Қазақстан республикасы білім және ғылым


Жіктеу – тауартанудың әдісі ретінде



бет9/45
Дата17.06.2020
өлшемі169,16 Kb.
#73738
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
tasmaganbetov tfefhnfye
tasmaganbetov tfefhnfye, « аржы» маманды ы 12. 31 тобыны «Экономикалы талдау ж не аржы-1, 2020 referat 6842314 (2), 2020 referat 6842314 (2), График ГАК (карантин) -2019-20, 625635

2. Жіктеу – тауартанудың әдісі ретінде


Жіктеу бұл алынған әдістерге сәйкес ұқсастығы не әртүрлігіне байланысты объектілерді бөлу, ажырату. Объект дегеніміз жіктелінетін элемент. Тауартануда осы элемент ретінде тауар болып табылады. Барлық тауарлардың ішінен пайдалану сипатына қарай тұтынушылыұ тауарлар, өнеркәсіптік тауарлар және басқару қызметі үшін тауарлар (оргтехника) болыр бөлінеді.

Жіктемелік белгілерді деп жіктелетін объектінің қасиеттері мен сипаттамаларды айтады.

Белгілер сапалық және сандық сипаттамаларға ие болу мүмкін. Бұны жіктеу белгілерінің мәні деп атайды. Белгілер шикізаттық және технологиялық сипатына қарай сапалық тұрғыдан, ал компоненттік және құрылымдық сипатына қарай сандық және сапалық тұрғыдан қарастырылады.

Тауарды жіктеу нәтижесінде жіктелінетін топтар құрылады. Олар ортақ немесе әртүрлі белгілерге ие, сондай-ақ өзара тәуелді немесе тәуелсіз болу мүмкін. Жіктеу әдісінің келесідей түрлері бар:

 иерархиялық;  фасеттік.

Жіктеудің иерархиялық әдісі бұл объектілерге бағынышты жіктемелі топтарға тізбектеп бөлу, ажырату. Ортақ және әртүрлі негізгі белгілері арқылы көрініс табатын бөлек жіктелетін топтар арасындағы тығыз байланыс иерархиялық әдістің ерекшелігі болып табылады.

Жіктеу деңгейі дегеніміз иерархиялық әдісі арқылы жіктеу сатысы. Әрбір деңгей мен топ өзінің негізгі белгілері бойынша ажыратылады. Топтар арасындағы айырмашылық әр түрлі белгілерге байланысты.

Белгілер мен деңгейлер саны жіктеу тереңдігін анықтайды. Жіктеу тереңдігі теориялық тұрғыдан шексіз. Сондықтан тәжірибеде жіктеу тереңдігі әдетте 10 – нан аспайды. Жіктеудің фасеттік әдісі дегеніміз көптеген объектілерді өзара тәуелсіз жіктелетін топтарға бөлу. Фасеттік әдістің ерекшелігі әртүрлі белгілер өзара байланыссыз. Сондықтан әр түрлі жіктелетін топтар фасеттік әдісі кезінде өзара тәуелсіз және бір – біріне бағынбайды. Оған байланысты, фасеттік әдіс икемділікпен, белгілер немесе топтар санын шектей алу мүмкіндігімен ерекшелінеді.

Жіктеу әдістерінің әрбір түрі белгілі бір артықшылықтар мен кемшіліктермен сипатталады. Сондықтан жіктеудің бір әдісінің артықшылығы екіншісінің кемшілігі болып табылады, яғни әрқайсысы бір-бірін толықтырады. Сол себепті бірқатар жағдайларда оларды бірдей қолданады.

Жіктеу ережелері мен әдістері, оның нәтижелерінің жиынтығы жіктеу жүйесін құрайды. Жіктеу ережелері әдістер мен белгілер түрлерін таңдау үшін арналған. Мақсатына байланысты жіктеу әдісінің түрін таңдау иерархиялық және фасеттік әдістер үшін маңызды ереже болып табылады. Мәселен, иерархиялық әдісі арқылы объектіні жіктеу ережесі мынау:



  • жіктеуді ортақ белгілерден бастау керек;

  • әрбір деңгейде тек бір ғана белгіні қолдануға болады;

  • объектілерді бөлу, жіктеу кішіден үлкеніне, жалпыдан жалқыға қарай тізбектеліп жүзеге асырылуы керек;

  • белгілер, деңгейлер мен тереңдігінің оптимальды санын белгілеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет