Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ЛОГИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕ-



бет231/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
213


ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ЛОГИКАНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕ-


БІ – халықаралық ауқымда танылған отандық философиялық зерттеу бағыты. Бұл бағыттың алғашқы нышандары 1958–70 жж. Ж. Әбділдиннің, А. Қасымжановтың, Ә. Нысанбаевтың, Г.А. Югайдың және т. б. еңбектерінде көрініс тапты. Сол кезден бастап диалектиканың өзекті мәселелерін жүйелі зерттеу мақсатында Қазақстан ҒА-ның Философия және құқық ин-тында (қазіргі Философия, саясаттану және дінтану ин-ты) жас ғалымдардың шығарм. тобы құрылды. Алғашқы зерттеу нәтижесі ретінде Ж. Әбділдин, А. Қасымжанов, Л. Науменко, М. Баканидзе жазған «Таным логикасы және диалектикасы проблемалары» (А., 1963) атты ұжымдық монография жарыққа шықты. Мұнда авторлар 20 ғ-дың 50-жылдары КСРО көлемінде бой көрсете бастаған диалект.-филос. ағымға үн қосып, адам ойы мен танымының табиғаты, логиканың диалект. тұжырымдамасы, нақты ұғым, таным субъектісінің белсенділігі, т.с.с. мәселелерді тереңдете қарастырды. Жаңа заман философиясындағы батыл қадамға баланған бұл зерттеулер арнаулы басылым беттерінде «диалектикалық логиканы жасақтаудағы қомақты табыс, соны бағыт» ретінде бағаланды. Осы кездегі жарық көрген А. Қасымжановтың, Б. Қасеновтің, З. Мұқашевтің, Н. Мұсабаеваның, К. Рахматуллиннің, Г. Югайдың зерттеулері Қазақстанда іргелі филос. мектептің қалыптасқанын байқатты. Сондай-ақ, 1967–68 Ж. Әбділдиннің
«Теориялық танымдағы бастама проблемасы», Л.К. Науменконың «Монизм
– диалектикалық логиканың ұстыны», М.И. Баканидзенің «Логикалық формаларды субординациялау мәселесі», Б. Сахариевтің «Арнаулы салыс- тырмалылық теориясындағы кеңістік пен уақыттың өзара байланысы мәселесі» сияқты бірегей сипаттағы монографияларының жариялануы Д. л. қ. м-н жаңа бір белеске көтерілді. Д.л.қ.м-нің көрнекті өкілдері – Ж. Әбділдин мен Ә. Нысанбаев 1974 ж. Ш. Уәлиханов атынд. бірінші республикалық сыйлықты иеленді. Ал 1984 ж. олармен бірге бір топ философ-ғалымдар (М. Баканидзе, А. Ивакин, Л. Науменко, М. Сәбитов) диалект. логика мәселесін зерттеудегі терең теориялық нәтижелі еңбектері үшін Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаттары атанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   571




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет