Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет220/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   490
Байланысты:
index (15)

Даму тарихы, таралуы және өнімі.

 Қарақұмық шамамен 2,5 мың 

жыл  бұрын  Азия  материгінің  шығыс  бөлігінде  ылғалды  аудандарында 

мәдени  өсімдік  ретінде  қалыптасқан.  Оның  морфологиясындағы  

ерекшеліктер мен өсу жағдайларына талаптары осымен түсіндіріледі. 

Мәдени  қарақұмық  жабайы  татар  қарақұмығынан  (Fagopyrum 

tataricum  L.)  шыққан  деп  есептеледі.  Бірінші  жүзжылдықта  ол  Ресейге 

енген, ал кеңінен өсіріле бастаған кезеңі 15-ғасырдан бастау алады. Осы 

уақытта  ол  Европа  елдерінде  де  тарады.  Дүние  жүзінде  жыл  сайын 

қарақұмық  3,5  млн  га  егістікте  өсіріледі,  оның  көбі  Ресейде,  АҚШ, 

Қытай,  Үнді  ж.б.  елдерде.  Қазақстанда  ол  өткен  ғасырдың  60-

жылдарында  (тың  игеру  жылдары)  кең  тарады.  Соңғы  10  жыл  (1997-

2006  жж)  ол  жыл  сайын  орта  есеппен  70,3  мың  га  алқапта  өсіріліп, 

орташа астық өнімі 5,0 ц/га шамасында болды; негізгі егістігі  Павлодар 

мен Шығыс Қазақстан облыстарында шоғырланған (бүкіл егістіктің 80% 

дейін) және орташа астық өнімі тиісінше – 3,5 және 6,7 ц/га құрады. Бұл 

дақылдың  әлеуетті  өнім  мүмкіндігі  айтарлықтай  жоғары:  мәселен, 

«С.Сейфуллин  атындағы  Қазақ  агротехникалық  университеті»  АҚ-ның 




 

241 


өсімдік 

шаруашылығы 

кафедрасының 

кезекті 


бір 

танаптық 

тәжірибелерінде 

(Қарағанды 

облысының 

күңгірт 


қара-қоңыр 

топырақтарында)  жекелеген  варианттарда  астық  өнімі  19-22  ц/га  дейін 

жетті.  Қазақстанның  әртүрлі  аймақтарында  сортсынау  телімдерінде 

оның  астық  өнімі  13,5-19,0  ц/га  және  одан  да  жоғары.  Қазақстанның 

озық  шаруашылықтарының  іссанасы  көрсеткендей,  қарақұмықтың  өсру 

технологиясын дұрыс жүргізгенде тіпті үлкен егістік алқаптардың өзінде 

әр  гектардың  орташа  өнімділігін  12-14  ц  және  одан  жоғары 

көрсеткіштерге жеткізуге болатындығы байқалды. 

Қазіргі  кезеңдегі  қарақұмықтың  астық  өнімінің  төмен  деңгейде 

болып  тұрған  себебі  –  негізінен  оның  өсіру  технологиясын  жасағанда 

ауыл  енбеккерлері  дақылдың  морфологиялық,  биологиялық  және 

сорттық ерекшеліктерін ылғи ескере бермейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет