Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет546/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Хасанов Марат Шамуратұлы (29.10.1941 жылы туған) - философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры, отандық мәдениет философиясының негізін қалаушылардың бірі, еуразияшылдықтың зерттеушісі, әлеуметтік-гуманитарлық білім методологы, философия мен ғылым әдіснамасы кафедрасының негізінде алғашқы «Шығыс-Батыс: мәдениеттер диалогы» (1992, 1995) халықаралық симпозиумдарының бастамашысы, 1995 жылдан «Демократия және мәдениет» Қоғамдық қорының директоры, 2001 жылдан «Еуразия» қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналының негізін қалаушы және бас редакторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері (2016), «Қазақстан өзгермелі әлемде: әлеуметтік-мәдени импульстар және Еуразиялық өркениеттік нұсқаулықтар» атты ҚР БҒМ (2015-2018) ғылым грантының жетекшісі.
Хасанов Марат Шамұратұлы 1970 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетін, ал 1975 жылы аспирантурасын бітірді. М.Ш. Хасанов философия кандидаты (1976), философия докторы (1988) академиялық дәрежелерінің, доцент (1979), профессор (1990) академиялық атақтарының иегері. 1990-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философиялық кафедраларының меңгерушісі, 1995-2000 жж. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестаттау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Өзінің педагогикалық, ғылыми және мемлекеттік қызметі кезінде М.Ш.Хасанов диалектика теориясы мен практикасына, саясат, мәдениет және білім философиясын дамытуға сүбелі үлес қосты. Философияның осы салаларындаоның 170-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері бар. Ол Мәскеу, Санкт-Петербург, Обнинск (Ресей), Рига (Латвия), Таллин, Тарту (Эстония), Оклахома (АҚШ), Тайпей (Тайвань), Берлин (Германия) қалаларында өзінің баяндамаларымен сөз сөйледі. Ол 2 доктор, 13 философия және саясат ғылымдарының кандидаттарын дайындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   542   543   544   545   546   547   548   549   ...   571




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет