Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының қалыптасуы «Қр тәуелсіздігі туралы»



Дата24.05.2022
өлшемі18,08 Kb.
#144866
Байланысты:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының қалыптасуы
ойын, Ертай Досымжан, русс яз, Домашнее задание

Қазақстан Республикасы мемлекеттік құрылысының қалыптасуы


1. «ҚР Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек көз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
2. Қазақстан Республикасының Рәміздерін бекіту – ту, елтаңба, әнұран
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
3. 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
4. Биліктің негізгі үш тармағы: Президент, Парламент және Үкімет
Президент— мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, барлық битлік органдарының келісімжді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар президент Қазақстан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады. [3]
Ол 18 жастан асқан азаматтардың жалпы және құпия дауыс беруі арқылы 5 жылдық мерзімге сайланады.
Президенттің өкілеттілігі:

  • жоғарғы бас қолбасшы болып табылады;

  • президенттің бұйрықтары мен қаулылары заңды күшке ие;

  • парламентті таратуға құқылы;

  • референдумдар мен парламентке сайлауды бекітеді және парламент сессияларын шақырады;

  • парламент қаьбылдаған заңдарға қол қояды және оларды қайта талқылауға жібере алады;

  • парламент келісімімен премьер-министрді және премьер-министрдің ұсынысы бойынша үкімет мүшелерін тағайындайды;

  • парламент келісімімен Ұлттық банктің төрағасын, бас прокурорды, Ұлттық қауіпсіздік комитеттінің төрағасын қызметтеріне тағайындайды;

  • дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын, жоғарғы әскери басшыларды және Есептік комитет мүшелерін тағайындайды;

  • үкімет пен жергілікті билік органдарының қаулыларының күшін жоя аладым;

  • мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;

  • халықаралық келіссөздерді жүргізеді және келісімшарттарға қол қояды;

  • төтенше және әскери жағдайды енгізеді.

Президент мемлекетке опасыздық жасағаны үшін парламенттің қос палатасы отырысының шешімімен орнынан алынып тасталынады.[4]
Қазақстан президенті қызметі 1990 жылы 24 сәуірде тағайындалды, осы кезден бері бұл қызметте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев отыр. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы алғашқы жалпы халықтық президент сайлауы нәтижесінде президент болып сайланды, ал 1995 жылғы референдум бойынша оның президенттік өкілеттігі тағы ұзартылды. Кейін ол 1999 жылғы кезектен тыс және 2005 жылғы кезекті президенттік сайлаулар нәтижесінда тағы да президент болып сайланды.
2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ант қабылдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет