Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Көркем жазуға үйретудің  әдіс-тәсілдері



Pdf көрінісі
бет12/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2
БМ әдебиетті оқыту әдістемесі3-курс, 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі, 097f4db7-ab4e-43db-b646-4fd98c8e10f0, қмж 7а кл архимед заңы, Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2, срсп, Руханият срсп 11
1.5.Көркем жазуға үйретудің  әдіс-тәсілдері 
 
        Әдіс – «metodos» – методос деген грек сөзінен шыққан. Метод деген ұғым 
белгілі  ақиқатқа,  шындыққа,  мақсатқа  жетудің  жолдары  деген        мағынаны 
білдіреді.  Педагогикалық  энциклопедияда  «Оқыту  әдістері  –  мұғалім  мен 
оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және 
дағдыны  игереді,  оқушылардың  дүниетанымы  қалыптасады,  қабілеттер 
дамиды» – деп жазылған. 
       Ж.Б. Қоянбаев, Р. Қоянбаевтардың  «Педагогика» атты еңбегінде былайша 
анықтама берілген: «Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың оқу – тәрбие 
жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзар байланысты іс - 
әрекеттердің тәсілдері». 
       Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдияровалардың «Педагогика» атты оқу құралында 
«Оқыту  әдістері-оқытудың  мақсат–міндеттеріне  сай  оның  мазмұнын 
оқушыларға  меңгертуде  мұғалім  мен  оқушылардың  қолданатын  амал  –
тәсілдері мен құралдарының жиынтығы» делінген. 
       Оқыту  әдісі  –  білім  мазмұнын  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  мұғалім  мен 
оқушының өзара байланысты жүйелі әрекет жүйесі. 
И.Д. Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара 
әрекетінің барысында білім алу жолдары», - дейді. 
Ю.К.  Бабанский:  «Оқыту  әдістері  дегеніміз  –  мұғалім  мен  оқушылардың 
өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру», - деп 
анықтама берген. 
       Оқыту  әдістері – мұғалім мен оқушылар  жұмысының тәсілдері, солардың  
көмегімен  білімді,  іскерлікті  және    дағдыны  игереді,  оқушылардың  
дүниетанымы    қалыптасады,  қабілеттер  дамиды.  Демек,  оқыту    әдістері  бұл  
мұғалім  мен  оқушылардың  оқу-тәрбие  жұмысының  міндеттерін  ойдағыдай  
шешуге  бағытталған өзара  байланысты  іс-әрекеттердің  тәсілдері.  
       Жазуға    үйрету    де    оқушылардың    жас    ерекшеліктеріне,  даярлығына,  
сабақтың мақсатына  қарай түрлі  әдістерді  қолдану  арқылы  жүзеге  асатыны  
сөзсіз. «Формирование  каллиграфических  навыков  у младших  школьников»  
еңбегінің  авторлары Л.Я.Желтовская, Е.Н.Соколова  да, «Бастауыш кластарда 
қазақ  тілін  оқыту  методикасы»  атты  еңбектің авторы Ш.Әуелбаев  та жазуға  
үйрету    әдістерінің    негізгілері    генетикалық,  бастыра    жазу,  сызық    ішіне  
жазу,  ритмикалық  әдістер    деп    көрсетеді.  Бұл  әдістер  жас    жеткіншектің 
физиологиялық-психологиялық 
 
ерекшеліктеріне 
 
және 
оқытудың  
дидактикалық  қағидаларына  негізделеді. 
       Көрнекілік  қағидасы  жазуға,  әсіресе  көркемжазуға  үйретудің  негізі  десек 
те болады, өйткені сабақта түрлі сызба, кестелерді пайдалану бастауыш сынып 
оқушылары үшін, әсіресе 1-сынып үшін қажет-ақ. 
      Көрнекілік  қағидасы  алғаш  зерттеп,  оған  зор  үлес  қосқандар  -                     
Я.А.  Коменский,  К.Д.Ушинский.    Осы  қағидасы  негізінде  Я.А.Коменский 
алғашқы оқытудың әдістемесін жазды. 


34 
 
       К.Д.Ушинский  көрнекілік  жайындағы  ілімді  дамыта  келіп,  «Көрнекілік 
балалардың  психологиялық  ерекшеліктеріне  жауап  береді,  балалардың 
заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлауы»,- деді. 
       Оқыту  мен  тәрбие  үрдісінде  сөз  бен  іс,  теория  мен  практика  өзара 
байланысты болады. Әр түрлі көрнекілік қолданудың нәтижесінде сабақ және 
сабақтан  тыс  тәрбие  жұмыстары  әрі  түсінікті,  әрі  қызықты  болып  өтеді. 
Көрнекілік  абстракты  ұғымды  игеруге  әсер  етеді.  Айталық,  электрон 
теориясын  сабақта   кинофильмді пайдаланып  түсіндіру  жақсы нәтиже береді. 
Көрнекіліктің  тәрбие  үрдісінде  де  маңызы  өте  зор.  Бұған  дәлел,  біріншіден, 
мұғалімнің, ата – ананың, ересек адамдардың мінез –құлқы, жүріс – тұрысы, іс 
-  әрекеттері  балалар  үшін  үлкен  өнеге.  Олардың  өнегесін,  әдет  –  ғұрпын 
балалар  тікелей  бақылайды,  көреді,  өзінің  бойындағы  қасиеттерімен 
салыстырып,  үлгі  алуға  тырысады;  екіншіден,  тәрбие  жұмыстарының 
барысында  ғылым,  мәдениет,  халық  шаруашылығы  саласындағы  белгілі 
жаңашыл 
адамдармен, 
Ұлы 
Отан 
соғысының 
батырларымен, 
барлаушыларымен,  олардың  адамгершілік,  патриоттық,  интернационалдық 
істерімен  оқушыларды  экранды  –  динамикалық,  дыбысты  техникалық 
құралдар арқылы таныстыру жеңіл де және түсінікті де болады. 
Сонымен,  көрнекілік  қағидасының  оқыту  мен  тәрбие  материалдарын, 
әсіресе  емлелік    ережелерді    берік  есте  сақтауда  алатын  орны  ерекше. 
Оқушылардың    түсіне  отырып  жазуының  маңызы  зор.  Мәселен,  оқушылар 
көлбеу жазудың не үшін керектігін түсінсе, онда жазу кезінде оны үнемі есінде 
сақтайды.  Сондай-ақ    көркем  жазу  кезінде  қойылатын  талаптарды  ереже 
ретінде  қабылдағаны  дұрыс.  Ережелер  оқушыларға  біртіндеп  үйретіледі.  Ең 
бірінші  ереже  –  гигиеналық  талап  пен  әріптің  солдан  оңға  қарай  көлбеу 
жазылуы. 
       Екінші ереже – элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II 
сыныпта  оқушылар  бұл  ережелерді  қайталап,  өз  айтқандарын  көрсете  білуі 
тиіс. 
       Түсіне  отырып  жазу  оқушылардың  өзінің  немесе  өзгенің  қатесін  түзетуге 
мүмкіндік туғызады. 
       Қайталау  қағидасы  негізінде  оқушылар  жаттығулар  орындап,  өзінің 
дағдысын  қалыптастырады.  Дағды-  қайта-қайта  орындалатын  практикалық 
әрекетке машықтандыру, яғни әрекетті орындау тәсілі. Дағдыға психологиялық 
сөздікте:  «Дағды  дегеніміз-адамның  әрекетті  орындау  процесінде  жасалатын 
саналы  әрекеттің  дағдыланған  бөліктері.  Дағды  іс-әрекет  процесінде  оған  
бағынышты  құрылым  ретінде  қалыптасады.  Қайталаусыз  жаттығу  жоқ,  бірақ 
қайталау 
жаңғырту 
мен 
бекіту 
болғандықтан, 
жаттығуды 
жоққа 
шығармайды,керісінше жаттығу үрдісінде қайталау кемеліне келіп жетеді»,-деп 
анықтама  береді.  Дағды    -  көп    қайталаудың    нәтижесінде  қажетті  іс-әрекетті  
орындауда  байқалатын практикалық  қызметтің  компененті. 
       Дағды  –  бұл  қайта-қайта    орындалатын    практикалық    әрекетке  
машықтандыру.  Психолог    С.Л.Рубинштейн:  «Дағды  тек  саналы  түрде  
автоматтандырылған  қимыл әрекет түрінде  көрінеді, ал  сонаң  соң әрекеттің  


35 
 
автоматтандырылған  тәсілі    ретінде  қызмет    атқарады»,-  деген.  Алғашқыда  
саналы  орындауды  қажет ететін  іс- әрекет  бөліктерінің қайталап жаттығудың 
нәтижесінде    реттелуін    дағды    деп    атайды.  Дағды  адам    әрекетінің    қай  – 
қайсысында    да  ерекше    маңыз    алады.  Ол  іске    шапшаң,  шұғыл    кірісуге  
мүмкіндік  береді. Дағдының  арқасында  біздің  санамыз қызметтің түпкілікті  
шешуші    кезеңдеріне    жұмылдырылады.  Дағды-    оқушылардың    белгілі    бір 
міндеттерін  мен  жағдайларға сәйкес  меңгерген  білім  негізінде орындалатын  
әрекеттер  кешені. Дағдыға айналған  қимылдар  санадан тыс болмайды. Ол  – 
мидың қызметі.  Дағдының  қимыл, сенсорлық және ой-әрекетіне  байланысты  
түрлері  бар.  Дағды  әрекет  өнімділігін  арттырады,  сондықтан  дағды    саябыр 
тарта  бастаса,  жаттығу  әдісін  өзгерту  керек.  Барлық  дағдылар  жаттығу  жасау 
барысында  жылдам  орындалады  немесе  беки  түседі.  Бірақ  барлық 
жаттығуларды 
орындау 
барысында 
дағдылар 
қалыптаса 
бермейді. 
Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс. 
       Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу 
сызықтары)  сызылып,  жүргізу  арқылы  жаттықтырылады.  Бұл  кезеңде  бала 
басымен,  бүкіл  денесімен  жоғары  көтеріліп,  төмен  еңкейіп,  екі  жағына 
қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды. Алайда мұғалім тиімді жаттығулар 
ұйымдастырса,  көп  ұзамай,  бірте-бірте  бастапқы  қозғалыстарын  жинақтап, 
азайта  түседі.  Кейін  әріп  элеметтерін  аса  күш  салмай-ақ  қосып  жаза  алатын 
болады.  Дей  тұрғанмен  балалар  жазуға  лезде  дағдыланады  деудің  жөні  жоқ, 
өйткені  кейбір  балада  бұл  үрдіс    ұзаққа  созылып  кетуі  де  мүмкін,  ол 
біріншіден,  оқушының  психофизиологиялық  ерекшелігіне,  екіншіден, 
мектепке даярлануына байланысты болмақ. Бұл кемшілікті жоюдың бірден бір 
жолы- оқушымен жеке жұмыс жүргізу. 
       Жаттығу  немесе  қайталау  –  дағды  қалыптастырудың  ең  ескі  түрі. 
Жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға 
талдау  жасау,  салыстыру  арқылы  қорытындылып  отыру  керек.  Қайталау 
қағидасын демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар 
ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді. 
      Қарапайымнан  күрделіге  қарай  жүру  қағидасы  немесе  бірте–бірте 
күрделену.  Мәселен,  6  жасар  бала  әріп  элементтерін  әріпті,  содан  кейін  сөз 
жаза бастайды, бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз. 
Бұл 6 жасар балаға қиындық тудырады. 
Оңайдан  қиынға  қарай    қағидасы  әріптердің  жазылуына  байланысты. 
Әріптерді  бірнеше  топқа  бөліп  қарастырамыз.  Бірінші  топқа  –  жазылуы  оңай 
әріптер кірсе, екінші топқа жазылуы қиын әріптер жатады. 
        Генетикалық    әдіс    әріп    таңбаларын    алфавит    ретімен    емес,  оңайдан  
қиынға, жеңілден  күрделіге  қарай жазып  үйрену  болып  табылады. Бұл  әдіс  
бойынша, алдымен, элементтері  оңай  әріптер, содан  соң  күрделі  элементтері 
бар    әріптер,  яғни    бұрыннан    таныс    элементтерге  жаңа    элементтерді  қосу  
арқылы    жазып    үйрету    көзделеді.  Оқушыларды  көркем  жазуға  үйретуде 
олардың қабылдауы, көзінің көру қабілеті, қимыл-қозғалысы, есте сақтауы, т.б. 
жеке  дара  ерекшелігін  ескеру  керек.  Алғашқы  кезде  бала  ежіктеп  оқығаны 


36 
 
сияқты,  әр  әріпті  таңбалау  барысында  оның  дыбысын  дауыстап  отырады. 
Сауатты адамдар жазғанда есіне тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ 
олар  жазғанда  еріктің  бір  толқынынан  туған  өзара  байланысты,  жүйелі  бір 
қозғалысты  (импульсті)  іске  асырады.  Мысалы,  бір  сөз  жазғанда  бір  импульс 
іске  асады.  Ал  жаңа  сауаттана  бастаған  бала  бір  әріпті  жазу  үшін  оның 
құрамындағы элементтердің әрқайсысына (таяқ, ілмекше, т.б.) бір-бір импульс 
жұмсайды. Осындай ұзақ жаттығудың нәтижесінде барып дағды қалыптасады, 
саусақ  дағдыланады,  ерік,  зейін  сананы  бағыттайды.  Сана  жазылатын  әріптің 
немесе  сөздің,  сөйлемнің  мазмұнын  ұстайды,сөйтіп,  бірте-бірте  санада  тұтас 
сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады. 
       Әрине,  бұл  аталғандардың  барлығы  дидактиканың  жалпы  қағидасы 
табылады.  Ал  енді  жазуға  үйрету  қағидаларына  тоқталып  өтелік.  Элементтер 
бойынша  анықтау  қағидасы  –  әріпті  үйретудің  негізгі  қағидаларының  бірі, 
өйткені  бұл  қағиданы  жүзеге  асырмайынша,  графикалық  жүйені  меңгерту 
мүмкін  емес.  Жаңа  әріпті  жазуды  үйренбес  бұрын  оқушы  оның  бейнесін 
(конфигурация)  шаблон  арқылы    немесе  компьютер  көмегімен  құрастырып 
жаттығады. 
Бұл 
әрекет 
баланың 
әріптің 
жекеленген 
элементтен 
құралатындығын  түсінуіне  және  әріптің  тұтас  бейнесін  жазуына  мүмкіндік 
береді.  Сондай-ақ  баланың  ашылмаған  қабілетінің  ашылуына,  ақыл-ой 
әрекетінің дамуына,бейнелі-көрнекі ойлауына жағдай туғызады. 
       Оқушыларды  жазуға  үйретуде  қолданылатын  әдістерге  шолу  жасалық. 
Генетикалық  әдіс  өте  ерте  кезде  пайда  болды.  И.Е.Евсеев  бұл  әдісті  XVI 
ғасырда  неміс суретшісі  Дюрер қолданғанын  жазды.  Көркем  жазуға  үйретуде 
Песталоцци қолданған. XIX ғасырда бұл әдіс Еуропа елдерінің мектептерінде 
қолданысқа түсті. Бұл әдісті орыс елінің мектептерінде пайдаланудың нәтижесі 
зор  болды.  И.Е.Евсеев,  Ф.В.Греков,  тағы  басқалар    бұл  әдістің  механикалық 
жаттығулардан  әлдеқайда  тиімді  екенін  айтты.  Алайда,  әдіскерлер  әріпті 
оқудан  бөліп  жазуға  болмайтындығын  түсінді.  Соңғы  кездері  бұл  әдісті 
әдістемелерде  әліппе  кезеңінен  кейін  және  әріпті  қалыпқа  келтіруде 
пайдалануды ұсынған.  
       Бастыра    жазу    әдісі    бойынша    мұғалім    дәптерге    әріпті    қарындашпен  
жазады  не  таңбасын  нүктелермен  белгілеп  береді, ал  оқушы  оның  үстінен  
бастыра  жазады. Осылайша  әріпті  дұрыс  жазуға  жаттығады. Бұл  әдісті №1, 
2, 3 «Жазу дәптерінен» көруге  болады.  
       XIX  ғасырда  бұл  әдіс  мектептерге  енгізілді.  Алайда  бұл  әдістің 
қолданылуы  ұзаққа  созылған  жоқ.  XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың 
басындаалдынғы  қатарлы  И.Е.Евсеев,  Ф.В.Греков,  т.б.  әдіскерлер  сын  айтты. 
Олардың  айтуы  бойынша,  бұл  әдіс  түсіне  отырып  жазуға  емес,  механикалық 
жазуға әкеп соғады деді. Бұған қарамастан  Д.А.Писаревский, И.Н. Боголюбов 
сияқты  әдіскерлер  көркем  жазуға  үйретудің  алғашқы  кезінде  немесе 
оқушылармен  жеке  жұмыс  жасағанда  пайдалы  екендігін  мойындады. 
Д.А.Писаревский бұл әдістің жазуды қайта қалыпқа келтірген кезде пайдалану 
керектігін  айтты.  Бастыра  жазу    әдісінің  кемшіліктерін  ескере  отырып,  оны 
әрқашан қолдануға шек қойылды. 


37 
 
 
Сызық  ішіне  жазу  әдісі  бойынша  жазу  сызығына бірдей  ендіктегі  көлбеу 
сызықтар    жүргізеді    де,  оқушы    әріпті    сол    көлбеу    тор    сызықтың    ішіне  
жазады.    Әрине,  бұл  әдісті    әріптің    ендігі    мен    биіктігін    сақтап    жаза 
алмайтын оқушылардың жазу  дағдыларын  түзетуде  қолданған  тиімді. 
 
1857  жылы  Германияда  графикалық    торкөздер  пайда  болды.  Алайда  XIX 
ғасырдың  аяғында  торкөзді  пайдалануды  алып  тастады,  себебі  бұл  көздің 
жанарына  және  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істей  алмауына  әкеліп 
соқтырды. 
       Ресейде суретші мұғалімдер көркем жазу пәнінен дәріс бергендіктен, олар 
жазуды  сурет  пәніндегідей  көмекші  торкөздер  арқылы  қалыптастыруға 
тырысты.  Ұлы  Қазан  төңкерісіне    дейін  Е.В.Гурьянов,  Ф.Г.Голованов, 
Е.Н.Соколова  бұл  әдістің  тек  нашар  жақтарын  айтты.  Мұндай  торкөздерге 
әріпті жазу дәптерді тік қою арқылы жүзеге асатындықтан, қолдың дұрыс емес 
қозғалыс жасауына  әкеп соғады. 
       Ритмикалық  (тактілі)  әдіс  –  санай  отырып    жазуға    үйрету.  Ритм  –  бүкіл 
жазу  элементтерінің  лайықты  үйлесімін  табуға  көмектесетін  амал.  Тактілеу 
(санау)  –  қозғалысты  бір  қалыпты  жетілдіріп,  оқушылардың  жазу  қарқынын 
жеделдетуге әсер етеді, жазу процесінде жасалатын қол қимылдарының дұрыс 
та айқын болуын дамытады, сыныптың бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз 
етеді.  Сондай–ақ  бұл  әдістің  тиімділігі  бағдарламада  да  атап  көрсетілген: 
«Көркем    жазу    жаттығуларында  ырғақ    бойынша    жаздыру  әдісін  қолданған  
жөн.  Өйткені    бұл    әдіс  балалардың    қолы  біркелкі,  бірқалыпты    қозғалысқа  
төселіп,  шапшаң    жазуға    мүмкіндік    туғызады»    делінген  жалпыға    білім  
беретін  мектептің  оқу    бағдарламасында».  Алайда,  бұл  әдістің  бірнеше 
кемшіліктері  бар  екендігі  де  дәлелденді.  Үнемі  қолдану  арқылы  оқушыларды 
жалықтыратындығы, жұмысқа қызығушылығын төмендететіндігі айтылды. Бұл 
әдістерді  жекеше  қолдану  нәтиже  бермейтіндігін  байқап  отырмыз.  Нәтиже 
барлық әдісті қолдану ретімен пайдаланғанда ғана болады. 
       Карстер  әдісіне  қолдың  қозғалысын  дамыту  үшін  жасалынатын 
жаттығулар  жатады.  Бұл  әдісті  XIX  ғасырдың  басында  ағылшын  Карстер 
енгізген. Бұл әдіс бойынша ең алдымен 19 элементті, одан кейін жазылуы қиын 
штрихтары бар әріптерді, сөздерді жазуға үйретеді. Бұл әдісті ересектер үшін 
(каллиграфиясын түзеу үшін) пайданған тиімді.  
       Жазуға    үйрету  тәсілдерін    әдіспен    ұштастыра    білу  жазу    дағдысын  
жетілдіруге    септігін    тигізеді.  Жазуға    үйрету    тәсілдеріне    шолу  жасалық. 
Каллиграфиялық 
жазуға 
үйретудегі 
әдістемелік 
тәсілдер: 
1.Жазғанды үлгімен салыстыра білу. 
2.Дыбысты жазбаша әріпке және басқа әріпті жазбаша әріпке айналдыру. 


38 
 
3.Әріпті жазу тәсілдерін білу. 
4.Әріптерді жалғастыру тәсілдері (үзбей жазу). 
5.Әріптердің  биіктігін  салыстыра  білу,  жолдағы  әріптердің  бірдей  биіктігін 
сақтау. 
6.Әріптерді жол сызықтарының ортасына және жолға жаза білу. 
7.Жазуды бастау, жазуды толтыру. 
8.Дұрыс көлбеу жазу тәсілі. 
Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі тәсілдері: 
1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс. 
2. Ауада жазу. Ұстаз әріпті ауада жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан 
әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу үрдісін жандандырады. 
3.Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу. 
4.Дайын  үлгіден  көшіру  әдісі.  Бұл-  еліктеу.  Оқушы  өз  жазғанын  ұстаздың 
жазғанымен салыстырады. 
5.  Әріпке  талдау  жасау  әдісі.  Мысалы:  а  әріпі  бір  дөңгелектен  және  бір 
ілмекшектен тұрады. 
       Мұғалім    үлгісі  -  жазуды    қалыптастырудың    негізгі    тәсілі.  Оқушының  
көркем    жазу  дағдысының    қалыптасуы    мұғалімге    байланысты.  Әріптің  
элементтерін    салуды    және    келесі    әріппен    байланыстыруды    мұғалім 
үлгісінен анық көрген, түсінген  оқушыда ғана дағды тез қалыптасады. Келесі  
тәсіл – дайын үлгіден  көшіру  тәсілі. Мұғалім әріп  элементтерін  жеке  жазып, 
содан    кейін  тұтас    әріп    таңбасын  тақтаға    жазып    көрсетеді.  Тақтадағы 
мұғалім  үлгісі барлық  оқушыға  анық көрінуі  тиіс. Егер  оқушылардың  бір 
бөлігі    көрмесе,    онда    оларға    көрінетіндей    етіп,  тақтаның    басқа    жеріне  
қайта    жазып    көрсетеді.  Мұны    дұрыс    қабылдаған    оқушы    үлгіге    қарай  
отырып,  көшіріп  жазады.  Әріпті    графикалық    тұрғыдан    дұрыс    жазуды 
меңгере    алмаған    оқушымен    жеке  жұмыс    жүргізгенде,  бастыра    көшіріп  
жазады,  сондықтан   тақтадағы,  дәптердегі  мұғалім    үлгісі  ұқыпты,  таза,  анық 
болуы  тиіс. Әріпті  дұрыс жаза алмайтын  оқушымен  жеке жұмыс жүргізгенде  
бастыра    жазу    тәсілін  пайдалануға    болады.  Бұл  тәсіл  бойынша  жаттығу  
былайша    жүргізіледі:  мұғалім    жазу    сызығына  екі    әріпті    нүктелермен  
белгілеп    береді    және    жазу  сызығының   ортасына    бір    әріпті    нүктелермен 
жазады.  Оқушы    нүктені  бастыра    әріп    бейнесін  жазады,    содан    кейін  
мұғаліммен    бірге  қатесін    түзейді.  Мұғалім    оқушыдан  әрі    қарай  
жалғастырып  жазуды талап  етеді. Осындай  жаттығулар негізінде оқушының  
есінде әріптің  жазылуы ұзақ  сақталады. Әріптің  дұрыс жазылуын  меңгертуде  
ауада    жазу    тәсілін  қолданудың  рөлі  ерекше,  өйткені  қаламды    қолға    ұстай  
ауада   әріпті  жазуға  жаттығу  оқушының  есте  сақтау  қабілетін  дамытып, 
әріпті  жазудағы  қозғалыс  бағытын  меңгертеді, оқушы  көңілін  аудартады, 
қызығушылығын  артттырады. Алайда, бұл  тәсілді  қолданудағы  кемшілік сол 
–  мұғалім    әріптің  жазылу    нәтижесін    көре    алмайды.  Әріпті    талдауды  
түрліше    жүргізуге  болады.  Айталық,  ондай      талдаудың      бірі    -  әріпті  
элементтерге  жіктеу.  Мысалы,    «л»  әрпі  екі    элементтен    тұрады.  Алғашқы  
элементі  –  солға    қарай    иілген  қармақша,  екіншісі  –  оңға    қарай    иілген  


39 
 
қармақша. Талдаудың  тағы бір түрі –элементті  жазудағы  басталу позициясы  
бойынша    жіктеу.  Айталық,    «л»  әрпі  оңға    қарай    бағыттала    жазылады. 
Үзіліссіз  не    үзіліспен    жазылатын    әріп    деп    жіктеу  де    талдаудың бір  түрі,  
жоғарыда    аталған    «л»  әрпі  үзіліссіз  жазылса,  ал    «к»  әрпі    бір    үзіліспен  
жазылады,  ал    «ф»    әрпі    екі    үзіліспен    жазылады.  Оқушылардың    жазу  
дағдысын    қалыптастырып,  жетілдіруде    бұдан    басқа    тәсілдерді    қолдану  
мұғалім  шеберлігіне  байланысты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет