Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan


Әбуов Ж.Ә. Астана/Қазақстан ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ



бет37/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
Әбуов Ж.Ә.
Астана/Қазақстан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІ ТУРАЛЫ ЗАҢНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫН ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Заң жобасын дайындау қажеттілігі мемлекеттік тілдің мәртебесін, оның қоғамдық қарым-қатынастардағы мәртебесін көтеру және күшейту жөнінде нақты шаралар қабылдау күрделі тілдік ахуалдан туындап отыр.


Еліміздегі үш қазақстандықтың екеуі өзі өмір сүріп жатқан мемлекетінің тілін меңгермеген. Қазақ этносы, сонымен қатар қазақстандық қоғам, бүгінгі күні тілдік принцип бойынша негізінен қазақ тілді және орыс тілді болып екіге бөлінуде.
Қазақ халқы жалпы санының өсуі тұрғындардың 60 пайызынан астамын құраса да, қазақ тілінде ана тілі ретінде сөйлейтін қазақтар санының төмен болып қала беруі қазақ тілі дағдарысының жалғасып келе жатырғанының көрінісі болып отыр. Қазақ тілі беделінің төмендігін қазақ ұлтының басым көпшілігі қазақ ұлтын, оның мәдениеті мен тілін сыйламау деп қабылдайды.
Жағдайдың күрделілігі қазақтардың өз тілін жоғалтуы (ауысуы) және олардың бір бөлігінің ұлттық сана-сезімін сақтай және өзін қазақ ұлтымен теңестіре отырып, орыс тілін ұлтішілік, тұрмыстық қарым-қатынастарда қолдануы процесінің жалғасып келе жатқандығымен де түсіндіріледі. да көрсетеді. Бұл басқа халықтардың казақ тілін меңгеруге деген ынтасын одан әрі төмендететіп отыр.
Сонымен қатар Қазақстан бүгінгі күні тек екі ғана емес, үш тілдің: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің өзара әрекеттестік алаңына айналғанын атап өту қажет. Іс жүзінде, қазақ тілі екі әлемдік тілмен бәсекелестік бәйгесіне түсті. Бұл бәсекелестік күресте қазақ тілінің аман қалуы қиын екендігі айдан анық. Сондықтан қазақстан қоғамы қазақ тілінің келешегіне сенбейді. Осыған байланысты біздің елде, дүниежүзінің көптеген басқа да елдеріндегідей, тілдің қорғаныс тетіктерін енгізу керек.
Сондай-ақ қазақтардың ұлттық сана-сезімінің ұдайы өсуі мен қазақ этносының демографиялық келешегін де ескеру қажет. Жақын уақытта ел халқының 70 пайызға жуығын қазақтар құрайтын болады. Өмірге 80 пайыздан астамы орта білімді, 60 пайыздан астамы жоғары білімді қазақ тілінде алған қазақтың жас ұрпағы келеді. Егер қазақтарға қызмет көрсететін өкімет органдары және басқа да мекемелер мен ұйымдар оларға ана тілінде қызмет жасамаса, кейбір көріністері қазірден байқала бастаған күрделі мәселелер ушығуы мүмкін.
Қалыптасқан жағдайдың басты себебі - қазақтардың қазіргі заманғы ұрпағы мен қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілді меңгеруге нақты сұраныстың жоқтығы.
Қазақ гуманитарлық заң университеті ұсынып отырған заң жобасы бірінші кезекте, еліміздегі қазақтар мен барлық диаспора жастарының мемлекеттік тілді білуін, халыққа негізінен мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде қызмет етуді қарастырады
Тілді таңдау адамдардың мүдделілігіне байланысты. Адамдар жұмысының, мансабының өсуін, тағы басқа сұранысын қамтамасыз ететін тілді таңдайды. Нарықтың заңы, соның ішінде тілдер нарығының талабы да осындай. Бірақ мемлекеттік тіл - ерекше рухани құндылық. Тілді оның иесі, ежелгі қолдаушысы немесе қазақтар меңгермесе, оның қайта түлеуі мүмкін емес. Сондықтан заң жобасының тұжырымдамасында тілдік заңнаманың субъектісі ретінде қазақтар таңдалған. Әлемдік тәжірибе де осындай. Қазақтар қазақ тілін меңгермейінше, Қазақстан Республикасының басқа халықтарының тілдік таңдауына ықпал жасау мүмкін емес.
Заң жобасын дайындаушылар бірінші кезекте мемлекеттік тілді меңгеру талабы қазақтарға, сондай-ақ оқу орындарын бітірген және тілдік дайындығы бар диаспора жастарына қойылады деп санайды. Екінші кезекте бұл талап Қазақстан Республикасының басқа да азаматтарына қойылады. Заң жобасы билік органдарында, денсаулық сақтау саласында, басқа да салаларда мемлекеттік тілді меңгермеген, бірақ тәжірибесі мен білімін ел халқы жоғары бағалайтын басқа ұлт өкілдерін сақтап қалуды қолдайды.
Мұндай саралап жіктеу саяси және психологиялық жағынан да қисынды. Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім қажет» деген болатын. Осы заң жобасы қабылданған жағдайда наразылық білдіруге ешқандай себеп болмайды. Қазақстанның диаспора жастарына келетін болсақ, мемлекеттік тіл орыс және басқа да мектептерде, барлық колледждер мен ЖОО-да 1995 жылдан бастап оқытылады, орыс мектептеріне, ЖОО арналған оқулықтар және оқу құралдары жарық көрді, орыс-қазақ қостілдігін дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Тілді терең меңгермеген қазақтардың да кемсітушілік жөнінде қарсылық білдіруге еш негізі жоқ, себебі әңгіме олардың ана тілі туралы болып отыр. Олай болса, зан жобасы еліміздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылыққа бағытталған.
Мемлекеттік тілді насихаттау, ақпараттық қолдау, бұқаралық ақпараттық құралдарында тілдік орта қалыптастыру – маңызды көңіл бөлетін мәселелер. Бағдарламалардың маңыздылығы, сапасымен қатар хабарларда тіл мәдениетін тәрбиелеу жағына, қазақ әдеби тіл нормаларын қатаң сақталуына басты назар аударылуы тиіс.
Жалпы алғанда, мемлекеттік тілдің дамуы барлық мемлекеттік органдарға, мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарға, барлық қоғамдық қатынас салаларына қатысты. Мәселе мемлекет саясатының ажырамас бөлігі ретінде біртұтас тіл саясатын жасауда және мемлекеттік биліктің, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тілді дамытуға деген ниеті және сапалы ықыласында болып отыр. Оны қолдану және қызметін кеңейту стратегиялық мақсатқа айналуға тиіс.



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы №5 (84) 2011
123456789 -> Республикалық Ғылыми-әдістемелік конференция материалдар ы
123456789 -> Қазақ халық педагогикасы негізінде оқушыларды еңбекке тәрбиелеу
123456789 -> Ғаділбек Шалахметов бейбітшілік бақЫТҚа бастайды астана, 2010 жыл Қызыл «мұзжарғыш кеме»
123456789 -> А. Ж. Кунанбаева
123456789 -> Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет