Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет329/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
КАНТ Иммануил (1724–1804) – нем. философы, ғалымы, классикалық нем. философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы болды. К. И. өзінің философиясын бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен диалектика, логика және таным теориясы туралы мәселелерді жан-жақты талдаудан бастады. «Таза зердеге сын» (1781) деген атақты шығармасында сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан бастайды. К.И. өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм және рационализм саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін көрсете отырып, философияда бұрын-соңды болмаған үлкен жаңалық – коперниктік төңкеріс жасады. «Таза зердеге сын» атты еңбегінде К. таным үдерісіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығу жолын көрсетті. Адамның таным қабілетін сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөлді. Ол математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы (априорлы – латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным үдерісінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика – сезімділікке, жаратылыстану – пайымға, метафизика – зердеге қатысты екені анықталды. К. осылайша белгiлеген адамның таным қабiлетiнiң үш түрi философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткенi, бұл, бiр жағынан, танымды бiртұтас, бiрақ iшкi қайшылыққа толы үдеріс деп қарау болса, екiншi жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет едi. К. уақыт пен кеңiстiк жараты- лыстану саласындағы ұғымдар ғана емес, олар дүниетанудың сезiмдiк формалары екендiгiн философия тарихында алғаш рет айқындап бердi. К.- тың зерде туралы көзқарасы философия тарихында, бұрын-соңды болмаған терең ойлар мен тың пiкiрлердi дүниеге ала келдi. Оның айтуынша, зерде дегенiмiз ол да пайым. Бiрақ, ол – пайымның жоғары формасы. Зерде таным үдерісінде категориялармен айналыспайды. Ол ұстындар арқылы көрінеді. К. зерде тудырған қайшылықтарға ерекше назар аудара отырып, оның антиномияларын да жан-жақты талдады. Бұл антиномиялар сырт қарағанда тек ойдың жемiсi ғана сияқты. Ендеше, одан туған қайшылықтар жасанды әрi жалған болып көрiнедi. К. өзiнiң «Практикалық зердеге сын» деген шығармасында көптеген мәселелерге жаңа көзқараспен қарады. Атап айтқанда, философ еркiндiктегi себептiлiк идеясы арқылы жаңа заман ойшылдарының бiразына сын айтты. Ол, әсiресе, Спинозаның жалпыға тән себептiлiктi қамтамасыз ету iлiмiн барынша сынады. Бұрын мораль мен парасат мәселелерiне тек қана дiн үстемдiк жүргiзiп келген едi. Өйткенi дiннiң айтуынша, мораль мен адамгершілiктiң қайнар көзi – құдай. Тек сол ғана мораль мен адамгершiлiктi беретiн. Бiрақ K. құдай туралы мәселені шешуге болмайтын трансценденттi ұғым деп есептейдi. Сондықтан ол мораль мен адамгершiлiктiң қайнар көзi бола алмайды. К-тың ойынша, адамгершiлiк, парасат адам баласының бақытқа қарай ұмтылуымен тығыз байланысты. Бiрақ бақыт деген ұғымның өзi эмпирикалық, оның өзгеруi мен дамуы белгілi бiр дәуiрдiң жағдайымен байланысты. Егер адам белгiлi бiр iс-әрекетте парызға сәйкес iс атқарса, ондай адамда адамгершiлiк бар, ол парасатты. Алайда, адамның iс-қимылында әлi де адамгершiлiк, пара- саттылық жоқ. К-тың ойынша, адамгершiлiк заңын жай ғана қағазға жазып, iлiп қоюға болмайды. Адамға ең алдымен құдайдың болмысын және мәңгi өшпейтiн, өлмейтiн идеяны беру керек. Бұл адамгершiлiктің мақсатына жатады. Сондықтан ұлы философ бұл шығармасында зердеге қарсы шығып, сенiмге қарай жол ашады. Оның айтуынша, құдайдың болмысын ғылыми түрде дәлелдеу мүмкiн емес, бiрақ құдайға сену адамгершiлiкке бастайды. К-тың осы идеясы, зерделi ойы кейiнгi ойшылдар мен ақын-жазушыларға ерекше әсер еттi. К.-тың логикалық идеясы өз мазмұнынан айырылып қалды. Өйткенi ойлау туралы түйiннiң, қорытындының «өзiндiк затқа», оны ойлауға ешбiр қатысы болмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   325   326   327   328   329   330   331   332   ...   571




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет