Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет6/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі
А бөлімі Айтқали Жазира, А бөлімі Айтқали Жазира, English11week (1), English11week (1), English11week (1), English11week (1), English11week (1), психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика, психология11практика
  (Көп сөз  – 
күміс, аз сөз – алтын. Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос), теңеу (Жақсылардың үлгісі- 
жанып тұрған шамдай, Шешендердің сөздері – ағып тұрған балдай), эпитет  (От ауыздыортақ 
тілді. Қаһарлы сөз қамал бұзар), метаномия (Шебердің  қолы көпке ортақ. Жүрген аяққа жөргем 
ілінер), синтаксистік паралелизм (Жолдас  қадірін жарықта білесің, Дос қадірін соғыста білесің.),
 
шендестірулерді  таныту  мақсаты  қойылады.  Әсіресе  синтаксистік  паралельдер  мен 
шендестірулердің жақындығы, қабысып отыруы, тура көркем баламалардың үйлесімділігіне көбірек 
көңіл аударылады
. (Ат басына күн туса, ауыздығымен су ішер, Ер басына күн туса, етегімен су 
кешер).
  Мақал  мәтелдерді  оқыту  арқылы  қалыптаса,  дмытыла  түсетін  әдеби  теориялық  ұғыс  – 
тақырып  пен  идеяның  бірлігі  және  поэтикалық  көркемдігі,  ырғағы,  ұйқасы,  тармағы.  Мәселен, 
«Еңбек етсең, емерсің». Егер осы мақалдың тақырыбы мен идеясы – нәтижесін көру дегенді ашып 
қалды  да,  сәлден  кейін  мақалдың  тақырыбы  –  еңбек  ету,  идеясы  –  нәтижесін  көрі  дегенді  ашып 
берер  еді.  Хрестоматияларда  түрлі  тақырыпқа  топтасқан  мақалдар  берілген.  Осы  мақал-мәтелдегі 
тақырып  пен  идеяны  ашу,  қандай  поэтикалық  көркемдікпен  жасалғанын  білгізу  үшін  сұрақ, 
тапсырмалар  беру  мұғалімнің  ең  басты  ісі.  Мақалдардың  дыбыс  үндестігін  ашып  дәлелдеңдер. 
Мақалдың  аяқаталуында,  басталуында,  сөздердің  іштей  үйлесімділігінде  қандай  үндестік  бар? 
Мақалдардағы теңей, ауыстыра, балап айтылғын сөздерге мысал келтіріп, оның қандай поэтикалық 
көркемдік екенін дәлелдеңдер. Мқалдағы бейнелі пераллелизмдердің мазмұндық көркемдігін тани 
білуге тапсырмалар оқушыны мақал мәтініне тағы бір мәрте үңілдіріп, мазмұнын, көркемдігін тани 
білуге жұмылдырады. Егер, мұғалім осы тақырыпта топтасқан мақалдарды өздерің білетін, оқыған, 
үлкендерден  естіген  мақал-міәтелдермен,  ақын  жазушылар  шығармаларынан  мақалға,  нақылға 
айналып  кеткен  даналық  сөздермен  толықтырыңдар,  оның  тақырыбы  мен  идеялық  мазмұнынын 
ашыңдар десе, оқушының белсенділігін арттырып, қазықтыра түсер жұмыс болары кәміл. 
Ал әдеби  –теориялық ұғымдарды кеңейтуге қатысты әдіскер-ғалым түрліше ой өреді. Асан, 
Қайғы,  Бұқар?Махамбет  мұраларынан  басталған  әдебиетіміздің  тарихи  даму  жолы  одан  әрі  XIX 
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет тарихымен жүйелі курс болып 



 
жалғасып  келеді.  Сондықтан  әдебиет  теориясы  ұғымдары  әдебиеттің  тарихи  даму  үрдісін  оқып 
білумен  қабыса  жүргізіледі.  Оқулықта  әдебиет  теориясы  мәселелері  бес  жүйеге  бөліне 
топтастырылады. 
Бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түсетін бұл теориялық мәселелер оқыту 
үдерісінде  екі  жолмен  жүргізіледі.  Алдымен  XIX  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың 
басындағы  әдебиетке  арналған  шолу  тақырыптарында  жинақы  түрде  таныстырылды.  Екіншіден, 
Шоқан,  Ыбырай,  Абай,  С.Көбеев,  С.Торайғыров,  С.Дөнентаев мұраларын оқытуда осы  теориялық 
мәселелер  жекелеп  те,  өзара  байланысты  түрде  де  танытылады.  Ақын-жазушының  өмірі  мен 
шығармашылық жолы тақырыбына, жанрына қарай топтасып, бірнеше шығармалары жүйелі түрде 
оқылатын болғандықтан,  жырлаған, суреттеген тақырыбына автордың көзқарасы жайында жинақы, 
түйінді  пікірмен  баға  беру  мүмкіндігі жасалады.  Өзара  байланыстырыла  отырып  шығарымпаздық 
әдісі анықталады. 
Сондай-ақ,  ғалымның  жанр  мен  стиль  турасында  айтылған  түйін  –тұжырымдарының 
құндылығы  бүгінгі  тұста  да  бір  сәт  төмендеген  емес.  Бұл  ретте  ғалым  дәстүр  мен  жаңашылдық 
проблемасы жанр,  стиль  проблемасымен  тығыз байланысты.  Бір ақын,  жазушының  шығармалары 
арқылы  бірнеше  жанрлық  форманы  таныстырамыз.  Оқушы  төменгі  сыныптарда  С.Сейфуллиннің 
өлеңдерімен  таныса,  ортаңғы  сыныптарда  әңгімесімен,  повесімен  танысады.  Ал  жоғарғы 
сыныптарда С.Сейфуллин шығармашылығын оқу арқылы әдебиеттің үш тегінен тарайтын лирика, 
баллада,  поэма,  әңгіме,  повесть,  роман,  пьеса  жанрларында  шығарма  жазғанын  оқып  танысады. 
Б.Майлин, І. Жансүгіров,  С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов,  Ғ. Мұстафин шығармашылығын оқу 
арқылы  осы  жанрлардың  одан  әрі  алуан  сипатымен  түрлене,  жаңа  белгімен  дамытыла  түскені 
таныстырылады.  Мәселен,  драмалық  шығарманы  алайық.  Оқушылардың  жалпы  драмылық 
шығармаларын  оқу  тәжіребиесі  шамалы,  өз  бетімен  оқуға  бара  бермейді.  Әйтсе  де  С.Сейфуллин, 
Б.Майлин,  І.  Жансүгіров,  С.Мұқанов,  М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов  шығармашылығынан  драманың, 
комедия,  сатиралық  комедия,  трагедия  түрлерінің  өзара  айырмасын  қайталау  кезінде  ажырата  
білетін  болу  керек.  Бұл  жерде  оқушылардың  театр  сахнасынан,  кино,  телеэкраннан  көргені  де 
қамтылуы  мүмкін.  Бұл  жерде  айтарымыз,  жанр  жанр  қатып  қалған  форма  емес.  Әдебиет 
теориясында  сол  форманың  ортақ  белгілері  шарты  болып  қалыптасқан.  Жанрлық  белгілері  өзара 
араласа  үйлесім  тауып,  көркемдік  формаға    тұтасып,  тақырыптық-идеялық  мазмұнын  жеткізіп 
отырады. Орыс сыншысы Белинский жанрларды біріне-бірі қатысы жоқ дара дүние тұрғысында деп 
қарамаған. Олардың жеке компаненттері бірінен екіншісіне ауысып отыратынын, өзара байланысты 
бірлікте  болатынын  айтады.  Кейбір  шығарманың  осындай  жанрлық  формасын,  белгілерін, 
шекарасын ажырату  оқушыға (мұғалімге десек  те  болады)оңай емес.  Сәкенннің  «Маузерін»  бірде 
өлең, бірде баллада, бірде поэма деп, Сәбиттің «Колхозды ауыл осындайын» бірде поэма, бірде ұзақ 
өлең  деп  оқулықта  да,  зерттеулерде  де  әр  түрлі  атап  оқып  жүрміз.  Ғ.Мүсіреповтың  «Кездеспей 
кеткен  бір  бейне»  шығармасын  көлеміне,  құрылысына,  оқиғасына  қарай  повестке  жатқызуға 
болатын  сияқты.  Повестер  қатарында  аталып  тұр.  Бірақ  автор  шығармасы  поэма  аталған.  Сырт 
қарағанда проза десек те, өлең ырғағы мен романтикалық көтеріңкі де нәзік әуенмен жазылған. Екі 
жанр  табиғатының  айрықша  сапалары  тұтастырылған.  Еркебұлан  сияқты  күрескер  ақынның  жан 
дүниесін,  сезімін  поэмаға  тән  лиризммен  мөлдірете  қара  сөзбен  жеткізу  шеберлігін  танытқан. 
Революциялық күрес дәуірінің оқиғалары шығармада жаңа қырынан көрінеді. Халық азаттығы үшін 
күреске  Еркебұланның  үлкен  санамен,  зор  жауапкершілікпен  барғанын,  оның  алдында  қойған 
мақсатында еш нәрсе кдергі бола ламайтынын, туған еліне адалдығын көреміз. Автор шығарманың 
эстетикалық сипаиына мән бергендіктен поэма атаған. 
Көркем шығарманың өнер ретінде көркемдік қасиетімен түрленіп отыруы талантқа тән заңды 
құбылыс.  Белгілі    бір  жанр  шарттарын  орындап  жазылғын  құнды  туынды  сол  жанрға  белгілі 
жаңалық  әкеледі,  жанрдың  дами  түсуіне  өзінше  үлес  қосады.  Монографиялық  тақырыптарды 
оқытуда шығарманың жанрылық сипатындағы өзгешеліктерді оқушы танып білетін болуы керке. 
І.  Жансүгіровтің  «Дала»,  «Күйші»,  «Құлагер»  тәріздес  тарихи  реалистік  поэмалары  жазылу 
табиғатына  қарай  әр  түрлі  жанрлық  сипатымен  көрінеді.    Әр  поэманың  тақырыбының 
композициялық  құрылысының,  сюжеттік  желісінің,  образдар  жүйесінің  жасалуына  қарай  бірінде 
эпикалық, екіншісінде лирикалық ырғақ тнтонациясының, көркемдік компанеттерінің басымдығына 
ерекше  түрде  оқырман  зердесін  аударуына  қарай  әр  түрлі  жанрлық  сипаттағы  анықтауларға  ие 
болып келеді. Әдебиет зерттеушілері «Дала» поэмасын лирикалық-философиялық (Әуезов), тарихи-
философиялық  (Қаратаев),  лирикалық  поэманың  жаңа  түрі  (Дүйсенов),  лирико-публистикалық, 
лиро-эпостық  (Нарымбетов)  дегендей  жанрлық  анықтаулармен  атайды.  «Даланың»  лирикалық 
сипаты    «Арнау»,  «Той  бастау»  бөлімдерінен  және  жыр  ағымы,  толғау,  терме,  дәстүрінде 
жазылуынан,  эпикалық  сипаты  басқа  бөлімдерінен,  шартты  кейіпкерлерінен  байқалады.  Ал 



 
философиялық  сипаты  –  тұтас  тарихи  кезеңдерді  қамтыған  өмірдің  дамуы,  қайшылығы,  еүресі, 
халық  иеалы,  гуманизмі  және  тарихылығы  деуге  болады.  Поэманы  оқытуда  оның  жанрлық 
сипатына қарай айтылып жүрген көп анықтама сөздерді білуді тоқталса жеткілікті. 
С.Сейфуллин, Б.Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, М.Әуезов,  Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиннің 
шығармашылық әр жанрдағы шығармаларын талдау, көркемдігін тану үстінде өзіндік жазушылық 
өзгешеліктерді  де  сөз  болады.  Осы  көрнекті  әдебиет  өкілдерінің  Шығармашылығында  біртіндеп 
қалыптасқан, айқындала түскен, бір-біріне ұқсамайтын суреткерлік шеберлігі, стилі, мәнері бар. Әр 
жазушы  өзінше  сөз  саптайды,  өзінше  суреттейді,  образдар  жасайды.  Әр  жазушының  осындай 
көркемдік, стильдік һзгешеліктерін оқушының өздігінен ажыратып отуруы мүмкін емес. Стильдің 
қыры мен сыры мол. Мектеп бағадарламасы арқылы оны толық тануға мүмкіндік жоқ. Әйтсе де, аса 
көрнекті классик ақын, жазушылардың өзіндік басты стиль ерекшелігін тани алатындай ерекшілігі 
болатыны айқын. Жазушы стилін алғаш аңғартатын бірінші фактор – тіл өрнегі. Бірақ ол стильдің 
жан-жақты  сипатын  ашып  бере  алмайды.  Жазушы  өмір  шындығын  шығарымпаздық  қиялымен 
типендіре  жинақтай  отырып,  образ  жасайды,  суреттейді.  Сол  үрдісте  оқиғаны,  әрекетті,  адамның 
қарым-қатынасын,  сөзін,  күйініш-сүйініш  сезімін  өсіре,  әсірелей  не  әшкерелей  әр  түрлі  жағдайға 
келтіреді. Стильдік өзгешелікті танытатын осы компоненттер [2, 125-127]. 
Ғалымның  әдістемелік  зерделеу  жұмыстарының  өміршеңдігі  –  практикалық  жағының 
басымдығынада, әдебиет пәні мұғалімдерінің ауыр еңбегін жеңілдетуде ғылым-әдістемелік жағынан 
тиімді көмек, кеңес бере білуінде. Әдіскер-ғалымының баспа жүзін көрген көмекші нұсқауларын өз 
ісінде,  әдебиет  сабақтарында  пайдаланған,  өз  кезеңінде  ғалымға  ризашылығын  білдірген 
мұғалімдердіңі алуан пікірлері де – ғалым еңбегіне берілген баға. 
Қалимолла  Жұмағалиұлын  Орал,    Ақтөбе, Маңғыстау,  Жезқазған аймақтық  білім  жетілдіру 
институттары  әлсін-әлсін  мұғалімдердің  мезгілдік  курстарында  әдебиет  әдістемесінен,  әдебиет 
теориясынан, әдебиет тарихы мәселелерінен лекция оқуға шақырып отырған. Мәселен, 1986 жылы 
Ақтөбе  мұғалімдердің  айлық  курсында  лекция  оқыған.    Кейін  Шалқар  қаласының  мұғалімі 
М.Құлманова  ғалымның  лекцияларындағы әдістемелік  талдауларның құндылығы жайында мақала 
(«Қаз.мек»  журн.,  №2,  1987  ж.)  жариялады.  Бұл  бағытта  БҚО  Сырым  ауданының  мұғалімі  Х. 
Хамидуллин («Қаз.мек» журн., 8 тамыз, 1986 ж.) Бөкей ордасы ауданының мұғалімі Е.Қисахметов 
(«Орал  өңірі»,  29  қыркүйек,  1989  ж.)  өз  мақалаларында  ризашылықтарын  білдерген.  Қ. 
Жұмағалиұлы  студенттерге  әдебиет  әдістемесінен  дәріс  оқумен  бірге,  жастарды  ғылыми 
жұмыстарға баулуды әсте естен шығармағаны кейінгі зор үлгі. 
Әдістеме  ғылымы  саласында  кезінде  үздіксіз  тер  төккен  ғалымның  «Сөз  өнерінен  –  ойлау 
өнеріне»  деген  зерттеуі  –  мектеп  бағдарламасына  енгізілген  жаңа  шығармаларды  оқытудың 
жолдарын, жазушы Хамза Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясын сыныптан тыс талқылау және 
әдеби өлкетану жұмыстарын жүргізу түрлерін көрсетеін құнды еңбек сапында. 
Қысқасы,  бірегей  ғалым,  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесінің  теоретигі  Қалимолла 
Жұмағалиұлы Мырзағалиевтің мол әдістемелік мұрасы ешқашан да ескірмек емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   422




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет