Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет182/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсіру  технологиясы.

 

Жаздық  бидайдың  өнім  деңгейі  оған 

танаптарды  дайындағанда  жүргізілетін  шаралармен  ғана  емес,  сонымен 

қатар  шаруашылықтағы  бүкіл  егіншілік  мәдениетіне  байланысты 

анықталады.  Бидай  өсірудің  технологиясы  оның  морфологиялық  және 

биологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  жасалуға  тиіс.  Жаздық 

бидай  өсіруге  қойылатын  талаптарды  төмендегідей  жиынтық  түрде 

көрсетуге  болады:  жаздық  бидай  барынша  жоғары  өнімді  қоректік 

заттарға  бай,  жыртылатын  қабаты  қалың,  бонитеті  жоғары  танаптарда 

қамтамасыз  етеді.  Топырақтың  механикалық  құрамы  неғұрлым  жеңіл 

болса,  соғұрлым  егіншілік  мәдениеті  мен  пәрмендендіру  факторларына 

талаптар  да  арттырылады.  Бидайды  өсіргенде  шектеулі  факторға 

өсімдіктердің  өсіп-жетілу  кезеңдеріндегі  ылғалмен  төмен  деңгейде 

қамтамасыз  етілуі  де  жатады;  топырақ  жеңіл  болған  сайын,  жауын-

шашынның мөлшері мен бөлінуі ерекше маңызға ие болады. 

Алғы  дақылдар. 

Дақылдың  құндылығын  ескере  отырып,  оның 

өсірілу  жағдайларына  талаптарын  қанағаттандыру  мақсатында  жаздық 

бидайға  барынша  жақсы  жерлерді,  алғы  дақылдарды  таңдап  алуға  тура 

келеді.

 

Ең жақсы алғы дақылдар: сүрі жері, сүріден кейінгі екінші дақыл, 



дәнді  бұршақ  дақылдары,  сүрлемдік  жүгері.  Пішенге,  жасыл  балаусаға 

дәнді  бұршақ  дақылдарының  бірімен  (асбұршақ,  сиыржоңышқа,  ж.б.) 

немесе  жеке  өзі  өсірілген  сұлы,  сонымен  қатар  ерте  себіліп  (жаздық 

бидайды себуге дейін) және жалқы азыққа (монокорм) жиналған арпа да 

айтарлықтай алғы дақыл болады. 

 

Қазақстанның далалық, орманды-дала аудандары үшін кезінде ҚР 



АШМ-нің  «Казагроинновация»  АҚ-ның  «А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ 


 

188 


астық  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институты»  ЖШС  және  басқа 

ғылыми мекемелердің ғалымдары қысқа айналымды (4,5,6 танапты т.б.) 

дәнді  сүр  танапты,  дәнді  отамалы  дақылдар  ауыспалы  егістерін зерттеп 

жасады  және  олар  жазық  тілгішті,  минималды  топырақ  өңдеу 

технологияларына негізделген: 

1.

 



Сүрі жері, бидай, бидай, арпа, бидай; 

2.

 



Сүрі жері, бидай, бидай, бидай, арпа 

3.

 



Сүрі жері, бидай, бидай, сұлы, бидай, арпа 

4.

 



Жүгері, бидай, арпа немесе сұлы 

5.

 



Біржылдық  шөптер  (пішенге,  жасыл  балаусаға),  бидай; асбұршақ, 

бидай, сұлы немесе арпа; 

тағы басқа кескінді ауыспалы егістер.

 

 

Эрозияға  қауіпті  алқаптарда    жаздық  бидайды  жолақты  сүрі 



танабында  орналастырады:  сүрі  жер  +  жаздық  бидай,  жаздық  бидай  + 

сүрі жер, жаздық бидай, арпа (сұлы). 

 

Механикалық  құрамы  жеңіл  топырақты  шаруашылықтарда 



(Павлодар  және  Қостанай  облыстарының  шығыс  бөлігі)  да  жаздық 

жұмсақ  бидайды  жолақтарға    орналастырады  (жолақтың  ені  50  м 

аспағаны  жөн):  егістің  50%  біржылдық  және  көпжылдық  шөптер,  10% 

сүрі жер, және 40% бидай болуға тиіс. 

 

Екі  жылғы  жауын-шашынның  есебінен  сүрі  жерде  айтарлықтай 



ылғал  қоры  жинақталады,  мұның  өзі  жаздық  бидайдан  тұрақты  да  мол 

өнім  алудың негізі болып табылады. ҚР АШМ-нің «Казагроинновация» 

АҚ-ның  «А.И.  Бараев  атындағы  Қазақ  АШҒЗИ»  ЖШС-нің  егіншілік 

бөлімінің  деректері  бойынша  орта  есеппен  14  жылда  топырақтың  1м 

қабатындағы  өнімді  ылғал  қоры  күзде  өңделген  дәнді  дақылдар 

танабында 101,1 мм, ал сүрі жерде 150,1 мм болды. 

 

Бірдей  жағдайда  егістіктің  арамшөптермен  ластануы  сүрі  жер  емес 



алғы  дақылда  сүріге  қарағанда  анағұрлым  жоғары.  Мәселен,  орта 

есеппен  13  жылда  карбонатты  оңтүстік  қара  топырағындағы  сүріге 

себілген  жаздық  бидай  егістігінің  1м

2

  36,5  дана  арамшөп  болды,  оның 



ішінде  біржылдық  -  34,6,  көпжылдықтары  -  1,9,  үздіксіз  жыл  сайын 

бидай  себіліп  отырған  танапта  –тиісінше  128,9,  113  және  15,9  дана 

болды. 

 

Сүрі  жерде  топырақтың  құнарлығы  да  артады.  Өйткені  басқа 



танаптарға  қарағанда  мұнда  өсімдік  сіңіре  алатын  түрдегі  азот 

қосылыстары  көп  мөлшерде  жинақталады.  Жоғары  да  аталған  ғылыми 

мекеменің  деректеріне  қарағанда  көктемде  бидайды  себу  алдында  

топырақтың  1м  қабатындағы  нақты  нитратты  азот  мөлшері  сүр  жерде 

200-400,  екінші  дақылда  -  150-350,  үшінші  дақылда  -  100-300  кг/га 

болады. 


 

Топырақта  ылғал  мен  қоректік  заттардың  жинақталуы,  жаздық 

бидай өнімінің артуына мүмкіндік жасайды. Әр түрлі алғы дақылдардың 

жаздық  бидай  өніміне  тигізетін  әсерін  Қазақстанның  солтүстік 




 

189 


облыстарындағы  ғылыми-зерттеу  мекемелеріндегі  тұрақты  ауыспалы 

егістіктердің көпжылдық деректері жалпы мағлұмат береді (Кесте 25). 

 

 

Кесте 25. Алғы дақылға байланысты жаздық бидай өнімі, ц/га  



 

Ғылыми мекемелер мен 

кезіндегі жауапты 

орындаушылар 

Сүрі 

танабы 


Сүріден 

кейінгі 


жаздық 

бидай 


Сүрідегі 

екінші 


дақыл 

Жүгері 


(сүрлемге) 

Үздіксіз 

себілген 

жаздық 


бидай 

ҚР АШМ-нің 

«Казагроинновация» АҚ-ның 

«А.И. Бараев атындағы Қазақ 

АШҒЗИ»  РММ (Шрамко Н.В.) 

18,8 


16,1 

14,5 


15,4 

9,1 


Қостанай ауылшаруашылық 

ғылыми зерттеу институты 

(Гилевич С.И.) 

14,2 


11,2 

9,0 


9,9 

7,7 


Солтүстік Қазақстан 

ауылшаруашылық ҒЗИ  

(Иодко Л.Н.) 

18,3 


13,9 

11,6 


13,9 

8,7 


 

 

Кезкелген 



жылдары, 

метеорологиялық 

жағдайлардың 

ерекшеліктеріне  қарамай,  сүрі  жердің  жаздық  бидайға  өте  жақсы  алғы 

дақыл  екендігін  өндірістік  деректер  де  көрсетті.  Мәселен,  Солтүстік 

Қазақстан облыстарының 97 шаруашылығында 285 мың га  сүрі жердегі 

жаздық бидайдың орташа өнімі 14,1 ц/га болды, жүгеріден кейін 87 мың 

га  егістіктен  -  15,9  ц/га  және  2-3  жылғы  дәнді  дақылдан  кейін  себілген 

жаздық бидайдың 780 мың гектарынан - 10,4 ц/га өнім жиналды.  

Сүрі  жерлер  құрғақшылықты  аймақта  жаздық  бидайға  барынша 

жақсы алғы дақылдар қатарына жатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет