Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақмола облысы білім басқармасы


Тақырыптың мақсаты мен міндеттері



бет2/6
Дата06.12.2022
өлшемі397,51 Kb.
#161406
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ж. Тәшенов ғылыми жоба орын. Муратов Ә.
Аяулым, Оқу нәтижесін бағалау
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Жұмабек Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметін жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, деректерге сүйеніп тарихи шындық тұрғысынан зерттеу оның өз ұлтына берілген шынайы келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету – зертеу жұмысының басты мақсаты. Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс, Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс, Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылады:
- Ж. Тәшеновтың саяси көзқарасының қалыптасуына оның өскен ортасының әсерін анықтау
- қызметіне қатысты шетелдік және отандық зерттеулерді жинақтау және олардың ғылыми деректік маңызына дәйектілікпен қарау.
Тақырыптың тарихнамасы: Қарастырылып отырған мәселенің тарих-намасы ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастау алады. Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяғанның редакциясымен «Ұлы Дала тұлғалары» се-риясы бойынша жарық көрген ғалымдар Сейітқали Дүйсен мен Қанат Ең-сеновтың «Жұмабек Тәшенов» атты ғылыми зерттеу еңбектері. Осы уақытқа дейін қазақ халқының осындай біртуар абзал азаматы жайлы арнайы зерттеу еңбектің жазылмай келгендігі ойланарлық жағдай. Тек ел тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол жөнінде көзкөргендердің естеліктері мен газеттік шағын мақалалардан құралған бірнеше жинақ жарық көрді. Алайда олардың бәрі бірдей мұрағат деректеріне негізделмеген, ғылыми нақтылығы шамалы дүниелер еді. Сондықтан да авторлар тақырыптың зерттелу аясын кеңейтіп, қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты мұрағат деректерін тауып, оларды кезеңдік мерзімдерге қарай жүйелеп, еңбектердің әрқайсысына жан-жақты тоқталып өтіпті. 
Жұмекеңнің өмірін зерттеп, оның тарихи тұлғасын келер ұрпаққа жеткізу жолында тер төгіп жүргендер аз емес. Солардың бірі тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан Ата. Ол өзінің Ж.Тәшеновтің өмірі мен қызметін зерттеудің нәтижесінде жазған кітабында Жұмекеңнің өміріне байланысты көптеген құнды құжаттарды келтірумен қатар, оны жақсы білетін, істері мен әрекеттерін өз көздерімен көрген әріптестері, жолдастары жә­не сол кездегі жас достары профессор С.Кен­же­баевтың, академиктер С.Қирабаевтың, Х.Ар­ыс­танбековтің, генерал С.Нұрмағанбетовтің және т.б. естеліктерін келтірген.
Қарастырылып отырған мәселенің ғылыми әдебиеттерде баяндалу тарихына жасалған шолу тақырыптың арнайы зерттеу обьектісі болмағандығын аңғартады. Кеңестік дәуірде бұл мәселені арнайы қарауға қажетті алғышарттар қалыптаса қоймады. Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана халқының тәуелсіздігін армандаған тарихи тұлғаларымыздың атқарған істері тарихнамаға ене бастады. Мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.


  1. Тарау. Жұмабек Тәшеновтың өмірі , саяси қызметі, ел тарихындағы орны .

    1. Жұмабек Тәшеновтың өскен ортасы

Ж.А.Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танакөл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары арасында). Кейбір деректерде туған жері Бабатай стансасы деп көрсетіледі .Әке-шешесі орта дәулетті адамдар болған. Арғы ата-бабалары осы өңірде ежелден мекендеген. Қазақстан Ресей империясына қосылған соң 1832 жылы Ақмола атауымен приказ құрылып қала салынды. Қалада орыс-казактары мен бірге жергілікті тұрғындар - қазақтар және татарлар, башқұрттар т.б. мекендеді. Әкесі Жақсыбаев Тәшен, шешесі Гүлсімнің шағын шаруашылығы болды. 1917-1924 жылдары іргелес орналасқан Мартыновка поселкісінде әртүрлі жұмыстар атқарып, 1931 аурудан қайтыс болды. Тәшен мен Гүлсімнің Қасым (жастай шетінеген), Қасен, Манап, Жұмабек, Бидан (Бибінұр), Сақыш (Сақыпжамал) атты балалары болған. Жұмабектің туған жері Танакөл ауылы (№ 7 ауыл), туған уақыты - 20 наурыз 1915 жыл екенін тарихшы ғалымдар, монография авторлары Сейітқали Дүйсен және Қанат Еңсенов анықтады [2, 22 б.]. Танакөл ауылы Бабатай кентіне өте жақын орналасқан болатын, ал 1930-жылдары колхоздарды біріктіру және ірілендіру кезінде Танакөл ауылы жойылып кеткен. Қазақ өлкесінде тұрғындардың туған жері мен уақытына қатысты әркелкіліктер құжаттандыру жұмысының төмендігінен және тұрғындардың туу туралы куәліктер алуға құлықсыздығынан болып отырды. Өйткені тұрғындар үкімет тарапынан ресми есепке тіркелсе мемлекетке төлейтін салықтар түрі көбейетін болған. Келесі мәселе – Жұмабектің неге Ахметұлы болып жазылуы туралы. Ташеновтардың жақын туысы Дәметкен жеңгейдің айтуынша, қазақтардың ежелгі туыстық дәстүрі бойынша Жұмабек пен Манап Тәшеннің баласы жоқ кіші інісі Ахметке балалары етіп асырауға берілген. Ташеновтер отбасын жете зерттеушілердің бірі Кәрішал Асан-ата (Асанов) осындай оқиға Қонаевтар жанұясында кездескенін келтіреді [3, 10-11 б.]. Мәселен, Жұмабек Ташеновтың замандасы, республиканы ұзақ жыл басқарған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған інісі Асқар Меңліахмет тегінде жазылған. Сонымен бірге Ж.А. Ташенов тегі «Тәшенов» және «Тәшенев» болып жазылуы да кездеседі. Жоғарыда көрсеткеніміздей қазақтар өмірге бала келгенде және есімін қойғанда өздерінің салт-дәстүрлерін негізге алған. Шағын «Танакөл» ауылы «Бабатай» поселкісіне таяу орналасқан және 1930 колхоздарды қосу мен ірілендіру науқаны кезінде жойылып кеткенге ұқсайды. Жұмабек Ташенов еңбекке жастайынан араласты. 1936 жылы 26 қарашада Вишнев аудандық Жер комитетінің өкілі Школьныйдың қолы қойылып, мөр басылған құжатта (есімі, әкесінің аты өшіріліп қалған) Жұмабек әкесі Тәшенмен бірге «Қуаңшылықпен күрес» колхозының малын баққаны жазылған. 20-30 жылдарда Ташеновтар отбасы күрделі жағдайда өмір сүріп қиналғанымен жас Жұмабек мойымай шыңдалып өсті . Адамдардың аштан қырылуы, қоныс аударуы, халықтың жаппай наразылығы, басқаша ойлайтындарды саяси қуғындау жас Жұмабектің көз алдында өтіп, оның қоғам туралы көзқарасына, жан дүниесіне әсер етті. Адам болмысының заңдарын терең тану, оның өмірлік тәжірибесін молайтып берік мінез-құлқын қалыптастырды. 1928 жылы комсомол жастар қатарына қабылданды.
1928-1932 жылдары шаруа жастары мектебінде білім алуы, Ғаяз Абдуллин, Мәлік Тәукенов сияқты зиялылармен араласуы, алдыңғы қатарлы қазақ және орыс әдебиетімен танысу оның дүниетанымын кеңейтті. 1933 жылы ағасы Манаптың ақылымен Ақмола құрылыс техникумына оқуға түседі. Жұмабек Ахметұлы техникумдағы оқуын үзіп, 1934 жылы Ақмола аудандық атқару комитетінде 4 ай қызмет атқарып, сол жылдың қазан айында Көкшетау облысының (ол кезде Қарағанды облысы - авт.) жаңадан шаңырақ көтерген Красноармейский аудандық Атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалады 1934 жылы Ж.А. Ташенов Вишнев аудандық Атқару комитетіне жұмысқа қабылданып, Солтүстік Қазақстан облысы Красноармия ауданына жұмысқа ауыстырылады. Осылайша 1934 жылы Ж.А. Ташенов мемлекеттік қызметке қабылданып 1975 жылғы 28 мамырға дейін атқарады. 1940 жылы БК(б)П (1952 жылдан КОКП) қатарына қабылданады. 1934-1944 жылдары Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында әртүрлі қызметтер атқарды. 1939 жылы 27 тамызда Бейнетқор (қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы - авт.) ауданына жер бөлімінің бастығы етіп тағайындалады. Бұл қызметті ол 1942 жылдың тамызына дейін атқарады. Осында ол орта мектеп көлемінде білімі болу қажеттігін түсініп, негізгі жұмысын атқара жүріп, өздігінен дайындалып, оқуын жалғастыру үшін осы аудандағы орыс мектебін сырттай оқып бітіреді. Өстіп жүріп осы ауданда қызмет істеп жүрген өзі сияқты жас маман Бәтес атты бойжеткенмен танысып, отбасын құрады.

Содан 1928-1933 жылдары жергілікті шаруашылық жастар мектебінде оқыған. Бір курс 1933-1934 Ақмола құрылыстық техникумда оқыды. 1934-1939 жылдар аралығында Ақмола, Ақмола облысы Вишнев, Қарағанды облысы Нұра және Солтүстік Қазақстан облысы Советтік, Бейнетқор аудандық атқару комитеттерінде жауапты хатшысы болып қызмет атқарған. 1939- 1943 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жер бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет