Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет18/213
Дата06.02.2022
өлшемі1,7 Mb.
#58625
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   213
Ғылыми педогогикалық хабар(научно педогогическая информация)-пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.
Дағды (навык)-еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген дәлдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрекет. Оқыту барысында , еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет. Оқыту дағдыларына оқушылардың кітаппен және басқа түрлі басылымдар мен өз бетімен жұмыс істеу, ауызша баяндағанның және оқығанның мағынасын ажырата білу, конспекті жазу және баяндау жоспарын құру көпшілік алдында сөз сөйлеуі жатады.
Даму(развития)-өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез- келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды .
Дәлелдеу(доказательства)-әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыру кезеңі. Сондықтан ұстаздық жұмыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады .
Дәлелдеу амалы құрылымы негізінен 3 буыннан тұрады. Негіздеуді қажет ететін қағида ой желісі , бұрын анықталған ақиқат пікірлер дәлелдер ой желісі мен дәәлелдердің логикалық байланысы көзін жеткізу. Дәлелдеудің әр буынына ой желісі айқын және анықталған болуы, дәлелдеу барысында өзгермеу керек. Ой желісін қалыптастыруда пайаланылатын атаулар мағынасы оқушыларға қол жетерлік болуы керек , олай болмаса олар хабарламаның негізгі идеясын түсіндіре алмайды. Жәңа атаулар оқушыларға сәйкес түсініктер арқылы ұсындырылады.
Күрделі ой жүйесі әдетте бір қатар бөліктерге бөлінеді, олар әрқайсысы өз бетінше талқылау обьектісіне айналды. Осының барысында оларға берілген бағалауда алшақтық пайда болса, берілген ой желісіндегі қарама-қайшы пікірлер бөлігіне айналды, ой желісі оқушылар алдында сөйлеуден дәлелдеудің негізі болады, сондықтан дәлелдердің ақиқаттығын қарама-қайшылықсыздығы , негіздеушісі ой желісінен бөлектігі, пікір айтуға қолданылатын түрлі ақыл қорытындылары (дедукция, индукция, салыстыру) дәлелділікті көрсету болып табылады. Қорытынды сәйкес ақыл тұжырымында ереже ретінде сақтау дәлелдеудің логикалық дұрыстығын қамтамассыз етеді. Дәлелдеу тәсіліне сай тура және жанама түрде болады. Тура дәлел қандай да бір болмысын қосымша құрылымдарсыз ой желісін шығаруға мүмкіндік беретін етіп дәлелді негіздеу. Жанама дәлел ой желісіне қарама-қарсы пікірдің жалған екендігін көрсете отырып оны негіздеу.
Дәстүрлер(традиция)-ұзақ уақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрамды бөлігі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   213




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет