Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары



бет116/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова
жыныс мүшелері
4.3.1. Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары

Информатика кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: есеп-әзіл, тапқырлық есептерін, тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады.

Информатикадан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта шығаратын типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға есеп-әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.

Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кездесулер «компьютер» кәсібінің өкілдерімен, басқа да компьютерді қолданатын кәсіптер өкілдерімен, лайық кәсіпті таңдаған мектеп түлектерімен және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін.

Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек.



Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Олар инструменталды деп аталатын – нақты әрекеттің моделін құру, нақты мақсатқа жету, қатысушылардың іскерлік қатынас жүйесін құрылымдау сияқты есептерді шешуге бағытталған. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін.

В.Я. Платов [36] бойынша іскерлік ойындардың негізгі белгілері мыналар:

объектінің моделінің болуы;

рөлдердің болуы;

шешімдерді шығару кезінде рөлдік мақсаттардың айырмашылығы;

рөлдерді орындайтын қатысушылардың өзара әрекет-

тестіктері;

бүкіл ойындық ұжымның жалпы мақсатының болуы;

ойынның қатысушылармен ұжымдық шешімді шығару;

«тізбектік шешімді» ойын процесінде жүзеге асыру;

шешімнің көпнұсқалылығы;

эмоциялық шиеленсті басқару;

ойынға қатысушылардың жеке және топтық бағалау әрекетінің тармақталу жүйесі.

Іскерлік ойындарда оқушылар өзі жақын және алыс болашағын жоспарлайды, бірақ бүкіл әрекетте ойындық құрылым бар, оны жүргізушілер кезеңнен - кезеңге бағыттайды. Мұнда оқушылар ойнаған кезде нақты қоғамдық қызметті жоспарлап және іске асыратын ұжымдық шығармашылық істі қосуға болады.

Сюжеттік линиясы және қатынастың сырттан тапсырылған эмоциялық ахуалы болмағандықтан, іскерлік ойындар оқушылар үшін күрделі болады. Қатысушылар үшін уәждеме (орысш. – мотивация) құрастырып және оның шараны өткізу үрдісінде қолдауы керек.

Біріншіден, қатысушыларға үлкендердің істерімен айналысу қызықты.

Екіншіден, жұмыс қызығушылықтары сәйкес құралған шығармашылық топтарда ұйымдастырылуы қажет. Үшіншіден, олар өз жұмыстарының нақты нәтижелерін, мысал есептерді шешу алгоритмін, шара жоспарын және т.б. көруі керек.

Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді. Әсіресе, оқушылармен және үлкендердің (мұғалімдермен, ата-анасымен) біріккен іскерлік ойындар бағалы болып келеді.

Іскерлік ойындар оқушылардың психофизиологиялық ерешеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеуге болады:

ірі ауқымды (бірнеше сынып) және ұзақ (бірнеше айға) созылатын іскерлік ойындар;

нақтылы ақпаратты саралауға негізделген ойындар; - бүкіл сынып айналысатын қысқа мерзімді іскерлік ойындар; - үстел үсті іскерлік ойындар.

Информатикадан диспут – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына информатикадан өткен материалды қайталау мақсаты қойылады. Бұл материалдар бойынша нақты әрекетті орындау үшін анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді, есептерді шешудің алгоритмдерін құруды және т.б. қайталануы қажет.

Әр диспут алдына қойылатын ең минимальды талап ол оқушылардың оқулықтағы тура нұсқалған материалды жақсы, толық және дәл ашып айту, тұжырымдарды түсіну біліктілігі болып табылады. Тек осыдан кейін және осының негізінде, оқушылармен оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет