Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Тұқым  сапасына  агротехникалық  жағдайлардың  әсері



Pdf көрінісі
бет70/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   490
Байланысты:
index (15)

Тұқым  сапасына  агротехникалық  жағдайлардың  әсері.

 

Агрономдар  әзірше  жоғары  сапалы  тұқым  өсіруде  экологиялық 

жағдайлардың (факторлардың) әсерін толық реттей алмай отыр. Алайда 

оның теріс әсерін азайтып, пайдалы жақтарын күшейтуді төзімді сорттар  

мен  будандарды  және  тиісті  өсіру  технологиясын  қолдану  арқылы  іске 

асыруға болады.  

Есте  ұстайтын  қағида  –  жоғары  өнімді  сорттарға,  будандарға  – 

жоғары  деңгейдегі  өсіру  технологиясын  жасау.  Осындай  жағдайда  ғана 

өсірілетін  дақылдың  потенциалды  мүмкіндігі  іске  асады  да,  жоғары 

сапалы тұқымдық жадығат қалыптасады. 

Көптеген ғылыми деректер көрсеткендей, Солтүстік Қазақстанның 

астықты аудандарында, әсіресе жаздық бидай үшін, кепілді өнім беретін 

алғы дақылға әлі де болса  таза сүр танабы жатады. Оның үстіне мұндай 

танаптарда  егістік  сапасы  жоғары  тұқымдық  жадығат  қалыптасады. 

Мәселен, 

С. 


Сейфуллин 

атындағы 

Қазақ 

агротехникалық 



университетінің  өсімдік  шаруашылығы  кафедрасының  зерттеулерінде 

(Тютенов, 2005) орта есеппен 3 жылда  Целинная 3С жаздық бидайында 

– сүр танабында  өсіргенде  1000 тұқымның массасы – 35,7 г, өну қуаты-

92  %,  лабороториялық  өнгіштігі  -  96  %  болғанда,  2-бидай  алғы 

дақылында ол көрсеткіштер тиісінше - 34,3г,  91 және 95% (астық өнімі 

сүр жерде - 21,4 ц/га, ал 2-бидайда - 16,3 ц/га болған). 

ҚР  АШМ-нің  «А.И.  Бараев  атындағы  астық  шаруашылығы 

ғылыми  өндірістік  бірлестігі»  РММ-нің  тәжірибелерінде  жүгері  мен 

сүріден  кейінгі  2-бидай  алғы  дақылдарында  өсірілген  Саратовская  29 

жаздық  бидайдың  тұқымдық  жадығатының    егістік  сапасы  сүрі 

танабынан қалыспағаны белгілі болды. 



 

48 


Ауыл  шаруашылығы  дақылдарынан  жоғары  сапалы  тұқымдық 

жадығат    алу  үшін  оларды  барынша  жақсы  алғы  дақылдардан  кейін 

(ылғал  мол,  қоректік  заттармен  теңдестірілген,  арамшөптер,  аурулар, 

зиянкестерден  таза  ж.б.)  орналастырып,  жоғары  сапалы  (себу 

кондициясына  жеткізілген,  құрғақ  ауада  қыздырылған  т.б.).  Тұқыммен 

агротехникалық талаптарға  сай  (оңтайлы  себу-отырғызу  мерзімі,  тәсілі, 

мөлшері, сіңіру тереңдігі) сепкенде (отырғызғанда) жиналатыны белгілі; 

оның  үстіне  егістікті  тыңғылықты  күтіп-баптау  қажет  және  оны  озық 

тәсілдер мен техникаларды қолдана отырып дер кезінде жинаған дұрыс. 

Аталған  мәселелерге  біз  әр  дақылды  жеке-жеке  қарастырғанда 

толығырақ тоқталатын боламыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет