, уақыт арқылы сезімді-бейнелік қабылдау мүмкіндігінде екендігін адамзат пайда болып даму эволюциясы көрсетіп отыр. Адам өмірді бейнелі пішінде қабылдайды. Бұл адамның генетикалық өрісінен де белгілі. Адамның танымдық табиғатының негізінде бейнелік қабылдау мен іс-әрекет жатыр. Ойлау актісі мен оқыту процесінің сәйкестігі туралы Дж.Дьюй философиялық іліміне қатысты таным және шығармашылық қызмет түрлі ақиқатты құмарлықпен ізденуді, оған талпыну мен ынтаны сипаттап тек-тамырында, түбінде бір тұтастық процестер жүйесін құрайды. Ойлау биологиялық және әлеуметтік дамудың жемісі.

Осы қасиеттер ортақтығы да тәрбие мен шығармашылық - жаратымпаздық процесстер сәйкестігін, және осыған байланысты осы тұрғыдағы ойлау актісі мен оқыту процестерінің сәйкестілік жүйесін құрайды. Бұл әрине білім мен тәрбие беруде оқушы белсенділігін, оның рухани жан дүниесін байытып, оқыту сапасын арттырады. Сана адамның қоршаған дүниені танып білу, бейнелеу қабілеті ретінде оның өмірді суреткерлік бейнелеушілік байланыстарын Д.Кішібеков Қоғамдық сананың тағы бір көне формасы - өнер. Ол объективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейнеқұбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнелейді. Былайша айтқанда, ол жалпылық пен жекенің, объективтік пен субъективтік, материалдық пен идеялықтың, диалектикалық ерекшеліктерінің бірлігі. Көркем бейне негізінде дараланған, нақтыланған сын-сипат жатады, сонымен қатар ол дара, жеке, нақты адам бейнесі арқылы көпшілікке белгілі, түсінікті типтерді, құбылыстарды сомдап, бейнелейді, жаманнан жирентеді, жақсыға ынталандырады - деп көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет