Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Әбуев Қ.Қ. Көкшетау/Қазақстан ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІРГЕ ТАСЫН ҚАЛАУШЫ ӘЗ-ЖӘНІБЕК



бет115/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153
Әбуев Қ.Қ.
Көкшетау/Қазақстан

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІРГЕ ТАСЫН ҚАЛАУШЫ ӘЗ-ЖӘНІБЕК

Жәнібек Хан Әбу Сайд (1420–1474 жж.) – XV ғасырдың екінші жартысында өзінің немере туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған. Қазақ тарихында екі ақ ханға «әз» атағы берілген, соның бірі Жәнібек хан, екіншісі Тәуке хан. «Әз» деген сөзге «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» былай деген анықтама берілген: «Ардақты, қадірлі». Осы мәселе жөнінде қазақтың ұлы ғалымы-ағартушысы Шокан Уәлиханов былай деп жазған: «Аңыздардан мәлім Жәнібек тақсыр дана (әз), міне сондықтан қазақтар оны тек қана Әз Жәнібек деп атайды, және тағыда белгілісі оның уәзірі озық ойылы шұрайлы сөздің шебері Жиренше шешен болған. Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп конған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталынады. Қазақтың көптеген аңыз – дастандары да сол алтын ғасырға дөп келеді. Сондай-ақ, Жиренше шешеннің бірлік, тәлім-тәрбиелік нақылдары, әділ хан Әз-Жәнібек те, қазақтың философ-данасы Асан қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді». Шокан Уәлихановтың осы сөздерін басқа шығармаларда растайды.


Жәнібек хан 1465/66 жылдан 1474 жылға дейін Қазақ хандығының ханы болды. Ол төре тұқымынан, арғы атасы Жошы хан, бергісі-атақты Орыс хан. Кейбір шығыс деректерінде Орыс ханды Жошының үлкен ұлы Орда Ежен нәсілінен, ал енді бірер деректерде, соның ішінде Әбілғазының «Түрік шежіресінде», Қадырғали Жалаиридің «Жәми ат-Тауарихында» ол Жошының кіші ұлы Тоқай Темірдің ұрпағы делінген.
Әбілғазы Бахадур хан өзінің түрік шежіресінде Жәнібектің ата тегін былайша таратады: «Шыңғыс хан – Жошы хан – Тоқай Темір - Өз Темір – Хожа Бадақұл ұғлан – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан - Әбусағит (лақабы Жәнібек хан)». Осы мағлұматты XVI-XVII ғасырлық авторлар Өтеміш Қажы, Махмуд ибн Уали, Қадырғали Жалаириде ұстанды. Қалай болғанда да Жәнібек Орыс хан немересі екендігі дау туғызбайтын жәйт. Ал осы Орыс хан есімін бірде Өріс хан деп (Қазақстан тарихы. Энциклопедия), бірде Ұрыс хан деп (Қазақстан тарихы. 2 том. Алматы, 1998, 329-330 б.) аталып жұр. Біздіңше оның азан шақырып қойған аты Мұхаммед болғанымен оны Орыс хан деп атап кеткен. Өйткені Орта ғасырда далалықтардың шәші сары көзі көк баланы осылайша Орыс деп атап кетуі жиі кездесетін болған. Мысалы, Брокгауз-Эфрон энциклопедиясында «Урусовы – княжеский род, восходящий к известному Едигею Мангиту» делінген.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет