Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Сабақ  (шөп  оттылығының)  бітіктігі  және  тұқымның  себу



Pdf көрінісі
бет139/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   490
Байланысты:
index (15)

Сабақ  (шөп  оттылығының)  бітіктігі  және  тұқымның  себу 

мөлшері  (нормасы).

 

Астық  дақылдарында  өнімділік  құрылымының 

негізгі элементтері : жинау  қарсаңындағы аудан бірлігіндегі өсімдіктер 

саны, 


өнімді 

түптену, 

масақтағы 

дәндер 


саны, 

стандартты 

ылғалдылықтағы 1000 тұқым массасы болып табылады.  

Көптеген  зерттеулер  мен  өндірістік  тәжірибе  аудан  бірлігінде 

өсімдіктер саны анықталған деңгейге дейін өскенде, дақылдар өнімділігі 

жоғарылайтындығын көрсетеді. 

Ғылыми-зерттеу  мекемелерімен  әрбір  топырақ  –климат  аймағына 

астық  дақылдары  үшін  сабақ  бітіктігінің  оңтайлы  көрсеткіштері  

қойылған  және  осыған  сәйкес  тұқымдар  себу  нормалары  ұсынылған.  

Жақсы  ылғалданған  аудандарда  жинау  қарсаңында  бір  гектарда  4—4,5 

млн.  бидай,  сұлы,  қарабидай  өсімдігі,  2,5—3  млн.  арпа  өсімдігі,  ал 

құрғақ  дала  аймағында  -  1,5-нан  2,5  млн.-ға  дейін  болу  керектігі 

ұсынылады. 

М.К.Сулейменов (1991) мәліметтері бойынша, Солтүстік Қазақстан 

жағдайында жаздық идайдың себу нормасын оптимум шекарасына дейін 

жоғарылатқанда  өнімділік  көтерілді,  және  максимум  шекарасына  дейін 

айтарлықтай өзгерген жоқ, одан кейін төмендеді, ал минимум шекарасы  



 

131 


0,5-тен  2,5 млн-ға дейін өзгерді, максимум шекарасы  - 1 га 3,5-нан  

6  дейін  өңгіш  тұқым  және    одан  жоғары.  Солтүстік  Қазақстанның  көп 

бөлігінде  (орташа  құрғақ  –  құрғақ  және  құғақ  далалы  аймақ)  себу 

нормасының  оңтайлы  аралығы    1  гектарға    2—3  млн.,  құрғақ  далада— 

1,5—2,5 млн., орманды далада - 2,5—3,5 млн. өңгіш тұқым. Көрсетілген 

тұқымдар  санын себу  арқылы  оңтайлы  сабақ  бітіктігіне  жетуге  болады, 

яғни  жаздық  бидай,  сұлы,  арпа  үшін  1  м

170—230  өсімдік,  ал  өнімді 



түптену есебінен 250-300 дана/м

өнімді сабақтар қалыптасуы мүмкін. 



Биологиялық өнімділікті мына формула арқылы есептеуге болады:  

 

Өбиол.=Өс*Өт*Дс*А 



                     10000 

мұнда: 


Ө

биол


- биологиялық өнімділік, ц/га; 

Өс – өсімдік саны, дана/м

2



Өт – өнімді түптену; 



Д – масақтағы дән саны, дана; 

А – стандартты ылғалдылықтағы 1000 тұқым массасы, г.  

 

Өнімділік  бірнеше  көрсеткіштерден  құралады  –  құрылым 



элементтері,  олардың  әрбіреуінің  көрсеткіштері  әртүрлі  болуы  мүмкін, 

өйткені  бір  құрылым  элементінің  әлсіз  дамуында,  өнімділік  басқа 

элементтерінің  қарқынды  дамуы  есебінен  болуы  мүмкін.  Айта  кету 

керек,  өнімділік  құрылымының  элементтері  өсіп-жетілу  кезеңінің  бір 

уақытында дамымайды.  М. К. Сулейменов (1991) мәліметтері бойынша, 

жаздық  бидайдың  Саратовская  29  сорты  себу  нормасына  байланысты 

келесідей  өнімді  түптенді:  1  га  1,0—1

,

5  млн.  дана  өңгіш  тұқым  алғы 



дақыл сүрі танап болғанда 1,93, аңыз сабақтары бойынша 1,77; 2,0—2,5 

мөлшерінде сәйкесінше 1,52 и 1,42; 3,0—3,5 сәйкесінше 1,30 и 1,08 және 

4,0—4,5 млн. данада 1,16 и 1,04. Масақтағы масақшалар саны да өзгерді: 

1  га  1,0—1,5  млн.  дана  өңгіш  тұқым  алғы  дақыл  сүрі  танап  болғанда 

орташа 12,2, 4,0—4,5 мөлшерінде — 9,6, ал масақтағы дән саны тиісінше 

27,1 және 19,6 дана,  1000 тұқым массасы - 36,0 және 32,8 г. 

Мал  азықтық  дақылдарда  зерттеушілер  кейде  себу  мөлшері,  сабақ 

бітіктігі  мен  өнімділікті  теңестіргісі  келеді,  яғни  жоғары  себу 

мөлшерінде аудан бірлігінде өсімдіктер саны көп болатындығын айтады. 

Бірақ  табиғатта  топырақ-климат  жағдайына  және  бірінші  кезекте 

ылғалдану  деңгейі  мен  минералды  қоректену  элементтерімен 

қамтамасыз  етілуіне  байланысты  түраралық  бәсекелестік  және 

өсімдіктер тығыздығының өздігінен реттелуі жүреді. 

Тәжірибелерде  көрсетілгендей    (Н.  И.  Можаев,  1985),  өздігінен 

реттелу  себу  мөлшерінде  реакциясы  аз  дақылдарда  көрінеді,  мысалы 

көпжылдық  шөптерде.  Өсімдіктердің  өздігінен  реттелуі  олардың  бір 

бөлігінің  сабақ  бітіктігінен  түсіп  қалуынан  және  түптенудің 

төмендеуінен,  бір  өсімдіктегі  сабақтар  санының  азаюнан  болады, 




 

132 


мұндайда  өнімділік  себу  мөлшерін  көбейткеннен  жоғарыламай,  кейде 

төмендеп  те  кетеді,  оны  табиғи  ылғалмен  қамтамасыз  етілудегі 

еркекшөп мысалында да айқын көруге болады. Еркекшөптің мал азыққа 

және  тұқымға  себу  мөлшерлері  үлкен  аралықта  зерттелді  -    2  -нан  14 

млн.  өңгіш  тұқымға  дейін,  яғни  шеткі  нұсқалар  арасындағы 

айырмашылық  7  есе  болды,  бірақ  шөп  оты  тіршілігінің  бірінші 

жылының  соңында  айырма    1:6  дейін  азайды,    ал  1  м

2

  өсімдіктер  саны 



шеткінұсқаларда 120 және 598 құрады, ал түптену тиісінше - 9 және 3,5. 

Тіршілігінің екінші-үшінші жылдарында себу мөлшеріне байланыссыз 1 

м

2

  бірдей  сабақ  саны  қалды—  1300—1500  дана,  ал  одан  жоғары  себу 



мөлшерлерінде өнімді сабақтар саны екінші жылы 606—908 дейін және 

үшінші  жылы  281—741  дейін  төмендеді.  Ең  жоғары  өнімділік 

қатараралықтарының  ені  30—45  см  болғанда  алынды,  тіршілігінің 

екінші жылында өнімді сабақтар саны 572—587 және үшіншіде - 565—

610,  бұл  зерттелген  себу  мөлшерлерінің  ең  азындағы  көрсеткіш  (1 

гектарға 2 млн. өңгіш тұқым).  

Жақсы ылғалмен қамтамасыз етілуде өздігінен реттелу үрдісі ондай 

қатты өтпейді, бірақ суару жағдайында да тұқымдардың себу мөлшері 4 

тен  8  млн.-ға  дейін  көтеру  өнімділіктің  көтерілуіне  әкелмеді,  сонымен 

бірге  есептелген  мөлшерде  тыңайтқыштарды  еңгізу  жоңышқада  36,6—

47,1,  эспарцетте  44,6—51,6,  арпабаста    51,0—57,8  ц/га  қосымша  өнім 

алуға мүмкіндік берді. 

Көпжылдық шөптер ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты 3-4 

тіршілік  жылдарында,  шөп  оттылығының  тығыздығын  өздігінен  реттеу 

үрдісі  барысында,  бір  шаршы  метр  жерде  біркелкі  өсімдік  санын 

қалыптастырды,  сондықтан  себу  мөлшеріне  байланысты  айтарлықтай 

қосымша өнім алынған жоқ.   

Жүгері  мен  шайжүгерінің  сабақ  бітіктігінің  тығыздығын  өздігінен 

реттеу  үрдісіне  қабілеті  көрінбейді,  сондықтан  ылғалмен  жақсы 

қамтамасыз  етілгенде  және  бір  гектар  жердегі  сабақ  бітіктігінің 

тығыздығын  60  мың  данадан  180  мың  данаға  дейін  көбейткенде  сабақ 

бітіктігінің  тығыздығынан  алынған  қосымша  өнім  деңгейі  тыңайтқыш 

енгізу  мөлшеріне  байланысты  гектарынан  32  ц-ден  183  ц-ге  дейін  көк 

балауса өніміне тең болды. 

Сонымен,  көпжылдық  шөптердің  тұқымдарының  себу  мөлшері 

және  бір  өлшем  жерден  алынған  өсімдіктердің  саны  көп  жағдайда  бір-

біріне  тікелей  байланысты  бола  бермейді,  себебі  шөп  оттылығында 

сабақ  тығыздығын  өздігінен  реттеу  заңдылығы  бар  және  егістіктіктегі 

сабақ  тығыздығының  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болса  және  ылғалмен 

қамтамасыз  етілуі  бойынша  неғұрлым  қатаң  жағдай  қалыптасса, 

соғұрлым бұл үрдіс қарқынды жүреді.  

Өздігінен  реттелу  үрдісі  тек  себу  мөлшеріне  қатыссыз  өсімдік 

санының  біркелкілігі  есебінен  ғана  жүріп  қоймай,  сонымен  қатар  өнім 

құрылым  элементтерінің  мәнді  өзгерісіне  де  қатысты:  сабақ 

бітіктігіне,  масақтарға,  бұршаққаптарға,  мұндағы  тұқымдарға,  яғни 



 

133 


эволюция  үрдісі  нәтижесінде  қалыптасқан  және  түрдің  сақталуына 

бағытталған  өсімдік  құрамы  көрінеді,  ал  анағұрлым  сиреп  қалған  шөп 

оттылығында  тұқым  өнімі  әрбір  өсімдікте  қалыптасқан  тұқым  саны 

есебінен толықтырылады.  

Өнімді  бағдарламалауда  қолайлы  сабақ  жиілігі  (тығыздылығы)                                                                                                                                                                                                                                                                  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет