Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет465/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   490
Байланысты:
index (15)

Морфологиялық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері мен 

сорттары.

 

Асқабақ  (Cucurbita)  сорттары  үш  түрге  жатады:  кәдімгі 

немесе  асханалық  (C.  Pepo),  мускатты  (C.  Toschata)  және  іріжемісті 

немесе малазықтық (C. Maxima). 

Асқабақ өсімдігінің тамырлары – қуатты, тармақталған: құрылысы 

шашақты болып негізінен топырақтың жырту қабатында таралады. 

Сабағы жатаған, түкті, бірнеше желіге тармақталған, ұзындығы 8-

10 м жетеді. Желі сабақтары буынаралықтарда болатын мұртшаларымен 

және қосымша тамырларымен жерге бекіп тұрады.  

Жапырақтары  –  кезектесіп  орналасқан,  жапырақ  тақтасы  бүйрек 

пішінді  5-7  қалақты.  Жапырақ  қолтығында  мұртшалар  мен  гүлдер 

қалыптасады.  Асқабақ  –  аталық  және    аналық  гүлдері  бір  өсімдікте 

болатын  бірүйлі  өсімдік.  Гүлдері  –  жеке,  дара  және  қосжынысты.  Гүл 

күлтесі  ашық  сары  және  сары  қызғылт  түсті,  бесжелекті.  Жемісі  –  ірі, 

пішіні  әртүрлі,  көп  тұқымды  жалған  жидек.  Өсімдік  жәндіктердің 

көмегімен айқас тозаңданады. 

Асқабақ  төмен  температураларға  сезімтал.  Ауа  температурасы 

13°C  дейін  төмендегенде  өсімдіктердің  өсуі  баяулайды.  Өсіп-жетілуіне 

оңтайлы  температура  –  25-30°C.  Өсімдік  көгі  ауа  температурасы  25-

30°C-та  бір  апта  шамасында  пайда  болады.  Бақшалықтардың  ішіндегі 

суыққа төзімдісі де асқабақ. 

Бақшалық  дақылдардың  ішінде  тамыры  және  жерүсті  мүшелері 

жүйелерінің өсіп жетілуінде біршама айырмашылықтар бар: ол ылғалға 

өте  жақсы  қажетсінгенімен  құрғақшылыққа  төмен  төзімділігімен 

ерекшеленеді. Топырақ құнарлығын қажетсінеді. Оған қара, қара-қоңыр 

топырақтар оңтайлы болып табылады.  

Асқабақтың  өсіруге  рұқсат  етілген  сорттары:  асханалық-

Мозолеевская  10,  Волжская  серая  92,  Миндальная  35,  Мраморная, 

Афродита, Карина; малазықтық – стофунтовая, Гибрид 72, Рекорд. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет