Қазақстан Республикасы Президентінің



бет2/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

Іске асыру мерзімдері:
2021 - 2025 жж.

Кіріспе


Цифрлық басқару саласын және АКТ саласын дамытудың «DigitEL» (бұдан әрі – DigitEL) тұжырымдамасы АКТ саласын дамытудың пайымын айқындайтын стратегиялық құжат болып табылады.


«DigitEL» тұжырымдамасы мемлекет пен қоғам алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге жауап ретінде әзірленді. Оның ішінде, жаһандық деңгейде цифрлық трансформация жүйелі сын-қатерлерді еңсеру құралы ретінде қарастырылады – әлеуметтік қамсыздандыру, мемлекетпен диалог, экономиканы әртараптандыру, өнімділікті арттыру және басқалар.
АКТ және цифрландыру саласын дамыту әлем елдері үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізудегі прогресті жеделдетуде үлкен мүмкіндік ретінде айқындалған. Сондықтан осы Тұжырымдаманың мақсаттары цифрландырудың көмегімен ОДМ іске асыруды жеделдету жөніндегі талаптарға да жауап береді. Ұлттық басымдықтар мен ОДМ-ға қол жеткізу тәсілдерінің сипаттамасы тиісті бөлімдерде баяндалған.
Covid-19 пандемиясы шешім қабылдау процестерін, оларды негіздеу мен іске асыру кезеңдерін қоса алғанда, мемлекеттік басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру қажеттілігін көрсетті. Дағдарыс жаңа технологиялар саласы мен цифрландыру барлығына дерлік әсер ететін шектеу шараларына бейімделуге көмектескенін түсіну үшін жақсы сабақ болды, мейлі ол онлайн қызметтерді алу, Мемлекеттік аппараттың қашықтан жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту үшін білім беру платформаларын пайдалану, азық-түлік пен тауарларды үйге жеткізу, қоғамдық орындарда температураны өлшеу құрылғылары – мұның бәрі сандық шешімдердің жемісі. Цифрландыру компаниялар мен мемлекеттердің шешімдеріндегі орталық буынға айналды.
Экономиканың барлық салаларын және халықтың өмірін цифрландыру қарқынының бұрын-соңды болмаған жеделдеуі COVID-19 пандемиясының ең маңызды оң салдары болуы мүмкін.
Пандемияның жаһандық сипатына байланысты бүкіл әлемде экономикалық өсу қарқыны баяулады. Дүниежүзілік Банктің, Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша жаһандық ЖІӨ-нің қысқаруы
2020 жылдың қорытындылары бойынша 4,2-4,4% шегінде болады. «PriceWaterhouseCoopers» мәліметтері бойынша, компаниялардың 52%-ы COVID-19 салдарынан инвестициялық шығындарды оңтайландыруды жоспарлаған, бірақ тек 9% -ы цифрлық трансформация шығындарын азайтуға дайын. Осылайша, ДЭФ деректері бойынша 2025 жылға қарай жаһандық ЖІӨ-нің 65%-на дейін цифрлық трансформация нәтижелері есебінен қалыптасатын болады.
Тұжырымдаманың міндеті Қазақстанды АКТ-ның табысты саласы және күшті экспорттық әлеуеті бар клиентке бағдарланған, Digital Driven елге айналдыру болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру үшін мемлекетті цифрлық трансформациялау, қауіпсіз және орнықты цифрлық инфрақұрылымды дамыту, деректерді басқару, адами капитал жөніндегі кешенді шаралар қажет.
DigitEL тұжырымдамасымен көрінетін Қазақстанның болашағы:
- азаматтар цифрлық сауаттылыққа, жалақысы жоғары жұмыс орындарының көбірек болуына, әлеуметтік әл-ауқат пен экологиялық тұрақтылықтың жақсаруына қол жеткізеді;
- шағын, шағын және орта кәсіпорындарды қоса алғанда, бизнес жаңа бизнес-модельдер құру және өз қызметін кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер, цифрлық кірістердің жаһандық ағындарына қосылу мүмкіндігі, экономика секторлары арасындағы интеграция үшін көбірек мүмкіндіктер алады;
- digitally-first үкімет неғұрлым тиімді, пәрменді және ашық интеграцияланған тікелей қызметтерді қамтамасыз етеді.
Трансформацияның нәтижелері әр тараптың не алатындығы тұрғысынан түсінікті және қысқа болуы керек:

Азаматтар

Бизнес

Мемлекет

Мемлекеттік органдармен барлық өзара қарым-қатынастар мен диалог ашық және жедел

АТ саласына инвестицияларды 6 есеге 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайту

Операциялық процестер мен АТ шығындарының азаюына байланысты жалпы мемлекеттік шығыстарға арналған шығындар деңгейінің төмендеуі

Әлеуметтік қызметтер проактивті режимде жүзеге асырылады, толық ашықтық

Ат өнімдері мен қызметтері экспортының жалпы көлемін 500 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайту

Цифрлық форматта салалық деректерді жинау арқылы өзекті деректерге негізделген дәлірек және сапалы шешімдер

Өмірлік жағдайлар бойынша мемлекеттік қызметтер өзара іс-қимылдың мобильдік және үйреншікті және ыңғайлы арналары арқылы қолжетімді

Деректер мен цифрлық құралдарға қол жеткізу есебінен инновациялық бизнес модельдерді дамыту

Цифрланған өмірлік жағдайлардың 50%

100 мың жұмыс орны

Білікті АТ кадрлар

Тиімді цифрлық процестерге негізделген мемлекеттік басқарудың оңтайлы құрылымы

Смартфон арқылы онлайн режимінде денсаулық жағдайын бақылау, бағалау және болжау




АТ саласындағы ЖІӨ үлесін 5 %-ға дейін ұлғайту



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет